БАЛАҒА ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ БЕРЕМІЗ, МЫРЗАЛАР?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған оқиға әлеуметттік желіде көптеген сауал мен дау-дамай туындатты. Біздің тілшіміз бұрынғы Одақтың Бүкілодақтық лениндік жастар ұйымының бұрынғы белсенділерінің, насихатшыларының кездесуіне шақырылды. Жиын сонымен бірге мал шаруашылығы, өнеркәсіп өнімі өндірісінде, темір жолда ауыр салмақты жүк тасымалында жоғары көрсеткішке жеткені үшін «Құрмет Белгісі» орленімен марапатталған аудандық ұйымның 50 жылдық мерейтойына арналды. Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардабын жоюға аттанған, Ауғанстанда, Вьетнамда, өзге социалистік елдерде интернационалдық парызын өтеген, қаруласынан айырылған, өзінің әскери-азаматтық парызын өтеген комсомолдардың есімі құрметпен аталды.
Экономиканың түрлі салаларында, әлеуметтік салада жоспарлы міндеттемесін абыроймен орындаған, асыра өтеген жастар мақтаныш сезімімен ауызға алынды. Олардың бәрі кеңес адамының тұрмыс сапасын жақсартуға, бүкіл игілікке, әлеуметтік кепілдікке жетуге ден қойды. Ұрпақ сабақтастығы қатаң ескерілді. Мемлекет партияның, комсомолдың арқасында, өндірістің ең қиын учаскесін басқарған, түйінді мәселені шешкен нағыз білікті мамандарды өсірді. Жасыратыны жоқ, әлеуетті идеологиялық жүйе ортақ мақсатты көздеді. Ауданымыздың комсомол ұйымының ардагерлері қазіргі заманның жастары мен аға буынның арасында байланыстың жоғалғаны туралы ой өрбітті. Бүгінде туыстары мен қолдаушы көкесінің беделіне, қаражатына арқа сүйейтін ұрпақ өсіп келеді. Олардың арасында нағыз идеялы жан шамалы. Бұл аға буын өкілдерінің ой-пікірі. Aры қарай оқу

ТАҒЫЛЫМЫ ЗОР ШАРА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Ақмола облысының Степногор қаласына қарайтын Бөгенбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде Ақсу өзені ағып жатыр. Дәл осы тұста халқымыздың ардақтысы, аты бар қазаққа мәшһүр Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың мәйіті сақталған биік сөренің тұрғанын ата-бабаларымыз жадынан шығармай айтып келгені белгілі. Сондықтан бұл биікті сол көне дәуірден бері халқымыз зор қошеметпен «Бөгенбай сөресі» деп атап келді.
Батыр бабамыз жазғысалым Ертіске дейін созылған жайлауына көшіп бара жатқанда дүниеден өтіп, сүйегі сол сөреде Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне жеткізілгенше уақытша сақталған.
Бүгінгі батыр атындағы елді мекенге қысқаша тоқталайық:
Кеңестік дәуірде – 1935 жылы Ерейменнің бір етегі болатын – Сілеті өзені бойындағы мидай ашық далаға геология-барлау экспедициясы келіп, көмір қорларын табады. Алдында шахталық әдіспен, кейін ашық карьер жолымен 1937 жылдан бастап көмір өндіру ісі қолға алынады. Сол тұста көпшіліктің ұсынуымен ежелгі жер атауы – жаңадан ашылған кенішке беріліп, халық жадында ауызша сақталып келген ұлы баһадүрдің есімі енді заңды түрде Советтік мемлекеттің барлау картасына түседі. Aры қарай оқу

ҚАРИЯНЫ ҚҰРМЕТТЕ – БАТАСЫ ТИЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Жас – өң талғамас, уақыт та жүрдек. Дегенмен ол адамның өң-жүзінде өз ізін қалдырады. Әйтседе көңіл қартаймайды. Рухани тұрғыжа бәрі де жас, сергек те ширақ көрінеді. Тіпті тау қопаруға да, әуедегі жұлдызды алуға да қауқарлы. Өз дәуірімізді осылай бағалаймыз. Ол – өмір бойы қалыптасқан ақыл-парасат, ештеңемен алмаспайтын ғұмырлық тәжірибе, төселген игі іс!». Бұл қағиданың бәрін аға буын өкілдеріне қарата айтуымызға әбден болады.
Бозтал ауылында 67 зейнеткер тұрады. Олардың көбі мерекелік шақыруды құп алды. Ауыл әкімі Қанат Мұқанов барлығын бүгінгі жүздесу күнімен құттықтады. Денге саулық, отбасына амандық тіледі. Орта мектептің ұстаздары: Айгүл Қыздарбекова, Айгүл Шайхудинова, Ердәулет Байқалған, Аяулым Тасболат, Сету Шерияздан, Игілік Зұлбек мазмұнды мерекелік концерт ұйымдастырды. Қайролла Жәниев пен Көкқанат Жадыра салтанат себепкерлерінің атына жүрекке жетерлік төл арнауын тарту етті. Ауыл шаруашылығына еңбег сіңген ағаларымыз Сейіт Қырықпаевқа, Серік Рақымовқа «Ерейментау ауданына 90 жыл» мерейтойлық медалі ұсынылды.
Аулдың бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Рая Құсайынқызы Қопабаева дәстүр бойынша ыстық ықыласты лебізін арнады. Зейнеткерлер қатарын биыл толықтырған ауылдастарды: Сәбит Шайхудиновты, Өмірбай Махамбетовты, Абай Ережеповты, Зәуреш Қайырбаеваны, Анна Оспанованы, Зұлбек Алмажанды, Күлеш Көшенованы, Хавай Әмірді құрметтеді, сыйлық ұсынды. Биыл мерейлі 65,70,75 жасқа толған жандар да ескерусіз қалған жоқ. Ізінше баршасы мерекелік дәмге шақырылды. Aры қарай оқу

НЕГІЗІМІЗ БӘРІБІР КОМСОМОЛ ҒОЙ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
2018 жылдың 29 қазанында Комсомолдың 100 жылдығы аталып өтеді. Осы оқиғаға орай редакцияға жолығуыма тура келді. Біріншіден, ол әрбір бұрынғы комсомолдың жан-дүниесінен орын алады. Иә, бұл ұйым өз заманында әлеуетті жастар бірлестігі болды. Өз айналасына миллиондаған қыз-жігітті топтастырды, құрамына бұрынғы Одақ елдерінің жұмысшысы да, зиялысы да, енгізілді. Біз бәрімен достық қарым-қатынаста өсіп-өндік, білім мен тәлім алдық. КСРО атты ірі мемлекетті қоныс ететін көптеген ұлыс өкілінің арасында еркіндік, бауырластық, теңдік, достық, бірлік пен татулық қалыптасқанын анық білдік. Енді мен де Коммунистік жастар одағы атанған ұйым, біз өткерген қызықты кезең жайындағы естелігіммен бөліскім келеді.
Мен көзіме ыстық көрінетін, жаныма жақын өңірде – Торғай ауылында туып-өстім, білім алдым, еңбек еттім. Қазір 72 жастамын. Балалық-жастық шағым, қызмет жолым осында өтті. Алғашқы жұмысым кеңшарда егін себетін уақытта басталды. Ертеректе сеялкаға қызмет көрсетілетін. Себетін агрегатты алқаптың басында және соңында іске қосатын едік. Үйге үсті-басымыз шаң басқан қалыпта шаршап оралатынбыз. Дегенмен игі іс тындырғанымызға көңіліміз көтеріңкі болатын. Aры қарай оқу

ТОСЫННАН ТАБЫСҚАН БАУЫРЛАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Тұтас елді жаппай дүрліктірген, ауқаттыларды кәмпескеге іліктірген, имандылық іліміне бейімділерді қамшымен қуған, зиялылардың аузын буған атышулы заманда талай адам тағдыр тәлкегіне душар болды. Бұл тарихшылар тарапынан талай мәрте зерттелген, жазушы ағалардың шығармасына негіз болған, әлі де жалғасын таба беретін маңызды тақырып.
Құдайсыздық мағынасын беретін атеизм ілімінің де тақуа жандарға залал келтіргені, әсіресе төл дініміз – Исламымызға шідер-тұсау салынғаны, оны ұстанушылардың нысанаға алынғаны бертін белгілі болды. Сөзінің кіріспе-беташары Мейірімді, рақымды Алла атымен басталатын қастерлі ағымымыздың бес парызының бірі -қажылық сапарын атпен, түйемен, тіпті жаяу өткерген ата-бабаларымыз да еш кінәсіз айыпталыпты, бірталай жапа шегіпті. Еліміз егемендік алған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында ғана қуғын-сүргін құрбандары мен күдіктілер санатына енген жандар толық ақталды. Оған да шүкір дестік.
Жуырда редакциямызға келіп жолыққан шөбере ұрпақ – Айман Шайқықызы Смағұлова (Ахметова) атышулы отызыншы жылғы замана нәубетін бастан өткерген ұлы әкесіне – Смағұл қажы ТІЛЕУКЕҰЛЫНА қатысты біраз мәлімет ұсынды.
-«Алласын ауызынан тастамаған қазақ халқында тіпті Кеңес кезінде де бес уақыт намазын қаза жібермеген қандастарымыз көп болған. Сондай-ақ патша заманында да қажылық парызын өтеп келген қазақтар аз емес. Смағұл қажы Тілеукеұлы да имандылыққа ден қойған, бес парызға адалдық танытқан тақуа жанның бірі. Ол кісі 1865 жылы қазіргі Ақмола облысының Ерейментау қаласы маңында дүниеге келген. Өте дәулетті адам болған. Руы – арғын. Оның ішінде – қанжығалы -есіркеп – кенжей. Aры қарай оқу

ҚАЙТАЛАНБАС ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢ КЕШЕГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінінің төрайымы Қарашаш Қалқаманова газетіміздің өткен жолғы санында жаны жас комсомол ардагерлеріне ұсыныс арнады. Автор жерлесіміз ауданның жастар ұйымының өткен жылдардағы даму тарихына шолу жасаған. Ауданның 90 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаты аясында, өлке тарихын толықтыру, ұмытылған есімдерді еске түсіру мақсатында жерлестерімізден өз естелігімен бөлісуді өтінген. Бүгін редакциямызға алғашқы хат келді.

-2018 жылы Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының құрылғанына 100 жыл толады. Комсомол менің 20 жылдық ғұмырымды арнаған ауқымды қоғамдық-саяси жұмысымның бастамасына айналды. Алғашқы ұстаздарым мен тәлімгерлерімді ыстық ықыласпен, алғыс сезіміммен еске түсіремін. Aры қарай оқу

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТСАҚ…..

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында одақтас он бес республиканың құрамында қазақстандық жігіттер де майдан шебінде басқыншы жаумен айқасты, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Ауылда броньмен қалған ер азаматтар, әйелдер, еңбекке қабілеттілер тыл майданында басқарманың қарамағында шаруашылық жұмысына араласты.

Жаңағы аға-апалардың қатары да сары күзгі жапырақтай сиреп бара жатқаны ақиқат. Тіпті ауданымызда көзі тірі соғыс ардагері мүлде жоқтың қасы, Бұл өмір заңдылығы, фәни тіршіліктің бұлжымас қағидасы.

Соғысқа бастан-аяқ толық қатысқан, елге Жеңіспен оралған, хабарсыз жоғалған жауынгерлер қатарында Ерейменмен іргелес Малтабар ауылының тұрғындары да аз болған жоқ.

Кезінде сонау 1975-76 оқу жылында өзіміз сегізжылдықты тәмамдаған қос қабатты шағын мектебіміздің директоры марқұм Хамзин Елемес ағайымыз бірталай игілікті іс тындырып еді. Ол кісі әуелі ауданнан фотосуретші шақырды да, сол кездегі көзі тірі соғыс-еңбек ардагерлерін орден-медалімен жеке-жеке суретке түсірткізіп алды. Өмірден өткендердің суретін үйінен сұратып алды. Өмірбаянын зерттеуге, тсендті көркемдеп-безендіруге мұғалімдер бңрлесе үн қосты. Сонымен қатар көзкөргендермен әңгімелесе жүріп, әрбір отбасынан елге оралмаған жауынгерлердің аты-жөнін жеке тізіп алды да, жеке жазғызып қойды. Олардың жалпы саны да 47 адам болды. Aры қарай оқу

«АЛТЫН КҮЗІМ ШУАҚ ТӨКСІН, ҚАРИЯМ!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазанның екінші жұлдызында қаламыздың «Солнечный» тойханасында Егде адамдар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Кезінде түрлі кәсіп атқарған аға буын өкілдері мерекелік дастарханға жиылды. Дәстүрлі мейрам адами қарым-қатынастың құндылығын, адалдық, борыш, жауапкершілік сезімін жастардың санасына сіңіруді, бойына дарытуды көздейді.
Аудан әкімі Виктор Радченко көпшілікке ыстық ықыласты тілек лебізін арнады. Ізінше бастамашыл қалалықтарды марапаттау рәсімін жалғастырды.
«Жадыра» вокалды тобының өнерпазы Шолпан Сәкенбаева, халық хорының музыка жетекшісі мен әншісі Баян Өсіпов, Тамара Ищенко, «Әжелер» халық ансамблінің әртістері Бағдат Ғазатова, Зайраш Хасенова, Шоқым Ұлпан қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен көтермеленді.
Сонымен қатар білім беру саласында ұзақ жыл абыроймен еңбек атқарған ұлағатты ұстаздар Күміс Шәріпова, Кәмила Айтмағанбетова, Светлана Рыбалко, Александр Ляшенко, Алла Кореева, Күлән Омарова ілтипатқа ілікті. Aры қарай оқу

ҰМЫТЫЛМАС ЕЛ ҚОРҒАҒАН БОЗДАҚТАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Қан майданнан оралмаған жауынгер,
Топырағын бұйыртыпты алыс ел.
Кейбір сәтте елес болып көзіме,
Ақ тырнаға айналғандай көрінер.
Авар халқының белгілі ақыны Расул Гамзатовтың өлең шумағынан сөзбе-сөз аударылған, мәңгі ескірмейтін бұл шығарма Отан үшін от кешкен әке-аталарымыздың бейнесін көзімізге елестетеді. Олжабай батыр ауылында ұйымдастырылған патриоттық маңызды жиында жаңағы әуенді Игілік Балкенов өз нақышымен орындап берді. Алтын күздің жайма-шуақ бір күнінде елді мекеннің тұрғындары, бұрынғы ауылдастар отбасымен бірге саябаққа жиналды. Ол жерге соғыста қаза тапқан қаһармандар ескерткіші орнатылған болатын. Ерекше ілтипат сезімімен атап өтерлік жайт: осыдан бірнеше жыл бұрын ауылдың бір көшесіне айтулы барлаушы, соғыс ардагері Өміржан Кенбаевтың есімі берілген еді. Aры қарай оқу

АЛАСАРМАС БЕЛЕСІ СЫЙ-ҚҰРМЕТТІҢ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Күншалған ауылының байырғы тұрғыны Иван Яковлевич Богучарский, егде жасқа жетсе де, аға буын өкілі ретінде, әлі күнге дейін туған өңір өміріне белсене араласып келеді. Көпті көрген қос ана – Жаңыл Сағиқызы Нұралина мен Александра Федоровна Кулакованың ғұмырнамасы да елді мекеннің тарихымен тығыз байланысып жатыр. Кейіпкерлеріміздің жүріп өткен жолына үңілсеңіз – өмір үшін күрес ізін, жарқын болашаққа сенім нұрын, отбасы мен Отан игілігіне сіңірген игі еңбек лебін аңғарасыз.
Иван Яковлевич Богучарский 1925 жылдың 17 ақпанында туған. 1943 жылы бесінші армияның әскери трибуналы 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне үкім кескен. Уақыт жеңіл тиген жоқ, қанды соғыс қызып жатқан шақ. Сондықтан кез келген жаңсақ қадам үшін әскери кезең заңына сәйкес, әлде мерзімді жаза арқалатады, әлде ату жазасына іліктіріп жүре береді. Лагерьден кейін мерзімді жазаны Қарағанды облысында өтедім. 1952 жылы Ақмола облыстық милиция басқармасына жіберілдім. Aры қарай оқу