ҚАРАТАЛ, КҮНШАЛҒАН: ТАРИХ БАСТАМАСЫ

Көзге ыстық кең даласы, ақ қайың,

Мөлдір сулы өзен, бұлақ-бастауың.

Ардагерім, өткен кезең – естелік,

Игі еңбек Алтын күнмен нұрланған

Санамызда жаңғырады сәт сайын.

Бұл жолы өзімнің Қаратал ауылым жайында әңгімелегім келеді. Аудан орталығынан алыс қоныстанған елді мекеннің Ерейментауға дейінгі арақашықтығы – 120 шақырым. Елордамызға дейін – 190 шақырым. Ең жақын Еркіншілік темір жол стансасы 68 шақырымда орналасқан. Қаратал аудан орталығымен, Аршалымен, Астанамен, әрбіреуінің қашықтығы 12 шақырымдық Күншалған, Белоярка, Тельман ауылдарымен автокөлік жолы арқылы қатынасады Елді мекен жазда көркімен көз тартады. Үлкенді-кішілі шоқы-қыраты, тал-шыбықпен көмкерілген өзені, қарақаты мен итмұрыны, қайың-терек тоғайы, мол өсетін саңырауқұлағы мен бүлдіргені баршаны жан рахатына бөлейді. Өзенде балықтың түр-түрі көп кездеседі. Түгін тартса майы шығатын құнарлы жері егіншілікке өте қолайлы.

1 тарау. Жаңа қоныс иелері, ұжымшар өмірі

Украинадан, Белоруссиядан, Орталық Ресейден қоныс ауыстырушылардың бұл аумаққа табан тіреген тарихы өткен кезеңнің 18 ғасырының соңы мен 19 ғасырының басымен тұспа-тұс келеді. Оларға бастапқыда жылы орнын суыту жеңіл тиген жоқ. 1908 жылы ауылға 30 отбасы тұрақтаған. Сонымен Моисей Ключканың, Иван Деревянченконың, Иосиф Бабичтің, Шпаковтың, Грабиннің, Иван Шендриктің алғашқы жер үйі бой көтерді. Олар жағалауы талмен мол көмкерілген өзеннің маңайын таңдады. Елді мекеннің Қаратал атауы да жаңағы жасыл желегімен орайластырылса керек. Жақын маңайда Сәрсенбаевтардың, Абрай Төлеубаевтың тағы басқалардың отбасы орналасқан қазақ ауылы да болыпты. Ауылдастар ашаршылық пен құрғақшылық нәубетін, қазан төңкерісі оқиғаларын, кеңес өкіметінің билік құрған кезеңін бастан өткерген. Михаил Шевелев, Павел Снаговский, Сикало Никита, Карпенко Аврам, Земляной Петр алғашқы партия мүшелері болған. Михаил Шевелев ұйым хатшылығына сайланған.

Ауылға ақ гвардияшылар шабуылдаған оқиға, жергілікті кулак Иван Шпактың опасыздығының кесірінен қос белсенді М.Шевелев пен Колотовтың ату жазасына кесілгені – тарихтың тағы бір ақтаңдағы. Колотов сәті түсіп қашып құтылған, ал екіншісін қылышпен түйреп, көзін жойған. Бертін соңғысының жазаланған орнына ескерткіш орнатылыпты.

Афанасий Шендрик ауылдық кеңестің алғашқы төрағасы болды. Бұған дейін Қызыл армия қатарында Колчак пен Дутовтың бандыларына қарсы айқасты. Ауылдың алғашқы мұғалімі қызметіндегі Григорий Шверняк ұйымдастырылған «Новая звезда» колхозы төрағасының сауатын ашты. Колхозда 5 сиыр, 14 жылқы күтілді, егістік жері небары 45 десятинаға жетті. Алқап атқа жегілген бір тісті соқамен өңделді. Алғашқы жылы әр десятинадан 40 пұттан өнім жиылды. 1931 жылдың күзінде колхозға кіруге ниет білдіргендерден 65 өтініш түсті. 1932 жылы соңғы өкіл Андрей Лесной колхозға қабылданды. Бұл сәтте егістік алаңы 900 гектарға дейін кеңейтілді. Гектар өнімділігі 10 центнерге дейін молайды. 1934 жылы колхозшыларға еңбеккүнге 18 келіден астық үлестірілді. 1933 жылы «Ортақшыл» ауыл шаруашылығы артелі ұйымдастырылды. Бектас Мұқанов төрағалық еткен шаруашылықта күш көлігі жетіспей жатты, себетін тұқым да табылмады. Колхозшылар басшыға еңбек құралымен, тұқымдық астықпен, тіпті азық-түлікпен де жәрдемдесті. .

«Новая Звезда» колхозында есепшілік қызмет атқарған, бұған дейін, 1929 жылы кедей шаруа комитетінің төрағалығына сайланған Прохор Петрович Капаций қызықты мәліметімен бөлісті. Мемлекет бастапқы бетте комитетке шамалап тұқым бөлген, нәтижесінде 32 гектарға егін себілген. Өнген өнім аса мұқтаж отбасыларға көмекке жұмсалған. Григорий Анисимович Шверняк кедейшілік комитетінің қаражатына салынған бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. Ол кісі күндіз балаларды, кешкілікте ересектерді оқытқан. Парта мен құйма кірпіш ақысын астықпен өтеген. Партаны Белояровка ауылының тұрғыны Мартын Лоза жасап берген. Сауатсыздықты жою науқаны қолға алынған, бұл мақсатқа Нововладимировкадан мұғалім жіберілген. Василий Тимофеевич Крайнев бертін курсқа жетекшілік еткен. Ер азаматтар оқуға ықылас танытқан, әйелдерді көндіру қиынға соғыпты. Екатерина Горбик: «Мен оқып үйренгенім үшін алғысым шексіз. Енді газетке зер сала аламын, буындап болса да, хаттағы жазуды оқимын, ол кезде біз, келіншектер, оқуға ықылас қоймадық», дейді. 1936 жылы жетіжылдық мектеп жұмыс істей бастады.

1934 жылы Афанасий Шендрик аудандық жер бөліміне мал шаруашылығы саласына жұмысқа ауыстырылды, бұл міндетті 1938 жылға дейін атқарды. 1939-1947 жылдары қайтадан біздің колхоздың төрағасы лауазымын иеленді. Колхозға алғашқы трактор келген күн қуанышты оқиға болды, көлік тізгінін Михаил Головко иеленді. Ауыл зиратының артқы жағынан алғашқы түрен салынды. Никита, Андрей, Сергей Головко келесі жылы алғаш рет комбайн алып келді. 1938 жылы колхоз бірінші машина алды, алғашқы жүргізушісі – Иванов есімді азамат.

Айнала таумен көмкерілген ойпатты өңірде балшықтан бой көтерген 88 үйлі шағын ауыл қоныстанды. Колхозшылар абыроймен екпінді еңбек етті, ауданда алғы шептен көрінді.

2 тарау. Ұлы отан соғысы

Ұлы Отан соғысы басталды. Жерлестеріміз бірінен соң бірі майданға аттанып жатты. Жауынгер отбасы әрбір күні қобалжумен хабар күтті. Хат тасушы қарт Данил Шевелев сол бір ауыр күндерде конверттегі бейтаныс қолтаңбаны жиі ажырататын. Хатты иесіне табыс еткенде де, қаралы хабар жіберілгенін жүрек құрғыр анық сезетін. Дегенмен боздақ қазасы әке мен шешенің, жесір мен жетімнің жігерін еш жасыта алмады. Қол еңбегі әсіресе әйел қауымына жеңіл тиген жоқ. Олар балаларымен бірге бүкіл тауқыметті өз мойнына алды. Өгіз, сиыр жегілген соқамен жер жыртты. Бір соқаға 0,75 гектар, екі қатарлысына 1,5 гектар жер өңдеуге норма белгіленді. Жұмыс күні-түні жүрді. Балалар атқосшы болды. 1941 жылы мемлекетке астық тапсырылымы, әскери жоспар асыра орындалды. Колхозшыларға еңбеккүнге 6 келіден астық таратылды. Афанасий Шендрик ұзақ жыл шаруашылықты басқарды. Әйелдер, тыл еңбеккерлері ол кісінің жетекшілігімен жұмыс жүргізді. Түрлі кәсіп иелері: комбайншы, балабақша тәрбиешісі, сауыншы, құрылысшы, бухгалтер, өндіріс жұмыскері А.К.Гончаренко, К.Д. Мележик, М.И.Радченко, Е.И.Воробьева, Т.В.Калашникова Н.С.Веселова, Е.М. Скрипник т.т. өз міндетіне жауапкершіліктің үлгісін танытты. Колхоздың төрағасы А.Шендрик жайында бөлек әңгімелегіміз келеді. Қол жеткізген табысы үшін ол кісі талай мәрте Қызыл кітапқа енгізілді, Мәскеуге Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесіне жіберілді. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Афанасий Шендрик қиын сәтте майдан қорына 150 пұт бидай жөнелтті. Өзінің, зайыбының, сегіз баласының еңбеккүнінен жиналған, сақтық кітапшасына түсірілген 30 мың рублін соңғы тиынына дейін санап, Үкіметке өткізді. Бертін ол кісі партиядан шығарылды, сотқа тартылды. Дегенмен сотта ақталып шықты. Өйткені қылмысына лайықты бап табылмады. «Ауыл шаруашылығы артелінің сталиндік жарғысын бұзғаны үшін» партиядан да шығарар еді, олай болмады. Бірден шығара қоймады. Әуелі сөгіс, іле ескерту жариялады, тек осыдан кейін бір апта өткенде қатардан аластатты. Алғашқы сөгісін егіс мерзімі бұзылғаны үшін алды. Тиісті мерзімі жоғарыдан уақтылы, бескүндік бойынша бекітіліп берілсе де, ол кісі: «Жер кеппей тұқым себілмейді, астықты өз қолыммен шірітер жайым жоқ», деп өз айтқанынан қайтпады.      Жер сәл-пәл кепкенде егін де себілді, өнімді де мол берді. Бұл сөгістен кейінгі жағдай еді. Афанасий Шендрик, бұл дақыл жоспарда болмаса да, қарақұмықты да рұқсатсыз себуді ойластырды. Бюрода соңғы сөз берілгенде: «Аудандық комитет хатшысының нұсқауын орындамадым, оны мойындаймын. Жоспарда қарастырылмаған дақылды сепкенімді мойындаймын. Сонда да өнім мол жиылды ғой. Адамдар тұқымды қайта себуге мәжбүр болды. Қаншама бағалы астықты ысырапқа ұрындыры, мен олай жасамадым. «Новая звезданың» колхозшылары еңбеккүнді молырақ алады. Бізге осы жұлдыз жаңа ғана сәуле шашқанда –осыдан тұп-тура 18 жыл бұрын, мен колхоздың төрағасы болғанда, бізде 5 сиыр, 14 жылқы күтілді. Ал қазір тек ірі қараның өзі екі мыңға жуықтап отыр!», – депті. Афанасийді партиядан шығарды да, кейін қайтадан қабылдады.

Нәзік жандылардың көбі «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олар: Александра Гончаренко, Елизавета Шендрик, Екатерина Горбик, Екатерина Лесная, Варвара Позднякова, Матрена Котляренко, Полина Шедрик, Андрей Соболь, Иван Радченко, Иван Невкрытый, Анна Карых, Андрей Завгородний және басқалары.

Қазіргі заман жастары ұрпағының бақытты бейбіт өмірі үшін, фашизммен күресте жан қиған жерлестер есімін мәңгі жадында сақтайды. Соғысқа алынған 115 жерлестің 64-і туған елге оралмады. Олар мәңгі санадан өшпейді! Вишнивенко Тимофей и Яков Гончаренко Ленинград шайқасында ерлікпен қаза тапты. Алты ағайынды Головколар, Юнаковтар әулетінен әкесі мен екі ұлы майдан шебінде көз жұмды. Комсомолдар Николай Кулешов, Федот Капаций, Пантелей Радченко қайсарлықпен көз жұмды. Соғысқа бастан-аяқ қатысқан, дұшпан ордасын талқандаған көзі тірілердің ерлігі де мақтанышқа әбден лайық. Жерлестерімізің омырауын көмкерген орден-медальдары ортамыздың көркі еді. Қатардағы жауынгер Иван Евстафьевич Радченко Ржевтен Бреславаға, Красюк Мәскеуден Кенингсбергке, Иван Романович Невкрытый Волгадан Кировоградқа дейінгі жолды өткерді. В.Панфилов атындағы әйгілі Гвардиялық дивизия офицері А.Г. Гетман Мәскеу үшін шайқасты. Майдан жорығын толық өткерген сержант И.Е.Радченконың батылдығы мен ержүректігін партия мен үкімет жоғары бағалады. Ол «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «За боевые заслуги», «За Победу над Германией», «За доблестный труд в 1941-1945 гг.» медалімен марапатталды. Тағы үкіметтік 16 марапаты баршылық.

Иван Шендрик Қазақстанның төл тумасы, ел мен жер қадірін бала жасынан сезініп өсті. 17 жасында алғы шепке аттанды. Мишурин Рог деревнясындағы алғашқы айқаста «За отвагу» медаліне ұсынылды. Ол нысанашы болды. Жау танкісіне оғын дәл бағыттады. Орудие командирі болған кезінде «Даңқ» орденімен марапатталды. Кировоградай қасында танкті жойғаны үшін марапатты иеленді. Иван Шендрик өзінің әскерлерімен Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия, Австрия, Чехословакия арқылы өтті. Соңғы снарядын жауға қарсы 1945 жылдың 9 мамырында бағыттады. Бұл уақытта жауынгер 20 жаста екен. Жеңіс мейрамын тойлағаннан кейін Қытай мен Кореяны азат етуге аттанды. Өз дивизионымен Үлкен Хитан асуынан, бүкіл Манчжуриядан өтті. Жапонияның тізе бүккені жайындағы хабарды Лиодун аралында естіді.

3 тарау. Соғыстан кейінгі өмір. Тың игерілімі.

Соғыстан кейінгі уақыт, 1947-1950 жылдары Трофим Петрович Капаций колхоз төрағасы қызметін атқарған кезең ауыл тарихының айрықша парағының бірі. Егістік алаңы 3500 гектарға дейін кеңейтілді. Бұл уақытта қолда 3 ХТЗ, 1 Универсал маркалы трактор болды. 1948 жылы 2 «Сталинец» комбайны, Афанасий Шевелев жүргізген жүк машинасы алдырылды. Бертін Григорий Чухнов (Благодаттан), Гавриил Лободрыга, Иван Тумаков, Иван Лесной колхозға төрағалық етті. В 1950 году «Новая звезда» мен Бозтал колхозы С.М.Киров атындағы колхозға біріктірілді. Ауыл тұрғындары ақша жинады да, С.М.Кировтың ескерткішіне тапсырыс берді. Оны ауыл клубы ғимаратының алдына орнатты. Клуб уақыт өте келе құлап қалды. 40 жыл еңбек еткен мектеп директоры Екатерина Яциктің (Шендриктің) өтінішімен оны мектептің алдына ауыстырлы. Уақыт көші алға жылжи береді. Халықтың саны өсті. Жаңадан үй салынды. Іле-шала «Берқары» мен «Жаңатұрмыс» бізге қосылды.

1954 жылдың көктемі. СОКП Орталық Комитетінің ақпан-наурыз пленумы «Елде астық өндірісін әрмен қарай молайту, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Түрлі републикалардан мыңдаған патриоттар партияның үндеуіне үн қосты. Еңбек ардагері Евдокия Максимовна Скрипник өз естелігінде былай дейді: «Алғашқы тыңгерлер бізге 1954 жылдың сәуірінде келді, олар 15 адам болатын Біз бәрін қарсы алдық, дәм-тұзымызды ұсындық. Пәтерлерге бөліп орналастырдық. Бұл күні митинг өткіздік, келгендерді баспанаға шақырдық. Ұзақ уақыт айналада әуезді ән әуеледі. Анатолий Кабаченконың басшылығымен комсомол бригадасы құрылды. Вера Лиманская есепші болды. Бригада «Ақжар» учаскесінде (қазір ол үшінші бригаданың алқабы) еңбек етті. Еркіншілік МТС-ы тыңгерлерге соқасымен ДТ-54 маркалы жаңа 10 трактор, вагон берді. Ұжым көктемде жұмысқа кірісті. Алғашқы жылдың өзінде жалпы екі мың гектардан астам жер өңделді. Нейгум, Вейгум, Федоренко бастаған жергілікті механизаторлар бригадасы да іске кірісті.

4 тарау. «Ленинский» кеңшары. Тың және тыңайған жердің игерілгеніне 30 жыл. Қорытындысы.

1957 жылдың 11 ақпанында колхоз негізінде «Ланинский» совхозы құрылды. 1400 бас ірі қара, 7600 қой, 530 жылқы, 290 шошқа шаруашылықтың иелігіне өтті. Колхоз тың игерілгенге дейін жалпы 2000 тонна астық, 500 центнер сүт, 100 тонна ет, 166 центнер жүн тапсырып отырды. Совхоз 1957 жылдың өзінде мемлекетке 8000 тонна астық, 80 тонна сүт, 136 тонна ет, 20 тонна жүн өткізіпті. 1958 жылы егіннің әр гектарынан орта есеппен жоспарлы 10 центнер орнына 14 центнер астық жинады, жоспарды асыра орындады. Василий Тимофеевич Крайнев ол уақытта директор болды. Кейін ол кісіні «Өлеңті» совхозына директорлыққа ауыстырды. Бұл сәтте Иван Федорович Рошанский директор қызметін атқарды. «Ленинский» совхозының орталық қонысы құрылысты 1963 жылы бастады. Алғашқы ғимараттар – кеңсе, асхана, машина-трактор шеберханасы, монша-кір жуу комбинаты. Қаратал №2 бөлімшеге айналдырылды. Бүкіл қызмет орны орталық қонысқа ауыстырылды, бәріне жаңа пәтер берілді. 1964 жылдың желтоқсанында Иллиадор Михайлович Поморцев совхозымыздың директоры лауазымына тағайындалды. Кешегі шағын ғана «С.Киров атындағы колхоз» мемлекетке астық, ет, сүт, жүн өткізетін, керегесі, уығы мықты, шаңырағы бекіген ірі шаруашылыққа айналып шыға келді. 1965 жылдың сәуірінде көптеген еңбеккерлер марапатқа ұсынылды. А.К.Завгородний, А.К. Моркель, В.А. Позднякова, С.П.Шалев, О.И.Шалева, О.Е.Моркель, В.П.Шендрик, А.Л.Лесной, Е.Т.Яцик, И.Г.Криворучко және басқалары «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалін иеленді.

Егін орағының қорытындысы бойынша совхоздың көптеген еңбеккерлеріне естелік сыйлық ұсынылды. 1969 жылы 25 төсек-орындық аурухана салынды. Кеңсе, астық қырманы, пошта, ауылдық кеңес, жаңа әмбебап дүкен игілікке берілді. Ауыл халқының саны өсті, жаңа мектеп қажет болды. 1980 жылы 464 орындық үш қабатты мектеп іске қосылды. Ал ескі мектеп интернатқа айналдырылды. Елді мекен көріктендіріле бастады. Кеңсе маңынан саябақ жабдықталды. Бүкіл көшеге терек егілді. Спорт кешені қоршалды. Мереке күндері бұл жерде көпшілік ойын-сауық, жәрмеңке, өзге шаралар ұйымдастырылды. 1982 жылы совхоздың орталық қонысында Ұлы отан соғысында қаза тапқан қаһармандарға ескерткіш орнатылды. Совхоз әкімшілігі сол жылдың күзінде жыл қорытындысында «Үздік шофер», «Үздік сауыншы», «Үздік комбайншы», «Үздік механизатор» аталымы бойынша сала еңбеккерлерінің үлкен тобына Алғыс хат ұсынды. П.А.Пинегин, А.Л.Лесной, Е.И.Лесной, В.А.Лесной, В.С.Баева, А.Г.Земляной, Г.И.Горбик, А.А.Недозимованный, П.П.Кофанов, В.Н.Романюк және көптеген басқалары құрметке бөленді. 1953 жыл мен 1983 жылдың көрсеткіш айырмашылығы жер мен көктей. Ірі қара 3300, қой 13200 басқа көбейді. Мемлекетке 174 тонна сүт, 244 тонна ет, 443 тонна жүн тапсырылды. Еңбекшілер 30 жылдың ішінде өлшеусіз еңбек сіңірді. Тың десек, әуелгі кезекте адамдар еске түседі. Тың мінез сөз тіркесі қанатты қағидаға айналғалы қашан. Қажырлы, мықты, қайсар ұғымы жастық, еңбексүйгіштік, ар-намыс түсінігімен ұштасады. В.И.Котелевская, П.П. Шворников, Н.С.Пинегина, Г.Е. А.А. Недозимованныйлар, А.А.Меньшаков, ерлі-зайыпты Лутай, Н.Ф.Тарасенко, Е.М.Фукалова, Е.Хурда, Р.Прокопеня, Н.Кофанов, О.И.Шалева және басқалары комсомолдық жолдамамен, жүрек қалауымен біздің өңірге келді. Олардың көбі қазір де осында түпкілікті қоныстанған.

Адамдар тың көтерді, тың адамдардың мәртебесін еселеді. Біз бүгінгі күні көпшіліктің ілтипатын иеленген, қарапайым еңбегімен ел іргесін бекіткен жерлестерімізді құрметпен атайтын боламыз. Олар: А.К.Завгородний, И.Г.Лесной, В.А.Позднякова, П.С.Сергиенко, О.Е.Моркель, С.П.Шалев, П.П.Васильченко тағы көптеген басқалары.

Ауылымыз адам танымастай болып өзгерді. Жаңадан әлеуметтік ғимарат бой көтерді. Халық заманауи тұрмыстық техникаға қол жеткізді.

1984 жылы совхоз еңбеккерлеріне ауқымды міндет жүктелді. Мемлекетке 15000 тонна астық өткізуге, 3700 бас ірі қара, 390 жылқы асырауға, әр жүз аналықтан 80 бұзау, 85 қозы, 75 жылқы өргізуге, 350 тонна ет, 15 тонна сүт, 58 тонна жүн дайындауға тапсырма берілді.

1984 жылдың наурызында тың игерілгеніне 30 жыл толды. Барлық тыңгерлер Ленинский орта мектебінде өткен «Көгілдір от» кездесуіне шақырылды. Меймандардың бәрі өздерін елеп-ескергендеріне ризалық білдірді. Бірге түскен фотосурет сақталып қалды. Иллиадор Михайлович Поморцев директорлық қызметін жалғастырып жатты, осы лауазымын 22 жыл абыроймен атқарды. 1991 жылға дейін, зейнеттік жасқа толғанша Күншалған ауылдық округінің төрағасы болды. Бұл кезеңде егістік алаңының аумағы 19655 гектарға жетті. Алғашқы тыңгерлер, 20-дан астам адам, совхоздың құрылысына көп еңбек сіңірді. Адалниетті еңбегі, өз міндетіне жауапкершілік көзқарасы үшін көбі «Еңбек ардагері» медалін иеленді.

Совхозда екі егіс бригадасы құрылды. Оларды кезінде А.А.Меньшаков пен Г.И.Невкрытый басқарды. Екі ұжым да астық молшылығы үшін грамотаны, Алғыс хатты, Дипломды, бағалы сыйлықты иеленді. А.К.Моркель, И.Ю. Нейман, В.П.Шендрик, С.П.Сергиенко, М.Е.Горбик, С.Таболич, В.А.Моркель, А.А.Лесной әр жылдары бригада басқарды. Поморцевтан кейін Н.Г.Цыганюк, Н.Н. Рязанцев, А.О.Елешев, Т.Ә.Әбдин, С.Ә.Оразалимов совхоз директоры болды.

Совхоз бертін «Ақдін» бірлестігіне айналдырылды да, ізінше «Қалқаман Агро» корпорациясының қарамағына өтті. Директорлық қызметке сонымен корпорацияның өкілдері жіберіліп жатты.

Ауыл бүгінде өз тірлігін қамдауда. Бәлкім, ауыл тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы даму кезеңін басқа біреулер сипаттап берер. Енді олардың кейіпкері де, мәліметі де, межелі бағыты да басқа болады.

P.S. Біз өз ауылының тарихы мен адамдардың есімін еске сақтаған, қайта жаңғыртқан Екатерина Тимофеевна Шендрикке алғыс айтамыз. Ол кісінің жинаған материалдарын бізге жіберген – округ әкімдігінің бас маманы Т.Т.Жасарова.