ДӘСТҮРЛІ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымызда жылда қыс қарсаңында арнаулы техника мен еңбек адамының жыл мезгілімен орайласқан төтенше жағдайға дайындық деңгейі тексеріледі.
Ерейментау қаласында «Қыс-2018» оқу-жаттығу сағаты өтті. Шара барысында әлдеқалай қар қалың түскенде, күн күрт суытқанда әлде тас жолдың бойында, әлеуметтік маңызды объектілерде апатты оқиға байқалған сәтте жедел қолға алынатын амалдар тағы бір мәрте пысықталды. Авариялық-құтқару қызметіне берілген тапсырма, сәйкес негізде орындалған амалдар жасандылықтан ада, ақиқатқа барынша жақын болды.
Аудан әкімі Виктор Радченко тактикалық жаттығу басталарда техника байқауын өткізді. Өңір басшысы коммуналдық қызмет пен төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық әлеуетімен танысты. Aры қарай оқу

ҰСТАЗ,ТӘРБИЕШІ, АРДАГЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Берген адам – үндемесін, алған адам – айтсын».
(Сервантес)
Біздің бұл жолғы сұхбат-әңгімеміз ұстаздық ғұмырнамасы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатпен тығыз байланысқан ағарту саласының ардагері Рәшида Әбжәлімованың оқу-тәрбие қызметіне арналды.
Ұйымшыл ұжым директор Ғалы Асқарұлы Асқаровтың жетекшілігімен жалынды жігермен, құлшыныс ниетпен білек сыбана бірлесе жұмысқа кірісті. Мұғалімдер В.О. Гаммер, С.Д.Бәйкенов, М.С.Сейсенбаев үш қабатты жаңа ғимарат игілікке уақтылы қосылуы үшін құрылысшылармен бірге тәулік бойы аянбай еңбек етті. Ынтымақты қажырлы жұмыс нәтижесін берді. Келесі 1964 жылдың қаңтарында білім ошағы жаңа шәкірттерге өз есігін айқара ашты. Директор әрі оқу ісінің меңгерушісі лауазымын қоса атқарған Г.П.Таранованың басшылығымен тату ұжым оқу-тәрбие ісін бастады. Aры қарай оқу

ДОЙБЫШЫЛАР БАҚ СЫНАҒАН ЖАРЫС

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қалалық ардагерлер кеңесінің демалыс бөлмесінен ешқашанда жан үзілмейді. Зейнеткерлер шарша топта өзара сырласады, тың жаңалығымен бөліседі.
Бұл жолы үкіметтік емес ұйым дене тәрбиесі және спорт бөлімімен өзара ақылдаса келе, егде әйелдердің арасында дойбы жарысының өткізілетінін жария етті. Зияткерлік ойын бәсекесі жуырда тәмамдалған Егде адамдар айлығымен орайластырылды.
Бас төреші Александр Котляренконың қарамағына шоғырланған нәзік жандылар үстел ойынынан бақ сынауға ықылас танытты. Сонымен бес жұпқа жіктелген жерлестеріміз айналым жүйесі бойынша бәсекеге кірісті. Aры қарай оқу

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Аудан әкімдігінде Зейнеп Жүсіпованың жетекшілігімен қоғамдық кеңестің өкілдері жүздесті. ТКШ, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің өкілдері, жеке кәсіпкер Игорь Гашек шақырылды. Бұл жолы балаларды мектепке және үйге тасымалдауға арналған қызмет көрсетілім сапасы әңгімеге негіз болды.
Зейнеп Байбаққызы жиынды ашқан сәтте қоғамдық кеңес мүшелерінің қала мектептеріне бала тасымалы қызмет көрсетілім сапасын зерттегенін баяндады. Кеңес мүшесі Раушан Нұрғазинова бағалау ақпарын ұсынды. Ол негізінен қалалық №1, №2 бағыттағы автобус жүргізушілерінің сапар кестесін ескеретінін айтты. Дегенмен жұмыс уақыты басталғанда автобустың іші жинастырылмағанына, пердесінің, орындық жабуының, ауа райы, жаңбырсыз, ашық болғанымен, көліктің сыртының да адам көргісіз күйіне назар аударды. Әңгіме тақырыбы оқушыға арналып отыр. Сондықтан Заготзерно, Қарасу, Известковый мөлтекауданына апаратын жолдың сапасы сын көтермейді, ой-шұңқыры да аз емес. Ересектерге орнын берген бала салонда түрегеп тұрады. Ал көлік күрт тоқтай қалса – кез келген шәкірт жарақат алуы әбден мүмкін. Aры қарай оқу

«ҮМІТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Көңіл толарлық жайт: оқушылардың басым көпшілігі жылда сабағына қоса, спорт, музыка, өнер саласында топ жарып, жарқырай көрініп жүр. Олар ізденіс пен еңбекке қоса өз арманына қол жеткізуге талпына да біледі.
Әрине, табысқа жетуіне, бірінші кезекте, ілім-білімге құштарлық ниеті, қажырлылық, жаңалыққа ұмтылыс дағдысы септеседі. Сөз жоқ, мұғалімі де, ата анасы да, айтарлықтай дем береді. Бұл айтарлықтай психологиялық елеулі жәрдем.
Ауданымызда талантты жастар аз емес. Олар: әншілер, аспапшылар, бишілер, спортшылар, суретшілер, ақындар, актерлар т.т. Дарынды ұл мен қыздың жетістігі жайында баспасөз бетінде мақала жарияланып жатады. Бәрі де көңілге мақтаныш пен қуаныш сезімін ұялатады. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Астанамыздың 20 жылдығы шеңберінде аудандық білім бөлімінде түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Түпкі мақсаты балалардың түрлі салада қол жеткізген жетістігін насихаттауды көздейді.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Қатима Әубәкірованың басшылығымен қолға алынған алғашқы жоба ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен өткізілген жүздесу болды. Балалар ғарышты меңгеру тақырыбы аясындағы ғылыми жұмысын, макетін дайындады. Келесі жолы ортамызға танымал айтыскер ақын Айбек Қалиев келді. Оған тума дарын иелері, жазба ақындар шақырылды. Aры қарай оқу

ТЕРІС ПИҒЫЛ, ҚАТЫГЕЗДІК БІЗГЕ ЖАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Біздің бір ерекшелігіміз: елімізде қоныстанған түрлі ұлт өкілдері, діни сенімі әркелкі болса да, тату тірлігі арқылы сыйластық ниетін өзара нығайтып келеді.
Елдің рухани тұрақтылығы дәстүрлі ислам мен православиемен тығыз ұштасуда. Бұдан бөлек, Қазақстанда өмірдің басты құндылығы – айрықша назарда. Сол себепті ұлтаралық татулыққа, халықаралық дінаралық келіссөзге көп көңіл бөлінеді. Әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының жуырда Астанада өткен VI съезі Қазақстан Президентінің «Әлем ХХІ ғасырда» манифесіне арналды. Дін жетекшілерінің құжат мазмұнын терең пайымдағаны, бітімгершілік әлеуетін, түпкі идеясын анық түйсінгені жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына қосылатын лайықты үлес болмақ. Шаршы топта дін көшбасшыларына бейбіт өмірдің, өзара түсіністік пен сыйластықтың құнын бағалауға, барлық діннің уағыздық, қасиетті орындарында алауыздық пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге үндеу арналды. Aры қарай оқу

ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне де ширек ғасырдан асып барады. Ата Заңымызда ол жөнінде айдай анық жазылған. Тіпті «Тіл туралы» арнайы жеке Заң да қабылданды.

Дегенмен істің мәнісіне келсек – заңнама талаптарының ескерілмейтінін, тіпті әттеген-ай дегізерлік жайттардың көрініс беретінін аңғарып келеміз. Мәселенің мәнісі екі тілде қатар жазылатын көрнекі жазуларға, жарнама тақталарына қатысты болып тұр. Орыс тіліндегі нұсқасына үңілсеңіз – сөзі де орнықты, мағынасы да ұғынықты болып шығады. Ал қазақшасын оқу үшін – қалтаңызға міндетті түрде валидол салып жүруге кеңес бергім келеді. Өйткені кәсіпкерлік сала мекемесінде жарнама жазуы мәселесіне, тіпті қазақша не жазылғанына бас ауыртып жатқан жан шамалы. Әйтеуір ілулі тұрса болғаны. Aры қарай оқу

ЕҢБЕК ЖОЛЫН АБЫРОЙМЕН ӨТКЕРГЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Ауданымыз өзінің 90 жылдық атаулы тойын кең көлемде дүркірете атап өтті. Әдеттегідей, мәртебелі меймандарымызды күтіп алдық, дәм-тұзымызды бөлістік, үздіктерді сый-сыяпатқа кенелттік, сахнамызды әнмен әрледік, бимен көмкердік. Ерейментау – ұлан-байтақ Отанымыздың картасынан орын алған, Ақмола облысының аумағындағы баршаны өзінің сұлу келбет-көркімен тамсандырған қастерлі атақоныстың бірі. Алыстан көз тартатын жел электр стансасы, киелі орындары, орман-тоғайы, биік таулары, мөлдір сулы бастау-бұлағы, жеміс-жидегі, астық алқабы – бәрі-бәрі туған жеріміздің ажарын аша түседі. Ең негізгісі – өңірде еңбегімен көпке танылған, кең пейілді, баршаға сыйлы, тамаша адамдар мекен етеді.

Мерейлі дата қарсаңында қаламыздың байырғы тұрғынының бірі Бағдат Баспаққызы Ғалиевамен жүздестік. Жерлесіміз ғұмыр жолы туған өлке тарихымен мәңгі тағдырлас болған ата-анасы жайында бір үзік сыр шертті.

Тілші: Бағдат Баспаққызы, жаңағы тарихыңызға басынан бастап тоқталғаныңыз жөн болар, сірә.

Б.Ғ. Біз Ерейментауға 1954 жылы қоныс аудардық. Әкем Баспақ Ғалиұлы Ғалиев Ерейментау ауаткомы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Сондықтан өз басым, өзге айтулы тұлғалар тәрізді, ол кісі де қаламыздың, ауданымыздың керегесін кеңейтуге, уығын тіктеуге, шаңырағын биіктетуге үлес қосты деген ойдамын. Бестөбе, Изобильный, Сілеті ауылдары ол уақытта біздің ауданның құрамына кірді. Әкемнің жаңағы алыс елді мекендердің жағдайын көзбен көруге жиі шыққаны, халықтың жағдайына қаныққаны есімде қалыпты. Ол уақыттың қысы да қатты болатын, ат құлағы көрінбейтін бораны мен түкірік жерге түспейтін аязы кезектесіп жататын. Қолда қазіргідей жол талғамайтын Джип маркалы қызмет көлігі жоқтың қасы. Межелі жерге жаз айында мәшинемен, қыста атпен жүріп жететін. Қазір бұл жағдайды көзге елестетудің өзі қиын. Біз, балалары, әкемізді үйде сирек көретін едік. Өйткені, әсіресе көктемгі егіс, әлде күзгі орақ науқаны уағында іссапар мерзімі апталап жалғасатын. Aры қарай оқу

АНА – АРДАҚТЫ ЕСІМ, ҚАСИЕТТІ ТҰЛҒА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әрбір әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өміріндегі алатын орны ерекше. Олай дейтініміз, әйел отбасының ұйытқысы, ең бастысы, “Ана” деген киелі ұғымның иегері, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Осындай ақ жаулықты аналарымыз Қамай Тошын, Қорабай Жәмила Халықаралық егде адамдар күні қарсаңында – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Күміс алқа» иегері атанды.
Ұлағатты ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп отырған аналарды Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі Хавджалел Хасамхан арнайы құттықтады, мойындарына «Күміс алқа» тақты. Қуанышты сәтте сый-құрмет иегерлері де баршаға ізгі тілегін білдірді, шашу шашты. Елбасының ардақты аналарға жасап отырған қамқорлығына ризашылық білдірді.
Ел ертеңі болар ұрпақты өмірге әкелетін «Алтын құрсақты» аналар ортамызда көп болғай!
Жанимхан КУЛАТАЙ,
кітапханашы

ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалар қарапайым тілмен әзірленбеген деседі. Ал олардың бір-бірін қалай жылдам алмастыратынын ескерсек – ізінше тағы да көптеген сауал туындап жатады. Біз жағдайды түзетуді, тұрғын үй бағдарламасына қатысты барлық қағидаларға мұқият зер салуды ұйғардық. Осы негізде сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Көшербайұлы Бәтеновты әңгімеге тарттық.
-Н.Б. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында бұл тақырып аясында оқырмандарға анықтама берген едім. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жобаланған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының кейбір жаңалығына тоқталғым келеді. Ол алдында қабылданған мемлекеттік және салалас құжаттарды: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын және 2020 жылға дейінгі өңірлердің даму бағдарламасын сүйемелдеудің жаңа тетігін бір арнаға тоғыстырады. Aры қарай оқу