АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жайма-шуақ мамырдың Жеңіс мейрамы қарсаңында ауданымыздың елді мекендерінде патриоттық мәндегі спорттық, мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды. Өлеңті орта мектебінің түлектері, арнайы естелік турнирі өткізілген танымал бапкерлердің бұрынғы шәкірттері, елді мекеннің аумағына спорт алаңын жабдықтап беруді жөн көрді. Ауылдық округтің әкімі Алмагүл Мұстафина мен өңір жастары игі бастаманы құптады. Келешекте балаларға лайықталған тағы бір алаңды іске қосатын ниет баршылық. Көріктендіруге бөлінген қаржы аталмыш мақсатқа жұмсалатын болады. Құнды бастаманы жалғастырушылар өзге елді мекендерде де табылып жатса – бағымыздың жанғаны.

Раушан БАРЖАҚСЫ.

Сурет Өлеңті орта мектебінің архивінен алынды.