ІС ТЕТІГІ – САПА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мектепке дейінгі, орта және жоғары білім жүйесінің сапалық деңгейіне, педагог қызметкерлердің мәртебесін пысықтауға көңіл бөлінген.
Қоғамымыз әлеуметтік саланы сүйемелдеу мәселесіне ұдайы елеулі назар аударып келді. Қазақстан мемлекеті басшысының бағдарламалық құжатында білім саласына мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың қазіргі кезеңінде басым бағыт ретінде орын берілген. Президентіміздің ұсынысы бойынша кейбір мемлекеттік кәсіп, қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жақсартуға мемлекет пен қоғам арасында дәнекер болатын, азаматтық салаға ауыстырылатын болады. Біз Ерейментау ауданының білім бөлімінің басшысы Совет Теміртайұлы Нұрғазинге жолықтық. Аудан мектептеріндегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы аясында өзімізді қызықтырған сауалдарға жауап іздестіруді ұйғардық.
– Совет Теміртайұлы, мемлекеттік бағдарламалардың, жобалардың білім, оқыту сапасын жақсартуға, оған лайықты жағдай жасауға негізделетін бизнес-құрылым қызметімен өзара байланысы туралы не айта аласыз?
– Ақмола облысы өңіріндегі үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес құрылымдардың, кәсіподақ ұйымдарының жуырда өткен VIII азаматтық форумына қатысушылар жүзеге асырылып жатқан бірсыпыра мемлекеттік жобалардың әлеуметтік бағытты иеленетіні туралы маңызды ой айтты. Кәсіпкерлер өз қаржысы мен күш-әлеуетін білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласына, спортқа бағыттап келеді. Осылайша жас ұрпақтың, әлсіз санаттағылардың өсіп жетілуіне лайықты жағдай жасап жүр. Aры қарай оқу

ӨҢ-ЖҮЗІНЕН ПАРАСАТТЫҢ ЛЕБІ ЕСКЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Еліміздегі өзге мерекелермен бірге, баршаға ой саларлық әрі көңілді мейрам – Егде адамдар күні аталып өтеді.
Балаға білім шуағын себуге күні кеше ғана оқу ордасының босағасын аттаған тәрізді еді. Жүрдек уақыт-ай десеңізші. Олар енді бүгін мектепте, колледжде талай жылды өткеріпті. Зейнеттік демалысқа шығыпты. Ағарту саласының ардагерлері атаныпты. Б.Қ.Ыбыраев, М.А.Қабжанова, М.Х.Халмұратова, Н.П.Чернушенко, К.К.Жәкиенова, Н.П.Лыско, А.Ф.Потанин, Ж.Д.Шахатов және басқалары ортамызды толтырды. Aры қарай оқу

ДӘСТҮРДЕН ТЫС ПЕДКЕҢЕС

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Аға буынға, өндіріс, сала ардагерлеріне арналған дәстүрлі сый-құрмет, қамқорлық айлығы, міне, тәмам болды.

Өткен аптаның соңында қаламыздың «Асылсат» тойханасына аудандық білім бөлімінің бұрынғы қызметкерлері, Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатының ұстаздары шақырылды. Әріптестерді құттықтаған аудандық білім бөлімінің басшысы Совет Нұрғазин баршасына алғыс-тілек лебізін арнады. Aры қарай оқу

ЖАҢА ТӘСІЛДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
2018 жылдың 4 қазанында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинарын өткізді.
Жиынның мақсаты мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге, озық тәжірибені зерделеуге және қорытуға, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізуге, заманауи мультимедиялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретуге, латыннегізді қазақ тілінің емле ережелерін үйретуде жаңашыл технологиялардың қолданыс әдістерін таныстыруға арналды.
Семинар жұмысына Тіл саясаты комитетінің сарапшысы Қонай Халым, аталмыш орталықтың атқарушы директоры Ербол Тілешов, əдістемелік бөлімінің басшысы Сабира Сапина, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және еліміздің 14 өңірінен тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатысты. Жалпы семинарда 2 баяндама тыңдалды, 5 сабақ үлгісі көрсетілді. Aры қарай оқу

МҰҒАЛІМДІК – ҚАСТЕРЛІ КӘСІП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі һәм бірегейі Мағжан Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» дейді. Ал мектептің жүрегі – ұстаз екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Міне, бір жылды бір айналып Мұғалімдер күні де келіп қалды. Еліміз бен жеріміздің, өркениетіміз бен мәдениетіміздің дамуына мол үлес қосып жүрген осы бір асыл жандардың мерекесі неге қазан айының алғашқы жексенбісі тойланады деген сауал мені мазалап жүрді. Мұғалімдікке енді ғана аяқ басқан жас мамандардың қай қайсысында мазалаған сұрақ екеніне көзім жетеді. Себебі, барлық мерекелік күндер белгілі бір күнге қойылған және сол күн мейлі дүйсенбіге, мейлі жұмаға түссе де тойланады. Ал, мұғалімдер күні неге жексенбі, неге белгілі бір күн қойылмаған? Осы сұрақ төңірігенде біраз ізденіп, азды-көпті мағлұматтар жинап, Ұстаздар күнінің мерекелік іс-шара ретінде тойлану тарихына шолу жасап шықтым. Соны өздеріңізбен бөлісе кетейін. Мейрам алғашында, 1965 жылдан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында бесінші қазанға бекітілген болатын. Алайда, 1980 жылдың 1 қазанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісіне қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Қазақстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Латвия және Украина елдері бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісінде тойлап жүр екен. Сонымен қоса, Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды. Сөйтіп, алғаш рет «Дүниежүзілік мұғалімдер күні» 1994 жылдың 5 қазанында тойлана бастаған екен. Сол күннен астап барлық мерекелік кеш, мектепшілік іс-шаралар дәл осы күні аталып келеді. Aры қарай оқу

МҰҒАЛІМ – МӘРТЕБЕ МЕН ҚҰРМЕТ ИЕСІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Өткен аптаның соңында Балалар шығармашылық үйінде қарбалас дайындық жүріп жатты. Ұжым негізгі мереке себепкері – ұстаздар қауымын қарсы алуға қам жасады. Түрлі-түсті шарымен қос қанаттан сап түзеген оқушылар тобы, еденге төселген кілем төсеніш, Балалар музыка мектебі шәкірттерінің сазды сәлемі, Шығармашылық үйі қолөнер иелерінің бірегей бұйым көрмесі, шардан даярланған гүл дестесі – бәрі бәрі аудандық білім бөлімі мен алаң иелері педагогтарының, шәкірттерінің тосын сыйы болатын.
Қала мен ауданның ағарту қызметкерлері жаңағы бірегей сый-сыяпатты ықыласпен, алғыс сезімімен қабыл алды. Мектептен тыс мекеменің жанға жайлы шағын залына қала мен аудан мектептерінің, балабақша мен мектептен тыс мекемелерінің басшылары, күнделікті жұмысында заманауи технологияны, оқыту әдісін қолданатын танымал педагогтар жиналды. Қонақтарды аудан әкімі Виктор Радченко құттықтады. Өңір басшысы өскелең ұрпақты оқытып-тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бүкіл ұстаздар қауымына ризашылық лебізін арнады. Aры қарай оқу

ЖАҚСЫДАН – ШАРАПАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында».
(Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті).
Үнемі сабырлы, байсалды, шектен тыс көп сөйлемейтін, көбінде ой ойлаумен жүретін, күнделікті сабағына тыңғылықты дайындалатын, ізінше бәрін ақылмен салмақтайтын, жетістігі мен олқы тұсын, оқушының ынта-жігерін үнемі назарда ұстайтын, әр сабақты шығармашылықпен өткізуге арнайтын ұстаз – Ботакөз Серікбайқызы.
Әкесі ауыл шаруашылығы маманы, шешесі дәрігер болса да, қызы мұғалім болуды қалапты. Ресейдің Омбы қаласының тумасы. Сол жерде орысша он бір жылдық білім алған. Атажұртқа оралып, Солтүстік Қазақстан облысындағы Мемлекеттік университетті төрт жыл қазақша химия-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдайды. Әрине, орысша оқып келіп, қазақша оқу қиын болса да, жолдастарының көмегімен өзінің ынты-жігерімен табысты аяқтайды. Бұл мамандықты таңдауда нағашы атасы мұғалім болған адам. Ол кісі адам жанын елітетін, әңгімелері қызықтыратын болса керек. Әрбір оқушының мамандық таңдауда ұстаз қауымның міндеті орасан зор екені белгілі. Aры қарай оқу

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Әрбір мамандықтың өзіндік мәртебесі, қол жеткізер биігі, адам баласына сыйлайтын қуанышты да қызықты сәттері болады. Уақыт ағымымен кәсіп иесінің таңдаған ісіне көзі де қанығады, қызығушылығы да арта түседі, ара-тұра кезігетін сынағына да қажырлылық-төзімділік танытады. «Адам жанының инженері» атанған, тұтас ұрпақ тағдыры сеніп тапсырылған Мұғалімнің де бүгінгі қоғамда алар орны ерекше.
Мерекелік суреттемемізге кейіпкер болып отырған мұғалима апай – Гүлбаршын Анасқызы Сәдуақасованың да өмірден көрген-түйгені, кәсібі жайында айтары аз емес.
Кешегі Құлтума мен «Дударай» әнінің төл авторы Үлебай ақын жасап өткен, талай әнші, айтыс ақыны түлеп ұшқан Қорғалжын өңірінің қызы да киелі өнерден осал емес. Несіп Ашуқызы «Әліппе» ашқызған, Балкен Қасенова тіл-әдебиеті пәнін оқытқан.
Әкесі Анастың да кітапқұмарлығы, бәлкім, ұрпағының келешегіне, білімді, зерделі болп өсуіне негіз болғаны рас. Жаңағыдай білікті-тәжірибелі жандардың ұлағатты тәлімін көріп өскен шәкірттің 9 сыныптан кейін бірден Алматының қазақ тілі-әдебиетін тереңдете оқытатын мектепке қабылданғаны алғырлығы мен зеректігін аңғартатын жайт. Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаевтың Ән өнері сабағын жүргізгені, танымал сахна саңлақтары Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковпен сыныптас болғаны қызықты дәурен еді. Алматыда оқуда жүргенде әжесі Бәтима Жақыпованың сүйікті немересіне хатты латын қарпімен жазатыны ұстаздың әлі күнге дейін есінде қалыпты. Бұл да үйренетін үрдіс, қазіргі заман ағымына ілесудің іргетасы, деген ой түйеді мұғалима. Орта мектепті абыроймен тәмамдаған түлекке ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен еліміздің кез келген жоғарғы оқу орнына емтихансыз түсуге мүмкіндік беріліпті. Бойжеткен бірден Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін таңдаған. Aры қарай оқу

АНА ТІЛІНІҢ БІЛІКТІ МАМАНЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Алма Хамзеқызы Жасарова Күншалған ауылдық округіне қарасты Шәкей ауылында дүниеге келді. Жастайынан сабаққа зерек болған, мұғалім мамандығына қызығушылық ниет танытқан қыз 1988 жылы Целиноград педучилищесіне түсті. Төртжылдық білім жолында болашақ кәсібінің қыр-сырына теория тұрғысында молынан қанықты. Бастауыш сынып оқытушысы, аға вожатый білігін иеленген дипломды жас маман туған жеріне оралды.
Алғаш жұмысқа кіріскенде мектеп директоры Қазыбек Жүнісовтың, Мұрат Сәдуақасовтың, білікті ұстаз Алмагүл Залғаринованың қамқорлығы мен кеңесін, тәжірибесі мен көмегін мол сезінгеніне, жақсы адамдарға жүздескеніне әлі күнге дейін ризашылығы шексіз.
Отбасылық жағдайымен, қызмет ыңғайымен оқытушылық жолын Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде жалғастырудың орайы келді. Манап Әдірешев, бертін марқұм Амангелді Молдабаев басқарған жаңа ұжымда да білікті мамандар Күлизат Құсайынова, Күміс Шәріпова, Әсият Ахметова кәсіпке төселуіне мол септесті, оқу-тәрбие жұмыс тәжірибесімен аянбай бөлісті. Aры қарай оқу

ЖҮРЕКТЕРГЕ БІЛІМ НҰРЫН МОЛ СЕПКЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мерекелік газетімізді баспаға даярлаған сәтімізде, экономиканың түрлі саласында көпшілікке әйгіленген, баршаға сыйлы жандарды әңгімеге тартуды ұйғардық. Ағарту жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткен, уақыт қиындығын баршамен бірлесе сәтімен еңсерген жерлесіміз Ғалия Сәлменқызы Сырымбетова өз естелігімен бөлісті. Ол кісі – «ҚР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалінің, «Ерейментау ауданының құрметті азаматы» атағының иегері.
-Мен бұл ауданға, Ерейментау қаласына, Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы келдім. Еңбек жолымды осы қаланың №1 орта мектебінде қатардағы математика мұғалімі болып бастадым. Алғашқы күннен маған елгезек мамандармен: Балташ Сыздықұлы Дүйсеновпен, Елена Николаевна Османовамен әріптес болу бақыты бұйырыпты. Ол кісілер нағыз дарын иелері еді. Aры қарай оқу