«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА – КЕЛЕШЕГІҢДІ ОЙЛА!»

Ерейментау ауданы – жыл он екі ай көркімен көз тартатын, орман-тоғай, өзен-көл, тау-қырат көмкерген өңір. Аймағымызда табиғаты әсем жер аз емес. «Бұйратау» ұлттық табиғи паркімізді айрықша даралай аламыз.

Бұл төңіректе жалпы саны 55-тен астам сүтқоректі жануар мекендейді. 227 құстың түрі, 508 түрлі өсімдік баршылық. Тау арқары, 8 өсімдік Қызыл кітапта тіркеулі. Ауданымызда табиғатымызды бастапқы қалыпта сақтауға арналған ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқушылар мектеп пен қала аумағы тазартылатын экологиялық сенбілікке үн қосады, күннің суығында құсты қоректендіреді, құс ұясын жасап береді, жасыл желекті күтеді, экологиялық қабырға газетін шығарады, ағаш егуге, «Парк шеруі» табиғат қорғау акциясына, түрлі конкурсқа үн қосады.

Өткен аптада Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің төңірегінде жылдағы дәстүрлі «Парк шеруі-2019» акциясының жабылуына арналған шара ұйымдастырылды. Оған аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары, қала жастары жиылды.

Салтанатты шараны құттықтау лебізімен ашқан аудан әкімі Абай Әлжанов акцияға үн қосқан, табиғат тағдырына жанашырлық байқататын жандардың бәріне алғыс айтты.

Жасыл кеудеше киген №4 орта мектептің балалары «Алға Қазақстан» әнінің сүйемелдеуімен тартымды да көңілді, экологиялық флешмоб өткізді.

Өңіріміздің барлық ұл-қызы сегіз қырлы, бір сырлы. «Лидер» балалар би ансамблі көктем биімен, Балалар музыка мектебінің қобызшылар ансамблі, «Жастар» би тобы «Асатаяқ» биімен, мәдениет үйінің өнерпаздары сазды сәлемімен бәріміздің көңілімізді көтерді.

Шаршы топта балалармен өткізілген «Егер мен орманға келсем» ойынында бәріне дұрыс жауабы іздестірілген сұрақ қойылды.

Қорытынды шығарылымы, Экологиялық акция белсенділеріне Мақтау қағазы, Алғыс хат тапсырылған сәт көңілден шықты. Бұл жағымды рәсімді «Бұйратау» МҰТП Ерейментау аудандық филиалының директоры Талғат Сағындық жүргізді.

БШҮ директоры Наталья Курникова, «Жастар» би ансамблінің жетекшісі Дана Төреханова, «Ақбұлақ» қобызшылар ансамблінің жетекшісі Меруерт Әбілдинова, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Куркина, мәдениет үйінің директоры Сапар Барлыбаев көпшіліктің қошеметімен марапатқа ілікті.

Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебінің оқушылары «Өлкеміздің қанаттылары» сурет конкурсында жеңімпаз атанды. Олар: 1 орын – Мейрам Жанел (1 сынып). 2 орын – Дүйсенов Әлібек (5 сынып). 3 орын – Адэля Жанелова (4 сынып).

Дильназ Салықова, Шолпан Айтбаева, Айзере Қабдырәшит, Мансұр Көкенов, Олжас Жеңгісбаев, Досхан Екібасов Грамотаны иеленді. 5 сынып оқушысы Саян Жолдыбаев «От – орманның жауы» суретшілер конкурсында бірінші орын алды.

Құс ұясын жасаушылар конкурсының жүлдегерлері: 1 орын – Ералы Әміржанов (5 сынып), 2 орын – Олжас Жеңгісбаев (5 сынып), 3 орын – Қайратұлы Ерасыл (6 сынып). «Өлкеміздің қанатты құстары» көркемсурет конкурсының жеңімпаздары: 1 орын Хамитова Мерей, 4 «А» сыныбы. 2 орын Талғатқызы Әдия, 3 «А» сыныбы, Талғатұлы Әмір, 4 «А» сыныбы. 3 орын Абылайхан Инабат, 3 «А» сыныбы.

«Өз қолыңмен бұйым жаса» конкурсы. 1 орын Бабатаев Арыстан, 4 «А»сыныбы, 3 орын Амангелді Әліби 2 «А»сыныбы, 2 орын Мұратбекова Томирис.

«Құс ұясын жасаушылар конкурсы. 2 орын Қойшыбаев Ілияс, 4 «А» сыныбы, Хамитов Ерасыл, 1 «А» сыныбы, 3 орын Тоқтархан Жұмабек, 7 «А» сыныбы.

№1 негізгі мектеп. «Өлкеміздің қанатты құстары» көркемсурет конкурсы. 1 орын Мәжитов Қолғанат, 4 «А» сыныбы, 2 орын Базарбай Әсел, 4 «А» сыныбы, 3 орын Нарынбаев Арман, 4 «А» сыныбы, Гурьба Вадим, 5 «Б»сыныбы.

4 «А» сыныбынан Ілияс Сайлауовқа, 8 «А» сыныбынан Жандос Тілеубердиновқа Грамота табыс етілді.

Жемастау жасаған шеберлер 5 «Б» сыныбынын оқушылары Владимир Чистяков, Николай Шульгач 1-2 орын алды. Құс ұясын жасаған шеберлер конкурсында 9 «Б» сыныбынан Александар Чайковский үшінші орын, Сергей Барченко Грамота алды.

Өлеңті орта мектебі. «Өлкеміздің қанатты құстары» конкурсынан 4 «А» сынып оқушылары Ерланбекқызы Қарақат бірінші, Айқын Ардақ екінші, Жанатқызы Кәусар үшінші орынды иеленді.

«Балалар шығармашылық үйі» МКҚК. Сахапова Василинаға «Өлкеміздің қанатты құстары» көркемсурет конкурсына белсене қатысқаны, Сабина Бекболатова «Өз қолыңмен бұйым жаса» конкурсынды бірінші орын алғаны үшін Грамота, «Шебер қолдар» үйірмесінің шәкірттеріне «Бұл әлем қандай сұлу» ұжымдық панно еңбегі үшін 1 орын берілді.

«Парк шеруі-2019» экологиялық акциясының пердесі республикалық конкурстың лауреаты Махаббат Арқабаева орындаған тартымды «Любовь» әуенімен тәмамдалды.

Людмила МАРКОВА. Суретті түсірген автор.