СӘТ САПАР, ТҮЛЕКТЕР!

Кезекті оқу жылы өз мәресіне жетті. Фейсбук парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, бүкіл аудан мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау күмбірледі. Әрбір мектепке уәкіл ретінде алдын- ала арнайы бекітілген, аудан әкімі Абай Әлжанов бастаған бзлім жетекшілері мен мамандары білім ордаларының ұстаздарын, шәкірттерін, ата-аналарды құттықтады.

Бұл күн әсіресе 11 сынып үшін мәңгі есте қалатын, балалық кезеңмен қоштасатын, дербес өмірге қадам басатын, мамандық таңдайтын ерекше сәт.

9 сынып бітіретін ұл-қыздардың да өзіндік арман – мақсаты, жүрек қалауы баршылық. Бірі алыс қалаларға колледжге аттанады, енді келесі оқу жылын кәсіәп таңдау ниетімен жергілікті №8 АТК-ге құжатын өткізеді.

Бастауыш және орта буынның балалары үш айлық жазғы каникулын демалыс лагерінде, ойын алаңында, қала мен ауылда, ата-әжесінің жанында қызықпен өткеретін болады.

Үлкендердің жүрекжарды жылы лебізі, мерекелік концерт, періште топ – бастауыш буынның бал тілді тілегі бір арнаға сәтімен тоғысып жатты.

Міне 45 минөттік сабаққа асықтырған, оқушыны сабақаралық үзіліске шақырған Қоңырау үні құлаққа келді. Оның даусы да бұрынғыдан өзгеше, күндегіден өте әсерлі.

Түлектер, сәт сапар, келер күн бақ ашар. Емтихан жеңіл боп, Ақ жарқын жол ашар, дегіміз келеді.