САҚТЫҚ АМАЛЫ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Оқу жылы да тәмамдалып келеді. Енді санаулы күндерден кейін бастауыш топтың балалары жазғы демалысқа шығады, аулаға шығып ойнауға болатын бос уақыты көбейеді. Ал олардың түрлі қауіп-қатерден амандығын қадағалау ата-ананың, барша ересектердің ортақ міндеті болмақ. Ойын баласының үй жануарына, әсіресе ит пен мысыққа үйір болатыны белгілі жайт. Иттің құтыру індетіне шалдығатынын, бұл дерттің кішкентайлардың ағзасын зақымдайтынын, күтінбесе – соңы орны толмас өкінішке ұрындыратынын біле бермейміз. Негізінен ит мұндай кінәратты қоқыс алаңында жабайы аңмен жанасқанда жұқтырады.
Ақмола облыстық прокуратурасының осы негізде өңірлерге арнайы хат жолдағаны, салалас мекеме мамандарына істің мән-жайын бақылауда ұстауды тапсырғаны бізге белгілі болды. Aры қарай оқу

ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ ЕЛІМНІҢ ЕСІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...Өңірлерде ұйымдастырылған өнер бәсекесі, Еркіншілікте Ерлан Дәулеттің жетекшілігімен жас ақындар мектебінің құрылғаны жайында оқырмандарға қуана-қуана ақпар ұсынған болатынбыз.

Бас тақырыбы мақаламызға негіз болған кезекті ақындар айтысы тартымдылығымен, өзіндік терең мағына-мазмұнымен бәріміздің есімізде қалды. Бұл жолы Өлеңтіде өткен жыр жарысы Ұлы Отан соғысында ел қорғаған майдангер аталарымызға, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен әке-шешелерімізге, мәртебелі спорт бәсекесінде жауырыны жерге тимеген, намысты қолдан бермеген палуан ерлеріміздің рухына арналды.

Айтыс, Өленті
Айтыскерлер

Аудан ақындарының ақсақалы,облыстық, республикалық, Халықаралық айтыс жүлдегері Қабдыжәлел Сахарияұлымен жұптасқан өлеңтілік Аманхан Бәбенұлы мәнерлі сөзімен, әсерлі шумағымен атамекенін киелі қоныс, құтты өлке ретінде жырға қосты. Ал ақын-жырау, ділмәр-шешен тұлғаларды ізетпен еске түсірген, ізінше нағашы образына енген Бас ақын ерке жиенін жетелеп отырды. Бүгінгі ұрпақ танып-білуі тиіс, кезінде Өлеңтіде жылқы өсірген Социалистік Еңбек Ері Қаппас Жәниевті, имандылық ілімін насихаттаған, ғасыр жасап өткен абыз қария Олжабай Исин атаны, атақты палуан Рүстем Ыбыраевты, барша үзеңгілестерді үлгі-өнеге ретінде шумағына тапқырлықпен арқау етті. Ата-баба салтын дәріптеуді, ұрпаққа мирас етуді, халықтың амандығын көздеген қос жұптың тартысы нағашының батасына ұласты. Aры қарай оқу

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Сілеті ауылының Даңқ мемориалы алдындағы Мәңгілік алау таңсәріден лаулап жанып тұрды. Айналада соғыс жылдарының әуені шырқалуда. Бір-бірін ауық-ауық алмастырған жергілікті орта мектептің оқушылары құрметті қарауылда тұр. Немересін жетелеген егде адамдар, шәкірттер біртіндеп ортаға жинала бастады. Бәрі бұл күні екінші жаһан соғысы құрбандарын, соғыстан кейін дүние салған әке-атасын бір деммен еске түсіруді ниет етеді.

Сол бір ауыр күндерде 45-тің жеңіс көктемін жақындатуға үлес қосқан, тылда қажырлылықпен, төзіммен, қайсарлықпен еңбек еткен аға буын өкілдері Сілетіде де баршылық. Aры қарай оқу

ҮЗІЛМЕС ҰРПАҚТАРДЫҢ ТАҒЗЫМ ЖІБІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Орталық алаң. Таңғы сағат 10. Айналада баршаны митнигке шақырған әуен естіліп тұр. Болашақ Отан қорғаушы сарбаздардың құрметті қарауылы ескерткіш алдында сап түзеген. Ниет білдіргендерге солдат ботқасын үлестіретін дала асханасы іске қосылған.

Қала тұрғындары, тыл еңбеккерлері күн жауынды, ауа райы салқын болса да, балалары мен немерелерімен орталық алаңға, азат етуші жауынгерлер ескерткішіне қарай ағылуда. Бәрінің мақсаты ортақ: қаза тапқан қаһармандар рухына тағзым етуді, Жеңіс шамын жаққаны үшін іштей алғыс айтуды көздейді. Aры қарай оқу

КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІНЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Қамау орындарынан босатылған жандарға аудан әкімінің жанынан әлеуметтік және өзге көмек ұйымдастыратын кеңесшілік-ақылдастар алқасының жиыны аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың жетекшілігімен өтті.

Бұл жолы кеңес мүшелерімен: аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметовпен, бірқатар дербес бөлім басшыларымен бірге үш мәселе талқыланды.

Aры қарай оқу

ТӘРТІП – БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың төрағалығымен, дербес бөлім бастықтарының, қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің, үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің қатысуымен өткен кезекті әкімдік мәжілісі бірқатар мәселені талқылады.
Ағымдағы еңбек жылының бірінші тоқсаны тәмам болды. Осы кезең ішінде экономиканың түрлі салаларында нендей жетістікке жеттік? Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Алла Гречко өнеркәсіп орындарының, аграрлық саланың жалпы жағдайын, негізгі капиталға тартылған инвестиция ауқымын сандық деректер арқылы сипаттап берді. Әлеуметтік объектілердің арасында Ақмырза орта мектебінің сыртқы төбесінің, №2 орта мектеп-лицей интернатының күрделі жөнделімі межеленген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Торғай, Новомарковка ауылдарында балабақша ашылмақ. Бюджет шығыны, жұмыс орнының құрылымы, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау жүйесінде өткізілген шаралар, қылмыстылық жағдайы есепті толықтыруға негіз болды.
Aры қарай оқу

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – ЕЛ ТІРЛІГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бірлігі мен достығы жарасқан, қаймағы бұзылмаған кең байтақ елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір кешуде. Салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діні басқа болғанымен, ортақ мекені бір.

Жылдағы дәстүрге сәйкес республикамыздың түкпір-түкпірінде 1 – мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні атап өтіледі. Мұнда тілегі бір ұлттардың өзара ынтымақтастығы, бекем бірлігі айқын көрінеді. Осы орайда өңірімізде «Халық бірлігі – ел тірлігі» мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Аталмыш шара орталық алаңда өткен шерумен басталды. Оған ауданның мемлекеттік өкілетті және атқарушы билік өкілдері, «Нұр Отан» филиал партиясы мен Жастар ресурстық орталығының, салық комитетінің, қаржы және статистика мекемелерінің, санитарлық қызмет, білім және денсаулық саласының, «Халық банк» филиалының, «Ұлттық зерттеу орталығы» аудандық бөлімшесінің, «Қазпошта» АҚ, «Жылу сервисі» мекемесінің, «Эко Жәрдем», «Су Арнасы», «Ерейментау ауданының электр желілері» кәсіпорындарының, «Болашақ», «Сказка», «Жұлдыз-ай» балабақшасының, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің және БЖСМ қызметкерлері белсене үн қосты. Aры қарай оқу

ПАРТИЯ ТҰРМЫСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
СҰРАҢЫЗ – ЖАУАП БЕРЕМІЗ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Заңгер кеңес береді» республикалық акциясы өтті. Ақмола облысы әділет департаментінің Ерейментау аудандық әділет басқармасының бастығы Данагүл Мұқышева, нотариус Эльмира Өмірбай азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша қабылдады.

Атылмыш акцияның негізгі мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсетуге, азаматтық сана-сезімі мен жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған.

Aры қарай оқу

АУЫЛДА ДА ДҮБІРЛІ МЕРЕКЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
ДОСТЫҚТЫҢ ІРГЕСІ НЫҚ, УЫҒЫ БЕКЕМ

Алдағы айдың алғашқы онкүндігі мемлекеттік мерекеге, айтулы даталарға өте бай. Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні тұтас елмен бірге тойланбақ.

Бұл күні аудан орталығында мерекелік шеру, ынтымақ-бірлігін жарастырған ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тағам көрінісі жоспарланған. Ауыл халқы да тиісті жоспарына сәйкес көтеріңкі көңіл-күймен, ізгі ниетпен әрбір мейрамды бірлесе атап өтеді. Заманауи байланыс желісі арқылы бізге алдын-ала жеткен ақпарға үңілсек – бәрінің даярлығы өз деңгейінде. Енді оған бір сәт зер салып көрейік:

Ақсуат ауылдық округінің әкімдігі өңір әкімінің міндетін атқарушы Жібек Ыдырысованың басшылығымен үстел теннисі мен волейболдан жарыс өткізеді. Епті де білекті ауылдастар бұқаралық спортты, саламатты өмір салтын насихаттамақ. Ұйымдық мәселені спорт әдіскері Қазбек Кучкарев өз міндетіне алады. Сонымен мерекелік демалысқа, әуесқой спортшыларды ойын алаңына біріктіруге негізделген шара ұйымдастырылады.! Aры қарай оқу