«АСТАНАМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде дәл осындай тақырыппен дөңгелек үстел жиыны өтті. Бастама иесі – филиал төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ

Шаршы топқа мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, азаматттық қоғам өкілдері, аудандық мәслихаттың депуттатары, жастар, партия ардагерлері, журналистер жиналды. Aры қарай оқу

ВЕЛОШЕРУ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

1998 жылдың 6 шілдесі Елбасының Жарлығымен Астана күні болып белгіленді.  Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» медалі жоғары дәрежелік лауазымы беру ұйғарылды. Тәуелсіздіктің ақ таңына Астана атанған Бас қаламыздың күн санап дамуы әлем елдеріне мемлекетіміздің біртұтастығын, мызғымас тұрақтылығын айшықтай түсуде. Биыл жиырмасыншы белесін бағындырған, мерейтойдың шуағына малынған Елордамыздың мерекесі ел көлемінде кеңінен атап өтілмек.

Велосипедшілер тобы
Велосипедшілер тобы

Шілденің 4-і күні  өңіріміздің мектеп оқушылары мереке қарсаңында  велошеруге шықты.

Ұл-қыздар таңғы сағат 10-да қаламыздың мәдени спорт кешені алдыңдағы алаңға жиылды. Меркелік велошеруге қатысуға ниеттенген  іні-сіңлілеріміздің  бәрі біркелкі киім киген, темір тұлпарына түрлі-түсті шар іліп, бір қатарға сап түзеді. Aры қарай оқу

АСТАНА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мен Тайбай ауылдық округіне қарасты Малтабар ауылының тумасымын. Әке-шешем де осы атақоныста еңбек жолын жалғастырып келеді. Осыдан бір жыл бұрын туған жерімде Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектепті тәмамдадым. Білікті ұстаздарымнан тәлім алдым. Негізінен тіл-әдебиет сабағына әуестігім басым болды. Арман жетегімен жоғарғы оқу орнына түсуді көздеп, құжатымды жинастырып, Астанаға жол тарттым. Ес білгелі әрбір үйдін төріндегі көк жәшік эфирінен жаңалық тарататын аға-әпкелеріме қызыға қарайтынмын. Олардың камера алдыңда өз-өзін ұстау тәртібі, анық та ұғынықты сөйлеу мәнері, шешендік өнері мен үшін үлкен ерлікпен іспеттес еді. Жаңағы аға-апаларға еліктеп өскенім анық. Мектепті тәмамдаған сәттен еш ойланбастан, журналистикаға ден қойдым. Осы салаға ықылас-әуестігім ғұмырлық мамандық таңдауыма кең жол ашты. Бағым жанды. Қыз балаға бірінші кезекте ең керегі армандаған оқуына қол жеткізу ғой. Міне, бүгінде Лев Николавич Гумилев атыңдағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Білім ордасында мамандық игеру үшін зор мүмкіндіктер қарастырылған. Уақыт талабына сай, заманауи көрнекі-техникалық құралдармен жабдықталған аудитория, студия, түрлі бұйымдар студенттердін игілігіне ұсынылған. Білімді жетілдіруге зор мүмкіндік ашып отырған білім ордасында бүгінде алыс елді-мекеннен келіп жатқан студенттер аз емес. Өнірімізге іргесі тиіп тұрған Елордаға басқа облыс-аймақтан білім алуға келген топтастарыма:
– Астана қаласында білім алуға шешім қабылдауына не себеп?,- деген сауал қоямын. Aры қарай оқу