«АЛТЫН КҮЗДІ» ТОЙЛАДЫҚ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Ырысы мен молшылығын арқалап күз келді. Жылдың әр мезгілі өзіндік ерекшелігімен, табиғи құбылысымен жаныңды баурайды. Әйтсе де күздің орны ерекше. Бау-бақшада жеміс-жидек піседі, егін жиналады, ел ырысқа кенеледі, баршасы алдағы қыстың қамына кірісе бастайды.

Дәл осы кезде шапағын төккен күн нұрымен бірге «Алтын күз» мерекесі аталып өтеді. Ауылымыздың «Әсем-ай» бөбекжай-бақшасында да әр топта тақырыптық шара ұйымдастырылды. Қолда бар көкөніс пен жеміс-жидектен, жаратылыстың құдыретімен түрлі-түске боялған жапырақтан, жерден өсіп-өнген дәнді дақылдардан әртүрлі бұйым жасалды. Бәрі көрмеге қойылды. Ортақ іске ата-аналар да бірлікпен үлес қосты.

Тәрбиешілердің бастамасы мен тиісті жұмыс жоспарына сәйкес ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер жатқа тақпақ оқыды, ән шырқады, би биледі. Ертегіден қойылым әзірледі, киім үлгілерін көрсетті. Баланы жан-жақты тәрбиелейтін, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтетін шығармашылыққа баулитын барша тәрбиешілерге ата-аналардың алғысы шексіз.

Жаңағыдай мерекелік шара мектепте де жалғасын тапты.

Жанимхан КУЛАТАЙ,

Олжабай батыр ауылының кітапханашысы.

«ЖОМАРТ КҮЗ» МЕРЕКЕСІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еркіншілік ауылының «Мақсат» бөбекжайында «Жомарт күз» атты ертеңгілік өтті. Оған ата-аналар, балалар белсене үн қосты. Сахналық қойылымға, ән мен биге кезек берілді. Тіпті шағын жеміс-жидектен жасалған бұйым көрмесі безендірілді. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналады.
Тәрбиешілер Асима Омарова, Айсұлу Төңкерқызы ертеңгілікті жүргізді. Бұл жолы шаршы топта болашақ өнер иелері, Астанадағы «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы» ЖШС жариялаған сырттай республикалық «Күз бояуы» конкурсының жеңімпаздары көтермеленді. Атап айтқанда, «Сурет» аталымында Шарихан Мирас бірінші, Асанәли Жұматаев екінші, Асхабыл Айару үшінші орынды иеленді. Өрендеріміз сәйкес негізде орталықтың мөрі соғылған, директоры А.Камзинаның қолы қойылған I, II, IIІ дәрежелі диплом мен сертификатқа қол жеткізді. Оларды өнерге баулыған жетекшілері: Қаршыға Бағила, Төңкер Айсұлу, Асылбек Ақсұңқар.
Суретшілеріміздің тырнақалды талабынан, келешегінен күтер үмітіміз зор.
Алтынардақ БАЙТҰРСЫНҚЫЗЫ,
«Мақсат» бөбекжайының тәрбиешісі.

БАҚ ПЕН ЫРЫС ТАРТУ ЕТСІН ЖОМАРТ КҮЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Новомарковка ауылдық округінің аға буын өкілдері өткен аптада дәстүр бойынша «Бердалин» жеке кәсіпшілігінің тойханасына, мерекелік дәмге шақырылды. Кәсіпкер азамат жылда атаулы мерекені тойлауға өз ғимаратын тегін ұсынады.
Ата-әжелерге құттықтау тілегін арнаған округ әкімі Григорий Самойленко денге саулық, алаңсыз бейбіт өмір, шаңыраққа шаттық, жылылық шуағын тіледі. Еңбек ардагерлері Қызкен Биекеноваға, Лидия Овчаренкоға, Қадиша Бақаеваға, Әдебиет Байдолдаға Ерейментау ауданының 90 жылдығы құрметіне көпшіліктің қошеметімен мерекелік медаль табыс етті.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Овчаренко, мешіт имамы Ерлан Исмағамбетов, аудан әкімінің аппарат жетекшісі Ербол Құттыбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ержан Биекенов, «Новомарковка» ЖШС-нің директоры Әділхан Сейітжанов ізгі ниетті лебізін жалғады. Aры қарай оқу

ҮЛКЕНДЕРДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Күншалған өңірінің: орталық қоныспен іргелес Қаратал, Шәкей ауылының аға буын өкілдері межелі уақытта жылы да жайлы клубқа жиналды.
Атақоныста ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін еселеген, аудан экономикасын нығайтуға еңбегі сіңген қарапайым еңбеккерлер – бүгінгі ақылшы ата-әжелер ортамыздың көркі. Иә, әрқайсысының туған жерде – кешегі «Ленинский» совхозында қалдырған өзіндік айшықты ізі, өнегелі қолтаңбасы баршылық. Егемендік кезеңінде елге құт қондырған, алыстан атамекенге ту тіккен қандас ағайындар -ортамыздың сәні. Қажырлы да даналы, қазыналы да саналы үлкендеріміздің бәрі әрдайым төрден орын алуға әбден лайық.
Міне бұл жолы баршасы құрметті де құтты орынға жайғасты. Көтеріңкі көңіліне, ризашылық пейіліне сырттай көз сүйсінеді. Әңгімеге тартсаңыз – қызықты естелігі іле құнды ақыл-кеңеске ұласып жүре береді, тіпті сөзін бөлмей – тыңдай бергің келеді.
Округ әкімі Айланыш Тілекберді, №6 Күншалған сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Асқар Ерғали шай дастарханында қадірлі қарттарымызды шын ниетпен құттықтады. Олардың жүрекке жетерлік жылы лебізі аға буынның елге сіңірген еңбегіне, келер ұрпаққа жасаған игілігіне ұрпақ атынан айтылған ризашылық алғысы ретінде қабыл алынды. Aры қарай оқу

КЕЛЕР ЖЫЛЫ АМАН-САУ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Елді мекенге табан тіреген сәттен халықтың қысқа даяр екенін анық аңғарасыз. Аулаға шөп үйілген, көмірін де, картобын да қоймаға енгізуде. Жалпы бәрінің көңіл-күйі жақсы. Еркіншілік ауыдық округінде аға буын өкілдері құрметтелген күні ауа райы шуақты да жылы болды. Жеке кәсіпкер Хазез Бақытжанның тойханасына округтің түрлі сала ардагерлері жылы жүзбен, сыйластық пейілмен жинала бастады. Құлаққа жағымды әуен, мектеп оқушылары мен Мәдениет үйінің қызметкерлері даярлаған концерт көпшіліктің көңілін көтерді. Бәрі де өзара емін-еркін шүйіркелесті, әзілдесті, өткенді сеске түсірді. Aры қарай оқу

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ, БІРЛІК КЕПІЛІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еркіншілік ауылдық округінде бәріміз аға буынды құрметтеуге мақсат қойған сәтте ауа райы халыққа жайлы болды, күннің жылы шуағы айналаға молынан төгілді.
Таңсәріден Мәдениет үйінің жанындағы спорт залында абсолюттік салмақ дәрежесіндегі қазақ күресінен бүгінгі мейраммен орайластырылған жарыс жүріп жатты. Бастама иесі -ауылдық округтің әкімі. Aры қарай оқу

ТҰРМЫСЫМЫЗ РЕТТЕЛІП КЕЛЕДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бестоғай ауылдық округіне қарасты Байсары ауылына ортақ ауыз су желісі тартылғаны, әрбір үйге жеке-жеке құбыр енгізілгені баршаға белгілі. Елді мекенге бұрылыстағы қымызхана жақтағы төрт үйге де су тартқызу мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Аудан әкімі Виктор Радченкомен жүздескенімізде ол жөнінде құлаққағыс жасалды да. Міне, жуырда игілікті іс қолға алынды. Аудандық мәслихаттың бір жолғы сессиясында жаңағы мақсатқа 730 мың теңге бөлінді. Қыркүйектегі тендерде жеңіске жеткен, облыстық мәслихаттың депутаты Темірболат Оразақов басқаратын «ЕрейменТАУ-2005» ЖШС бірден іске кірісті. Өз шаруасын тиянақтап та қалды. Aры қарай оқу

МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫС ТӘМАМДАЛУҒА ЖАҚЫН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпары бойынша облысымыздағы дәнді дақылдардың орташа гектар өнімділігі – 12,5 центнер. Атбасар, Жарқайың, Қорғалжын аудандарының диқандары науқандық жұмыстың көш басында келеді. Бұл өңірлердің егіні толық жиылып алынған. Зеренділіктер рейтингтік өнім көрсеткішінде көш бастап тұр. Олар егіннің әр гектарынан 16,3 центнер, бурабайлықтар -14,7 центнер астық жинаған. Рекордшылар қатарында гектар өнімділігі 16,5 центнерден айналған сандықтаулықтар да баршылық, деп хабарлайды «Акмолинская правда» газеті.
Енді ауданымыздағы орақ жұмысының жағдайына келейік. Ауыл шаруашылығы бөлімінің оперативті мәліметі бойынша, дәнді және дәнді-бұршақты егістік алаңы – 63234 гектар. Бидай мен жемдік астық дақыл егістігі де осы санатқа кіреді. 1540 гектар алқапқа майлы дақылдың тұқымы егілген.
9 қазанға дейінгі мезгілде бүкіл егіннің 88,4 пайызының дақылы орылған, бастырылған. Егер ауа райы бірнеше күн ашық болса, онда орақ жұмысы тәмам болады. Аудан бойынша орташа гектар өнімділігі – 9,7 центнер. Aры қарай оқу

ӨНІМ ӨЗ ТҰТЫНУШЫСЫН ТАПТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Өткен демалыс күні жәрмеңке қалашығы алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Игі шараға ауыл өңіріндегі шаруашылық жетекшілері, жеке аула иелері, ауданымыз бен өзге облыстардың жеке кәсіпкерлері ықыласпен үн қосты. Мақсатты іс егде адамдар мен мүгедектер айлығы құрметіне қалалықтардың азық-түлік қоржынын толықтыруға арналды.

Таңғы сағат сегізден бастап республиканың оңтүстік облыстарынан келіп жеткен кәсіпкерлер жаңа піскен пиязын, көршілес Павлодар облысының өкілдері капустасын үлестірді. Новомарковка, Бестоғай ауылдық округінің шаруалары картобын саудалады, бағасы тұтынушының таңдауына қарай әркелкі болды. Aры қарай оқу

ТАЯҒЫ ҚҰТТЫ БОЛҒАН СЕЙІТ АҒА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Кешегі Одақ тұсында, кеңес дәуірінде өңірімізде қажырлы еңбек еткен жігіттер бүгінде ауылдың үлкені санатында, рулы елге сөзі өтетін қария дәрежесінде. Бозтал ауылының тұрғыны Сейіт Қырықбаев ағамызды да осы санатқа қосуымыздың жөні баршылық.
Балдәурен балалық шағы жеңіл тимеген бозбала, бұғанасы қатпай жатып, қол еңбегіне араласты. Тың игеру кезеңі қарқын алғанда жұмысқа кіріскенін ескерсеңіз, ауылдасымыз ол кезде небары 13-ақ жаста екен. Ленинский кеңшарының орталық қонысы – Күншалған ауылында жазда механизатор, қыста шопанның көмекшісі болыпты.
1961 жылы жаңа ашылған «Өлеңті» кеңшарында аға шопан ретінде жеке отарға иелік етті. Міне осы кезеңде өріс сәні – ақтылы қой өсіруді түпкілікті қолға алды. «Мал өсірсең – қой өсір, берері оның көл-көсір» демекші, байырғы ата кәсіпке ден қоя жүріп, малдың күтімі мен бабын, өсімі мен күйін жіті назарда ұстады. Ол уақытта аупарткомнан әрбір шопанға 100 саулықтан төл алуға, әр қойдан килограмм өлшемімен тиісті шамада жүн қырқуға, совхоз бойынша мемлекетке ет өткізуге социалистік міндеттеме, арнаулы жоспар белгіленетін. Совхоздың экономикасы мен әлеуеті, тұтас ауданның да облысқа оң қырынан танылуы дәл осы тапсырманың орындалым деңгейімен орайласатын. Игі іске жастай төселген, жыл санап тәжірибесін шыңдаған шопан жылда осы меже биігінен көрініп жүрді. Сейіт ағамыздың көктемгі сақман, жазғы қырықтық науқанында іске ұқыптылығымен, қарамағындағы малға қырағылығымен ауылдас әріптестеріне үлгі көрсеткені ел аузында, көзкөрген аудан басшыларының жадында. Әсіресе жаппай қой қоздату науқаны кезінде шопанға көмекші ретінде совхоз басшылығының нұсқауымен фермаға қосымша жұмысшы жіберілетін. Aры қарай оқу