ТҰЖЫРЫМДЫ, ӨЗЕКТІ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Өткен аптаның соңында түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы қорытынды есепті кездесуі өтті.
Аудан әкімі Виктор Радченко мен аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов кесте бойынша аптаның соңғы жұмыс күні Күншалған, Олжабай батыр ауылдық округіне есепті кездесуге келді.
Айта кететін жайт, Еркіншілік-Күншалған бағытындағы, облыстық мәндегі жол жөнделімі басталған. Алыс мекенге барар жолда тиісті еңбек құралдарымен шөп шауып жүрген еңбек адамдарын байқадық. Меншікті аулаға қоса шаруа иелерінің маясы да біртіндеп мал азығымен толығуда.
Округ әкімі Айланыш Тілекберді жартыжылдықтың ішінде атқарылған жұмыс жайында баяндады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі жоспарлы, айтулы шараларға тоқталды. Өлке арихын зерделеуге директор Ораз Сетаевтың басшылығымен орта мектептің ұжымы сүбелі үлес қосқан. Үрпек батырдың өмірі мен игі ісіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция сәтімен өтті, Жұртшылық бірсыпыра қызықты та танымдық мол мағлұматқа қанықты, естелік белгінің ашылу рәсіміне куәгер болды. Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің қолдауымен айтулы жыраудың шығармашылығына арналған аудандық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Ақмола облысының, Павлодар мен Семейдің сөз зергерлері көпшілікті жыр қайнарынан сусындатты. Мерекелік шараны абыроймен өткеруге тәжірибелік-материалдық көмек көрсеткен демеушілерге ризашылық алғыс лебізін арнады.
Кездесуге жиналған қауым, негізінен әлеуметтік сала қызметкерлері, ауыл әкімінің есебін құптарлық ниетпен қабыл алды. Тазалық, көгалдандыру айлығының нәтижесі де қоса қамтылды. Көшеге шам орнатуға, мал қорымын заңдастыратын құжат әзірлеуге, Ғаламтор желісіне қосылуға арналған алғы күннің міндеттері де жария етілді. Aры қарай оқу

АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Ерейментау ауданының әкімі Виктор Радченко алғашқы жұмыс күні әкімнің орынбасары Абай Әлжановпен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайлау Жылқыбаевпен бірге Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейіне барды, жәдігерлерге назар аударды. Мекеме қызметкері Манап Әдірешевтың әңгімесін тыңдады.

АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ
АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ

Өңір басшысы ғимараттың жалпы ішкі-сыртқы жағдайына, музей қорына көңіл қойды. Қаланың алғашқы үйлерінің біріне тыңғылықты жөндеу қажеттігі жайында пікір білдірді. Келесі жылдың бюджеті жоспарланатын кезеңге дейін құрылыс жұмысы жүргізілетін жобалық-сметалық құжаттама даярлауды ұсынды. Мұражай ауласының көріктендірілу деңгейіне де назар салды, барлық жұмысты бірлікпен, абыроймен жүргізуге тілектестік ниет білдірді.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА
Суретті түсірген автор