ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Аудан әкімдігінде Зейнеп Жүсіпованың жетекшілігімен қоғамдық кеңестің өкілдері жүздесті. ТКШ, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің өкілдері, жеке кәсіпкер Игорь Гашек шақырылды. Бұл жолы балаларды мектепке және үйге тасымалдауға арналған қызмет көрсетілім сапасы әңгімеге негіз болды.
Зейнеп Байбаққызы жиынды ашқан сәтте қоғамдық кеңес мүшелерінің қала мектептеріне бала тасымалы қызмет көрсетілім сапасын зерттегенін баяндады. Кеңес мүшесі Раушан Нұрғазинова бағалау ақпарын ұсынды. Ол негізінен қалалық №1, №2 бағыттағы автобус жүргізушілерінің сапар кестесін ескеретінін айтты. Дегенмен жұмыс уақыты басталғанда автобустың іші жинастырылмағанына, пердесінің, орындық жабуының, ауа райы, жаңбырсыз, ашық болғанымен, көліктің сыртының да адам көргісіз күйіне назар аударды. Әңгіме тақырыбы оқушыға арналып отыр. Сондықтан Заготзерно, Қарасу, Известковый мөлтекауданына апаратын жолдың сапасы сын көтермейді, ой-шұңқыры да аз емес. Ересектерге орнын берген бала салонда түрегеп тұрады. Ал көлік күрт тоқтай қалса – кез келген шәкірт жарақат алуы әбден мүмкін. Aры қарай оқу

МЕРЕЙТОЙҒА БІЗ ДЕ ЖЕТТІК АЯҢДАП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданның бүкіл спортшылар қауымы тамыздың соңында Спорт күнін атап өтті. Мереке құрметіне дүбірлі жарыс, әртүрлі турнир ұйымдастырылды. Оқырман қауым бұл күндері тілшілеріміз арқылы аудан спортының тарихынан мол мағлұмат алуда. Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Алмагүл Мейрамқызы Әлжановаға жолыққанымызда, әуесқой спортшыларымыздың айтулы дата қарсаңындағы жетістігі туралы мәлімет алдық.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде спортпен айналысуға арналған 107 алаң мен ғимарат баршылық. Атап айтқанда 1500 орындық 1 стадион, тир ататын 5 бөлме, 22 спорт залы, олардың 17 – сі мектепте, 2-уі колледжде, 2 -уі ауылдық округте іске қосылған. 68 жазық алаң, 46 спорт алаңы, оның 1-уі жасанды төсемді спорт алаңы, 21 футбол алаңы, 4 ашық хоккей корты, 7 жапсарлас бейімделген спорт залы ел игілігінде.
Штаттағы дене тәрбиесі қызметкерлерінің жалпы саны – 80 адам, олардың ішінде 51 маманның дене тәрбиесі саласынан жоғары білімі баршылық. Дене тәрбиесі мен спорт ұжымдарында 7452 адам жаттығады. Аудан бойынша 465 спорт секциясының жұмысы қамтамасыз етілген.
Дене тәрбиесі және спорт бөлімі биыл пневматикалық винтовка алдырды.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы ішінде белгілі нәтижеге қол жетті. 18-19 мамырда Бурабай ауданында «Акмола Барысы» турнирі өтті. Ербол Нурланұлы шаршы алаңда үшінші орынды иеленді. 25 мамырда Кокшетауда футзалдан Ақмола облысының кубогы өткізілді. Жарысқа қосылған Ерейментау ауданының командасы құрметті бірінші орынды олжалады. 30 наурызда Сандықтау ауданында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған «Белый марафон» бәсекесінде спортшы жерлесіміз Гүлжан Иманова бірінші тұғырға көтерілді. 25-28 шілдедегі Президенттік көпсайыста жалпыкомандалық 7 орынға шықтық. Жекелей есепте Ольга Пырхқа 2 орын, Павел Дроботқа 3 орын бұйырды. Aры қарай оқу

САЙЛАУШЫ СЕНІМІ – ДЕПУТАТ ҰСТАНЫМЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Тарих үшін 90 жыл дегеніңіз – тек қас-қағым сәттік кезең ғана. Ал ауданның тарихи жолына үңілер болсақ – ол аз мерзім емес.
Аудан аумағы, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму жолы өзгерді. Мерейтой аталып өтетін шақта біз елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестерімізге ілтипат білдіреміз. Ауданның негізін қалаған аға буынды алғыс сезімімен еске түсіреміз. Бұл – еңбегімен ел іргесін бекіткен жандардың, тағдырын ауданмен тоғыстырған барша қауымның, бүгіні мен болашағын көздейтін, оны жақсартуға ден қойған жұртшылықтың атаулы мейрамы.
Біздің негізгі күш-әлеуетіміз – туған жерін жанындай сүйетін, қажырлы да іскер жандар. Арасында еңбегі сіңген ұстаздар, дәрігерлер, әлеуетті кәсіпкерлер, энергетика, сауда, әлеуметтік және мәдени сала мамандары баршылық. Тұтас өңіріміздің әл-ауқаты мен өркендегені түптеп келгенде жаңағы адамдардың еңбегі. Барлық сайланымдағы мәслихат депутаттарының кәсіптік біліктілігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде де ауданның дамуына барынша ден қойылды.
Мәслихаттың аудан өміріндегі рөлі мен орны жайында айта келе, оның тіршілік қызметіне қатысты маңызды мәселенің бәрі міндетті түрде ауданның өкілетті билік органы арқылы реттелетініне нық сенім білдіре аламыз. Aры қарай оқу

АЛТЫН БЕСІК, ҚҰТТЫ МЕКЕН ЕРЕЙМЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Құрметті жерлестер, барша қауым!
Бүгін Ерейментау ауданына – 90 жыл! Бұл кемел кезең. Адамның ғұмыры жылмен, ауданның тарихы даму кезеңімен өлшенеді. Өткен кезең халыққа жеңіл тиген жоқ. Алдыңғы буын соғысты, да соғыстан кейінгі ауыртпалықты да, тың эпопеясын да, Одақ ыдыраған кезеңді де бастан өткерді. Жылдар бойы жинақталған тарих пен өмір тәжірибесін салмақтай отырып, өткен кезеңнің қарама-қайшылығын, жаңсақтық пен олқылықты бағалау жеңілірек. Дегенмен ақиқат пен әділдік тұрғысында назар салар болсақ – толымды табыс, биік меже, айтарлықтай жетістік байқалып жатты.
Өз тарихымызды бағалағанымыз орынды. Өйткені біз сырттай бақылаушы емеспіз, ажырамас бір бөлшегіміз. Ортақ үйіміздің ғұмырбаяны дәл осы оқиғалардан, ізгі амалдан қалыптасқан. Aры қарай оқу

МЕРЕКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

ҚАДІРЛІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Баршаңызды айтулы датаға – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ерейментау ауданының 90 жылдығына, Ерейментау қаласының 70 жылдығына арналған мерекелік шараларды қызықтауға шақырамыз.

2018 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚЫРКҮЙЕГІ.

Сағат 9-да – Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейіне, қаланың көрікті жерлеріне серуен-саяхат.

9.30-да – Батырлар аллеясында Қанжығалы Малай батыр бюстісінің тұсаукесер рәсімі.

Сағат 17-де – белгіленген бағыт бойынша Ерейментау ауданының киелі орындарына саяхат.

БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ

Сағат 10-да – Ауданның мерейтойына арналған салтанатты жиналыс пен мерекелік концерт. Үздіктерді құрметтеу рәсімі.

Сағат 14-те –«Көзіме бір көрінші Ерейментау…» өңірлік ақындар айтысы.

ҚАЛАЛЫҚ АЛАҢ

Сағат 12-де – Атаулы күндердің ашылуына арналған мерекелік концерттік бағдарлама. Aры қарай оқу

ҰЛТЖАНДЫ ЕЛ АЗАМАТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еліміз егемендік алғаннан кейін көп адамдар қолдарына қалам алып, бойларында бар қасиеттерін, таланттарын іс жүзінде көрсете білді.
Біздің жазып отырған мақаламызға себепкер болған – Теміртас қажы Ахметов те солардың қатарында жүрген адам.
Зейнеткерлікке шыққан Темекеңнің қолынан қаламы, мойнынан фотоаппараты бірде-бір түскен емес. Бір атан түйеге жүк болар білімінің негізінде ол біраз шығармаларды дүниеге әкелді. Ол туралы ертеректе баспасөз беттерінде, Интернет желілерінде жариялаған болатынбыз.

Теміртас қажы Ахметов
Теміртас қажы Ахметов

Ереймендік жерлестерге айтатынымыз сол, жақында Теміртас қажының «Ананың жаны» атты деректі әңгімелерден құралған жаңа кітабы жарық көрді. Көлемі жағынан энциклопедияға ұқсас бұл жинақтың парақ саны 400-ге жуық.
Автор бұл кітабын жалғыз ұлының қызығын көре алмай арманда кеткен аяулы анасы Шәмәзия Усамбайқажы тегінің ұрпағы мен 45 жыл отасқан асыл жары Раушан Хамзеқызы рухына арнапты. Aры қарай оқу

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Ауданымыздың алдағы торқалы датасы жақындаған сайын күні-кеше еңбек еткен, бүгінде ауыл ақсақалы дәрежесіне жеткен алдыңғы буын ағалардың шежірелі ғұмыры қызықтыра түседі. Жүк көлігінің түр-түрін өз кезегімен, тиісті ретімен сәтті тізгіндеген жүргізушілердің де ерен еңбегі баршылық. Бозтал ауылының тұрғыны, қажырлы еңбеккердің бірі Амангелді Бопалақов ағанын да өзіндік айтар әңгімесі, қызықты естелігі аз емес.

Амангелді Бопалақов
Амангелді Бопалақов

Ауданымызда сол кезде бірнеше совхоз болғанын ойға алсақ – әрқайсына жыл он екі ай бойы жұмысшы қолына сұраныс ұдайы кең болды. Тіпті, жетпей де жатты. Әсіресе, күзгі егін жиналатын уақытта әскери бөлімдерден жауынгер жүргізуші лек-легімен шақырылғанын, тұтас автоколоннанын ауыл шетіндегі алаңқайда қаз-қатар сап түзегенін оқушы бала күнімізде біз де талай көрген едік. Комбайн мен қырманның арасындағы көлік керуені толассыз ағылатын. Бұл кешегі мызғымас Одақ тұсында орын алған көрініс. Continue reading “АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР”

БӘЙМЕНІМ – АЯУЛЫ ТУҒАН ЖЕРІМ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазіргі Бәймен ауылы, деп жүрген ел, Бәймен бабамыздың атына қойылған. Ертеде халық бұл елді мекенді қажы ауылы дейді екен. Бәймен қажыдан үш ұл – Әлкей, Керей, Шәркей тараған. Әлкей ата, кезінде болыс болған, Жаманның Кәрібайынан болыстықты алған. Бәймен бабамыз, Баянбайдын екінші әйеліңен туған. Ауылымыз кешегі кеңес дәуірінде Қазақстан совхозының үшінші бөлімшесі ретінде ақтылы қой өсірген. Оған қоса, егін баптаған, мал басына шөп шапқан. Осындай қойнауы құтты, жері қасиетті, қотаңы көңілді, табиғаты сұлу атақоныс болып еді.
Бүгінде есімдері ел аузында құрметпен аталатын, округ тарихына енген еңбек озаттары аз емес. Әке-ағаларымыз шопандықты кәсіп ете жүріп, аудан экономикасын нығайтуға, ортақ Отан ырысын еселеуге білімі мен тәжірибесін жұмсады. Қазақ КСР-ы Жоғарғы кеңесінің, облыстық, аудандық кеңестің депутаттары: Алпысбай Алдасүгіров, Шәмшит Байтуаров, Егінбай Шошанов, Балтабай Назарбеков, Айтмұхан Алдасүгіров, Еламан Жағыпаров, Қалау Күшенов, Ісләм Күнкенов, Назар Күнкенов, Қазбек Оразов, Бөгенбай Ысмайылов, Қуаныш Кереев, Алтын Мырзалимова, Жаңабай, Аманжол Жағыпаровтар, Амантай Жантуаров еңбек көрігін барынша қыздырып, баршаға сыйлы болып өтті. Ұзақ жыл мал дәрігері қызметін атқарған Хамит, Аманжол Күнкеновтер, аға зоотехник Сайлау Сейсенбаев, Төлеген Жағыпаров, шаруашылық меңгерушісі Өсербай Шошанов, өзге ағалар осы бөлімшенің игілігіне, жалпы шаруашылықтың өркендетуге еңбегін сіңірді. Ұзақ жыл осы аулымыздың жасыл желегін көздің қарашығындай қорғаған орманшы-қорықшы кәсібін абыроймен адал атқарған Нығмет Кереев ағамыздың өмір жолы да жеке әңгіме. Aры қарай оқу

ЕР ЕСІМІ –ЕЛ ЕСІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыздың өсіп – өркендеуіне өз үлесін молынан қосқан адамның бірі әрі бірегейі- Социалистік Еңбек Ері Балабек Жақин.
Ол кісі 1899 жылы қазіргі Ерейментау ауданының Новомарковка ауылына қарасты Бөтек ауылында Жақа есімді адамның отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі орташа дәулетті, қарапайым өмір кешкен. Балабек жастайынан ұғымтал, зерек болып өседі. Өз күшімен сауат ашып, хат танып, есеп-қисап жүргізу тәсілін меңгереді. Есейіп ер жетіп, Бәтима атты қызға үйленеді, балалары жастай шетіней берген, төрт қыз, бір ұл ғана өскен. Күйеу баласы Жексенбі, қызы Клара осы ауылда тұрады. Ат жалын тартып мінген шағы ескі үкіметің күшпен құлауы, жаңа үкіметтің орнау кезеңіне тұспа-тұс еді. Ескі мен жаңаның арасында көптеген түсінбеушілік, сөзге ерушілік, өзіндік көзқарасының болмауы, келешекке сенбеушілік сияқты жайлар белең ала бастады. Aры қарай оқу

ЖАРТЫ ҒАСЫР ДӘМ-ТҰЗЫ ЖАРАСҚАН ЖҰП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ерейментау ауданының 90 жылдығына, қаланың 70 жылдығына орай Бестоғай ауылының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымызбен бірге дөңгелек үстел басында өткеннен сыр шерткен едік.
Өмір белесін көрген, түп-түзу ұзақ өмір жолымен жүрген, еліне еңбегі сіңген, алдына мақсат қойған, оған қол жеткізу жолында күрескен, артындағы бала-шаға, ұрпағына үлгілі із қалдырған, әрі тура жол сілтеген ауылдастарымыз қаншама.
Ашығын айтқанда, ауылда отбасылық тату-тәтті өмір үлгісін көрсетіп келе жатқан, баршаға қадірлі де үлгілі қос жұп Бекзан Өтепұлы мен Ғалия Кәрімқызы Темірғалиевтардың өмір тарихына тоқталғымыз келеді.
«Ұстаздардың ұстазы-үлкендердің көзі» – Ғалия Кәрімқызы 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті, педагогикалық бөлімінің биология мамандығы бойынша оқуға түсті. 1975 жылы дипломды маман атанды. Aры қарай оқу