«БАСТАУ-БИЗНЕС» – ТАБЫС НЕГІЗІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасымен орайластырылған көзбе-көз әңгіме алаңы аталмыш жобаға ықылас қойғандардың алғы болашағын белгілеп берді.
Республикалық акция аясында тоқсан сайын өткізілетін «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне» бұл жолы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін игерген сертификат иегерлері өзара әңгімелесуге жиылды.
Бағдарламаға үн қосуға ниеттенген әріптестер жалпы акцияға құптарлық баға берді. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуға, жұмыс іздегендерді сүйемелдеуге септеседі. Бастауыш кәсіп иелеріне арналатын 100 айлық есептік көрсеткішіне шақталған біржолғы өтеусіз гранттың тиімділігі өлшеусіз, қолға алған игі ісін өркендетуге сеп болары сөзсіз. Сағымбай Ботпаевты кәсібі алға басқан іскер жан ретінде үлгі тұтуымыздың жөні баршылық. Егер жерлесіміздің жобалаған бизнес жоспарына облыста жол ашылса, онда жылдық алты пайыздық үстемесімен өз ісін өркендетуге несие берілмек. Жұмыспен қамтуға арналған шаруасы алға басса, табыс салығын, зейнетақы аударымын, Міндетті медициналық сақтандыру қорының жарнасын үзбей аударуға, құзырлы мекемелерге табысы бойынша мағлұмдама тапсырып отыруға міндет жүктеледі. Aры қарай оқу

ҰСТАМДЫ ШӘКІРТ-ҰСТАЗДЫҢ БАҒЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Елбасының 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ереймендіктерге де тың міндет жүктеді. Түпкі мәнісі өніріміздегі халықтың әлеуметтік жағдайын оңалтуға, жұмыссыздықты жоюға арналады. Газетіміздің алдыңғы нөмерлерінде «Бастау-Бизнес» жобасы қамтылған мақалалар қатары жарық көрді. Ал бүгін, ауданымызда жүзеге асып жатқан жоба бойынша бизнес бапкер Азамат Маханалин жайында сөз қозғамақшымыз.

Азамат Серікұлы Маханалин
Азамат Серікұлы Маханалин

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкері Азамат Серікұлы Маханалин Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласының тумасы. Туған жерінде негізгі

мектепті аяқтап, Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде білімін жалғастырған. Экономика саласы бойынша кәсіпкерлікті басқару мамандығын игеріп шыққан. Алғаш еңбек жолын сүт өнімдері зауытында бастады. Aры қарай оқу

КӘСІПКЕР БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құңды жеңісіміз болып табылады»
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Бүгінде ел экономикасына игі іс бастап, оны дамыту үлкен маңыздылыққа ие болып отыр. Осы орайда түрлі жоба әзірленді, бағдарлама қабылданды. 2017 жылдан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы түрлі сала негіздеріне оқыту ісін бастаған болатын. «Бастау- Бизнес » жобасы бойынша республика көлемінде 160 филиал ашылды.

Сертификат табыстау сәті
Сертификат табыстау сәті

Аталмыш жоба біздің өңірімізде де сәтімен жұмыс атқаруда. Екі жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15 мың адам, соның ішінде 185 адам біздің ауданнан бизнес негізінде білім алған. Мысал ретінде, жуырда Елордада «Бастау» жобасының түлектері мен өкілдері жиынына қатысқан жерлесімізді атап өтейік. Бауыржан Досмағамбетовтың ой-жоспары 30 бизнес-жоба санатына енгені, марапатқа ие болғаны бәрімізге мәлім. Ол кәсіпкерлікті қолдау орталығы аудандық филиалының түлегі. Зерделі ақылы мен сүйіктісіне деген адалдығы іскер жерлесімізді биік шыңға жетеледі. Aры қарай оқу

БИЗНЕС – ЭКОНОМИКА ТЕТІГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дана Сайлауқызы Жәкудина тілшімізбен әңгімесінде тиянақтылықты адамның ең негізгі қасиетіне балайтынын айтты. Айналада: туыспен де, ұжыммен де, мемлекетпен де, қарым-қатынаста ол басты қағида болуы тиіс. Онысыз жақсы қызметкер, тіпті басшы болуыңыз екіталай, Айтылған ойдың жаны бар. Жерлесімізге, келешегінен үміт күттіретін жас жетекшіге, ең жауапты бөлім сеніп тапсырылған.

Дана Сайлауқызы Жәкудина
Дана Сайлауқызы Жәкудина

Дана 2008 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Көкшетаудың «Көкше» академиясын «Заңгерлік» білігі бойынша бітіріп алды.
Еңбек қызметін 2008 жылы ксіпкерлік бөлімінде бас маман-бухгалтер лауазымынан бастады. Қызмет баспалдағымен біртіндеп жоғарылады – 2016 жылдың желтоқсанынан бері дербес бөлімді басқарып келеді. Тұрмыста. Екі баланың анасы. Сонымен жерлесімізге дағдылы сауалымызбен жолықтық. Aры қарай оқу

ЖАҢА НАУҚАН ҚАРСАҢЫНДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жылда көктемде алқапқа көз салған сәтте бусанған жер исін сезінген, бозторғай үніне құлақ түрген «Глория» шаруа қожалығының басшысы Сергей Рыбалко егістік алаңының үлестірілім ретіне, түсім молшылығы үшін қандай техника мен технологияны қолдануға болатынына жіті мән береді. Ауылдасымыз қыстың ұзақ түнінде де осы мәселені ойластырумен жүреді.

Сергей Васильевичпен әңгімеміз жер баптаудың пысықталған тәсіліне, көкөніс шаруашылығының қалыптасуына, материалдық-техникалық әлеует болашағына, ауа райы болжамы мен әрі қарай өркендеу жоспарына арналды. Aры қарай оқу