ЖУСАННЫҢ ИСІ

Айласы асқан түлкіден,

Айырған ойын күлкіден.

Шақырып алды қайтадан,

Жусанның исі мүңкіген.

Қалайша кетті елінен,

Табиғат тұнған жерінен.

Алтынды іздеп алыстан,

Байлыққа батпақ кеңінен.

Бәлендей жерде пайда бар,

Сол жерден ақша табылар.

Барғанда іздеп мыс та жоқ,

Адасқан жандар қамығар.

Соғысқа сойқан қатысты,

Білмейді кіммен атысты.

Қуаңды өлке шаң басқан,

Айырмай шығыс батысты.

Жарымен байы қоштасты,

Арманды асыл тот басты.

Әкесіз бала шырылдап,

Оқиға ұзақ жалғасты.

Белгісіз ағым жетелеп,

Байлыққа батып кетем деп.

Ақшасы тұр ғой бас қайғы,

Еліме қалай жетем деп.

Дәмі ме әлде өзіме,

Ерді ме біреу сөзіне.

Сұм соғыс талай ой салды,

Елестеп елі көзіне.

Қамықты қатты жылады,

Басынан сыйпар кім әлі.

Азғырған сөзге берілген,

Бәріне өзі кінәлі.

Аңғалдың жолы ауырды,

Езілтіп өкпе-бауырды.

Жүрегі сыздап сағынар,

Туған жер, аға бауырды.

Отаны ұмытпас ұрпағын,

Ағаштың мәуе бұтағын.

Кешірді кінә қатесін,

Түсінді теріс бұл ағым.

Жасалды жоспар ғажап-тым,

Құтылдың, одан азатсың.

Ұрпағың енді үйренер,

Мәңгілік тілін Қазақтың.

Тартқанда ұқпас кесірін,

Жасады халқы кешірім.

Жылатпай жүрген ел едік,

Жетімі менен жесірін.

Білмепті оны бұрынды,

Пәлеге сондай ұрынды.

Жусанның исі бұрқырап,

Барады жарып мұрынды.

Жусанның исі екі рет,

Сезінді мұны қиыр шет.

Оралды қайта еліне,

Қуанды туыс керемет.

Қалғаны тағы келер деп,

Тілегін Алла берер деп.

Ауқымды жоспар жасалды,

Кейінгі бұған ерер деп.

Оралар олар таласа,

Ойланар мүлдем жаңаша.

Туған жер алтын бесігің,

Жусанның исі тамаша.

Тілін ал үлкен ағаның,

Жасама ісін баланың.

Мәңгілік Қазақ еліңде,

Жусанын иіске даланың.

Әдебиет БАЙДОЛДАҰЛЫ.

Новомарковка ауылы.