ЗЕКЕТ – ӘЛЕУМЕТТІК ТЕПЕ-ТЕҢДІК КЕПІЛІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Адамзат тарихына көз салсақ: әр кез, қайсы бір қоғамда адамдар әлеуметтік тұрғыдан бай-кедей болып, екі топқа бөлінген. Материалдық тұрғыдан теңдік болмаған екі тап арасында қарама-қайшылықтардың болатыны бесенеден белгілі. Байлар өздерінің мал-дәулетіне сүйеніп кедейлерді менсінбей тәкәппарлықпен қарауы, кедейлер болса дәулетті адамдардың алдында өздерін төмен санап, ыңғайсыз жүруі кейбір қоғамда қалыпты жағдайға айналған.
БҰҰ даму бағдарламасының кедейлікке арналған жылдық баяндамасына сүйенсек 2 миллиард 200 миллион тұрғыны кедейлік құрсауының зардабын тартуда. Бұл көрсеткіш бүкіл адамзаттың 14 пайызына тең. БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. Адамдар арасындағы теңсіздіктің өсуін ауыздықтау турасында The Guardian газеті сараптама мақала жариялап, зерттеудің қорытындысы бойынша жер шарындағы байлардың қолында әлемдегі барлық байлықтың 44 пайызы шоғырланғанын жазған болатын. Ал соңғы жылдары бұл көрсеткіш 48 пайызға жеткен.
Алла Тағала тарапынан жіберілген соңғы дін – Исламның ұстанымы теңдікке негізделіп, әр заман мен уақытқа бейімделген. Асыл дініміз адамдарды ұлтына, тегіне бай- дәулетіне қарай бөліп жарып қарастырмайды. Әсіресе қоғамда адамдар арасында материалдық теңдікті сақтауды алдыңғы орынға қойған. Оны мұсылмандарға парыз болған, бес парыздың бірі зекет құлшылығынан анық байқауға болады.
Зекет Алланың әмірімен хижраттың екінші жылы парыз болған құлшылықтың бір түрі. Зекет тілдік тұрғыда араб тілінен аударғанда «Өсу», «көбею», «тазалану», «берекелену» деген мағыналарды білдіреді. Ал, шариғатта: «нисап мөлшеріне жеткен мұсылмандарға белгілі мал-дүниесінен Құранда келген арнайы адамдарға беруді міндеттеуден тұратын құлшылық». Сондықтан-да бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан. Aры қарай оқу

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ІС НЕГІЗІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Бұл күндері бүкіләлемдік қауымдастық мұсылман қауымның Құрбан Айт мерекесін атап өтеді. Негізгі құндылық бағыты: қайырымдылық, жомарттық, ізгілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша мұсылман қауымды айтулы мейраммен құттықтады. Құрбан айтына арналған шаралардың негізі отбасында арнайы мал шалуды, мал ұшасының үштен бір бөлігін мұқтаж жандарға, шағын ауқатты отбасыларына үлестіріп беруді көздейді.
Аудандық Тоқмағамбет хазірет мешітінде өткен алғашқы айт намазында аудан әкімі Виктор Радченко бүкіл жамағатты құттықтады. Бейбіт өмір, жақсылық, ел бірлігін, ынтымақ-татулығын тіледі. Құран Кәрімнің ілім қағидаларына, шариғат ережелеріне зер салған теолог маман, наиб имам Еркебұлан Исенов, бас имам Жандос Базарбеков құрбандық шалу тәртібін түсіндіре келе, бұл күні мұқтаж жандарды, қарттар мен балаларды, шағын ауқаттыларды сүйемелдеуге шақырды. Өмірден өткендердің рухына арнайы Құран хатым түсірді. Aры қарай оқу

МЕШІТ- ҒИБАДАТ ПЕН НАСИХАТ ОРДАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Халыққа имандылық ілімін насихаттайтын, ислам қағидалары мен шариғат ережелерін молынан сіңіретін ғибадат ордасының әрбір ауылда алар орны ерекше. Әсіресе бүгінгі алмағайып кезеңде жастарымызды, келешек ұрпағымызды бейтаныс жат діннің ағымы мен жетегінен сақтандырудың мәні зор. Бұл орайда жергілікті мешіт имамдарына, көпті көрген ақ сақалды қарияларымызға жүктелер міндет ауқымды.

ауыл мешітінің имамы Қайролла Жақияұлы
ауыл мешітінің имамы Қайролла Жақияұлы

Бұрыңғы дүкен ғимаратын өз күшімен, бірлескен ниетпен мешітке бейімдеген Еркіншілік ауылы тұрғындарының исламға ықыласы ерекше. Ауыл имамы Қайролла Жақияұлының осы негіздегі ұйымдастырушылық қабілеті, меңгерген білімі көздеген мақсатқа қол жеткізуге септесіп келеді. Ораза айты , Құрбан айт, тарауық намазынан бөлек, апта сайынғы жұма намазына жамағат айтарлықтай деңгейде жиылады. Жазғы каникул уағында да мектеп жасындағы он бес шақты бала Құран Кәрім әліпбиін меңгерумен қатар ислам ғылымының негіздеріне қанығады. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған. Оған лайықты әдебиеттер мен көмекші құралдар да қолда баршылық. Aры қарай оқу

ИСЛАМ НЕГІЗІНЕ ҚАНЫҚТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Республика имамдары мен діни жоғарғы және орта оқу орындарының ұстаздары жылда жаз мезгілінде аудан мешіттерінде ислам негіздерінен сабақ жүргізеді.

Ұстаздар мен шәкірттер
Ұстаздар мен шәкірттер

Негізгі мақсат балаларды оқытуға, дәстүрлі ислам ағымына жат ортаның ықпалынан сақтандыруға арналады. Қаламыздың Тоқмағамбет хазірет атыңдағы орталық мешітінде ұстаз, әрі рухани тәлімгер Әлихан Ниязбекұлы 20 баланы оқытты. Курс тәмам болды. Шәкірттер игерген ілімі бойынша емтихан тапсырды, Құран Кәрім сүрелерінің негізін қалайтың араб әліпбиінің, мұсылман баласының әдеп ережесін жетік меңгергендер ерекшеленді. Мешіттің бас имамы Жандос Базарбеков арнаулы курсты аяқтаған жасөспірімдерді құттықтады. Сәтті демалыс, ортақ үйге тыныштық тіледі, үздіктерге сый-сыяпат ұсынды. Бағнар Сағатбек бірінші орынды иеленді, сыйлыққа велосипед мінді. Екінші орын иегері Еркебұлан Нұрданаға Құран сөзі жазылған сурет табыс етілді. Үшінші орынға шыққан Ержан Иманжанға құлаққап берілді.
Раушан БАРЖАҚСЫ
Суретті түсірген Анар НҰРҒАЗИНОВА

ҚАДІР ТҮНІ – ҚАСТЕРЛІ МЕЙРАМ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еңбек аптасының алғашқы күні отыз күндік Рамазан айындағы Қадір түнімен тұспа-тұс келді. Кешкі ауызашар дәмінен кейін барша жамағат Тоқмағанбет хазірет мешітіне біртіндеп жинала бастады. Алдында да айтылғандай, қасиет-құны мың айға бағаланатын бұл түнді ғибадат-құлшылықпен өткеруге ниеттенген жан намазхана залына лық толды. Тіпті, кіреберіс дәлізге дейін жайғасты.

Алғыс хатпен марапаттау
Алғыс хатпен марапаттау

Наиб-иман Еркебұлан Исенов кіріспе лебізінде шариғат ілімдеріне сілтеме жасап, тарихи деректерге тоқталып өтті. Жалпы осы мейрамның түпкі негізін, қайдан бастау алғанын жан-жақты түсіндірді. Мұсылман қауымның кітабы Құран Кәрімнің де қасиеті жайында кең көлемде мәлімет берді. Ислам дәуіріндегі нәзік жандылар мәртебесі, жалпы қыз-қарындасқа, Әйел-Анаға ілтипат негізі жан-жақты түсіндірілді. «Жұмақ-ананың аяғының астында» қағидасының астарында терең мағына, ұрпағының қамы үшін түн ұйқысын төрт бөлген анаға шексіз құрмет нышаны аңғарылады. Aры қарай оқу

…ІЛТИПАТ-ҚҰРМЕТ – ОЛ БІР МІНДЕТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жылына бір мәрте тұтылатын ораза – мұсылман баласына нәсіп болған бес парыздың бірі. Денсаулық жағдайы, шама-мүмкіндігі үйлесетін әрбір жан иесі бір ай бойы арнайы белгіленген уақыт аралығында тиісті күн тәртібі негізінде ас-судан тартынғаны, бөтен әңгімеден, бос сөзден тыйылғаны, айналадағы оқиғаға сабырлылық пен байсалдылық танытқаны, жамағатпен бірге мешітте тарауық намазына ұйығаны – шынайы имандылықтың нышаны. Ислам ілімінде ифтар аталатын, отыз күндік оразаға ниет еткен жандарға арнайы дастархан жайылатын, кешкілік ауызашар дұғасы да қонақжайлық пейілімізді, бауырмалдық, жанашырлық ниетімізді айшықтай түседі. Aры қарай оқу