АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНАН

Өткен аптада аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Қалиевтың төрағалығымен алтыншы сайланымдағы аудандық мәслихаттың ХХХХ сессиясы шақырылды.

Оған аудан әкімі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері, аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, дербес бөлім, мемлекеттік мекеме бастықтары, үкіметтік емес ұйым, баспасөз өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға келесідей мәселелер ұсынылды: «Аудандық бюджеттің 2018 жыл ішіндегі орындалымы бойынша жылдық есепті бекіту туралы», «Ерейментау қаласының, Еркіншілік, Тайбай, Торғай ауылдық округтері бюджетінің 2018 жыл ішіндегі атқарылымы бойынша жылдық есепті бекіту туралы», «Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылдың 26 желтоқсанындағы «Ерейментау ауданында төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға арналған комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Ерейментау ауданының 2016 жылдың 17 ақпанындағы «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы құқық тәртібі және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған комиссияның дербес құрамын бекіту туралы». Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Әубәкіров ақпар ұсынды.

2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына «Ерейментау ауданы әкімінің жүктелген міндеттер мен тапсырманың орындалымы туралы есебі» мәселесі енгізіледі.

№3 Станционный сайлау округінің депутаты Ерқанат Имашев кезекті сессияның төрағасы болып сайланды.

Күн тәртібінің, Депутат сағатында алдын-ала тыңдалған, барлық мәселелері бойынша ұсыныс-ескертуі ескерілген сәйкес негіздегі шешімі қабалданды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.