КЕЛЕШЕКТІ БҮГІННЕН БОЛЖАҒАН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Сілеті ауылындағы «У РОЗЫ» шағын дүкені барша ауылдастың да, жолаушы қонақтың да, бірден назарына ілігеді. Қалаған азық-түлігін, таңдаған бұйымын алуға ниеттенген жандар легі күн сайын еш толастамайды. Аталмыш сауда орнының иесі – өз жерлесіміз Ольга Константиновна мен Вячеслав Викторович Вотинцевтердің отбасылық жұбы.

сатушы Ольга ВОТИНЦЕВА
сатушы Ольга ВОТИНЦЕВА

Ерлі-зайыптылардың отбасылық кәсіпке ден қойғанына жиырма жылға жуықтады. Ауылдастарды сапалы азық-түлікпен молынан қамсыздандырып отырады. Тауар негізінен Степногорск, Астана қаласынан жеткізіледі. Сонымен қатар тұтынушыдан жеке өтінім де түсіп жатады, кәсіпкерлер оны ықыласпен дер кезінде қанағаттандырады. Бұл игі іс мәртебесі мен көпшіліктің сенімін нығайтудың негізгі бағыты. Aры қарай оқу

МЕРЗІМ МЕН САПА – БАСТЫ ҚАҒИДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауа райы құбылмалы болса да, ауданымыздың диқандары бірлескен еңбектің арқасында дәнді және көкөніс дақылдары егілімін жоспарлы мерзімде тәмамдауға ден қоюда.
«Хамзе» шаруа қожалығының басшысы Ержан Биекенов маңызды агрошаралардың атқарылым реті жайында мәлімет ұсынды.

КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ - ЖЫЛҒА АЗЫҚ
КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

-Біріктірілген төрт шаруашылықтың: «Хамзе», «Өтеубай», «Нұрдәулет» қожалығының, «Жалғас Агро» серіктестігінің жалпы егістік алаңының аумағы -10000 гектар. Міндетті егісалды өңделім жүргізілгеннен кейін бұл танапта қандай дақыл себілетіні нақтыланды. Сонымен 7500 гектарға екінші репродукциялы «Омская-28» сортты бидай егілетін болды. 800 гектар жер арпаға арналды. Малазықтық дақылдарға да белгілі бір шамада ден қойылды. 1000 гектар алқап біржылдық, көпжылдық шөп, 400 гектар танап жүгері, 200 гектар сорго, 200 гектар жер қыша, 200 гектар жасымық баптауға лайықталды. 100 гектарға алты қатарлы арпа тұқымы сіңірілді. Aры қарай оқу

ШАШТАРАЗ, ҚАЖЫРЛЫ ӘЙЕЛ – АЙГҮЛ АПАЙ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Орта бойлы қараторы келіншектің жүзінен мейірім лебін, елгезектік пейілін аңғарғандай боласыз. Кішіпейілділік пен ақжарқын қалпынан жаңылмаған, замана лебі өз салқынын тигізсе де, бастапқы сүйікті кәсібіне адалдықтан айнымаған кейіпкеріміз – шаштараз Айгүл Әменқызы Валиева. Aры қарай оқу