ӨҢІР ЖАҢАЛЫҒЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
Мәлік Мырзалин: «Мемлекет басшысы ел экономикасының драйвері ретінде агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге арналған міндет қойды».
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының қол жеткізген негізгі жетістіктері, оған қоса өңірдің 2018 жылдың 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы арнайы әңгімеледі.
Ағымдағы жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай деңгейде өсім байқалды. Өнеркәсіп – 103,8 пайыз, жұмыссыздық – 4,8 пайыз, орташа айлық жалақы – 108,3 пайыз.
Негізгі қорға жалпы 200 миллиард теңгеден астам инвестиция қосылды, 6,7 пайызға өсті, Құйылған қаржының 70 пайызға жуығы нақты басымдық берілген салаларда игерілді.
Индустрияландыру қадамы өңір экономикасын әртараптандырудың негізі болып қала береді. Биыл өнеркәсіп орындары технологиялық жаңғыртуға инвестиция тартылымын жандандырып келеді. Олар жыл басынан бері 52 миллиард теңге игерді, меже 1,8 есе өсті.
Жалпы саны жиырмадан астам өнеркәсіп компаниясы бүгінгі таңда өндірісте сандық технологияны қолданып келеді. Aры қарай оқу

«KAZPOST» ЖЫЛ СЫЙЛЫҒЫН ҰСЫНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бүгінде «Қазпошта» АҚ – Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Ол халыққа барлық елде пошталық және қаржылық қызметін ұсынады. Ағымдағы жылдың қазан айында компания 25 жылдығын атап өтеді.

Осы арнаулы мереке қарсаныңда сенбі күні акционерлік қоғамның бастамасы мен демеушілігімен «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филалында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шармен безендірілген корпоративтік түске енген ғимарат, жағымды әуен, жеміс-жидектер мен тәтті дәмге лық толы фуршет үлгісіндегі кең дастархан қонақтарды қарсы алды. Aры қарай оқу

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ИГІЛІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Әкім бол-халқына жақын бол» қағидасының мәнісі кез келген өнір әкіміне өз қарамағындағы тұрғындардың қамын көздеуді меңзейді.
Ауданымыздан шалғай қоныстанған Күншалған ауылының тұрғындары өткен жылы депутаттардың бірауызды қолдауымен округ әкімі лауазымына сайланған Айланыш Тілекбердінің қамқорлық ниетін анық сезініп келеді.
Жұртшылықтың ұсыныс-сұрауына сәйкес ономастика комиссиясының шешімімен елді мекенде жалпы бес көшенің атауы өзгертілген болатын. Осы жаңалыққа байланысты біздің көше тұрғындарына да тиісті үй құжаттарын жаңалауға, тиісінше ресімдетіп, жөнге келтіруге тура келді. Өйткені төлқұжат режимі мен тіркелім тәртібі баршаға ортақ, бұлжымайтын қағида, әрбір азаматқа міндетті шара. Ол – бүгінгі заман ағымына қарай аудан орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылатын іс. Жұмысы «бір терезе» қағидатына негізделетін мемлекеттік мекемеге үйдің арнаулы құжаттарымен алыс ауылдан келіп-қайтуға қаншама уақыт, көлікке қаржы жұмсалатыны ақиқат. Aры қарай оқу

ШЕЖІРЕГЕ БІР СӘТ ҮҢІЛСЕК…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауылда тұрғасын қолдағы азын-аулақ малдың күтімі мен бабына қатысты күнделікті тіршілік қамының біршама жеке уақытыңды алатыны белгілі. Қыстың іші қырауда күйбең тіршіліктен бір сәт босағанда, ел іші бір-біріне соғымнан дәм татқызып, омыртқаға шақырысады. Осындай басқосуда сағынысып көрісетін ағайын әңгіменің тиегін бір босатады-ау. Қазақтың шежіресіз әңгімесі болмайды. Таңды-таңға ұрып шежіре айтпаса да:
-Мына кітаптан оқыдым, былай жазылыпты!,- деп кейде бірімен-бірі келіспей тарқасатыны және бар. Кітапта жазылғанның бәрін шындық деп ұғатын ағайын, осылай өзінше дәлел айтады. Дұрыс, егер дәлел қисынды болса!…
Өткен жылдың қыркүйегінде Ерейментауда Аудан күні мерекесімен орайластырылған ерекше тарихи-танымдық іс-шара өтті. Ерекшелігі, еліміздің бірқатар өңірлерінен бәрсыпыра қонақ келді, 1000 дана таралыммен шыққан, Ғалы Умаров пен Қоныс Әлімжанов жинақтап құрастырған «Қанжығалы шежіресі», Теміртас Ахметов жазған «Қанжығалы азаматтары» кітабы сол кезде көпшіліктің назарына ұсынылды. Яғни, берісі ауданымыздан, әрісі Алматы, Қостанай, Қызылорда, Ташкент жақтан ат арытып келген меймандар бұл шежіре-кітаптарды шартарапқа алып кетті. Ауқымды пішінді, көркем безендірілген екі кітаптың біріншісі негізінен ата-тек сызбаларынан құралған, ал екіншісі соны толықтырушы деректермен қамтылған екен. Әрине, мен үшін осы екі кітапты басынан соңына дейін шолып, сын айту мақсат емес. Тек қана менің өз басыма қатысты тұстарға тоқталып өтейін. Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады, дейді. Ата жолымен сөйлесем, өзім өзге рудан боламын. Онда, маған үлкен тайпалы ру қалың Қанжығалы еліне арналған кітаптың қандай қатысы бар?,–дейсіздер ғой. Олай болса, төмендегі жазбаларыма назар аударыңыздар! Aры қарай оқу

«ҚОШ БОЛ, ҰСТАЗ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!
Дәл осы өлең жолдары қаламыздың төрт орта мектебі мен №2 мектеп-лицейдің түлектер сыныбы оқушыларына кәмелеттік аттестат тапсыруға арналған салтанаттың өзіндік эпиграфы мен мән-мазмұнына айналды.
Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің концерт залының сахнасы бүгінгі шара тақырыбымен үйлесімді деңгейде көркем безендірілген.
Музыка ойнап тұр. Бозбалалар мен бойжеткендер вальс әуенімен дөңгелене би билеуде. Жаңа уақыт лебіне сәйкес, «Сәт сапар, жас түлек!» – «В добрый путь, выпускник!»- «Good luck graduate rs!» ұраны үш тілде жазылыпты. Aры қарай оқу

ШУАҚТЫ НҰР ТАРТУ ЕТКЕН «КҮНШУАҚ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
4 маусым күні Ақмырза орта мектебі жаныңдағы 1-4 сынып оқушыларына арналған «Күншуақ» лагері өз жұмысын сәтімен бастап кетті.
Аталмыш лагерь балалардың толыққанды демалыс құқығын жүзеге асыру, денсаулық сақтау, рухани сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында құрылған. Бүлдіршіндермен үш педагог-тәрбиеші жұмыс істейді.

«Лагерь аруы» конкурсы
«Лагерь аруы» конкурсы

Демалыс орнының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды, мектеп жасындағы балалардын толыққанды демалысы, сауықтыру және шығармашылық дамуы басты назарда ұсталады.
«Күншуақта» демалыс кезеңінің ашылу салтанаты көңілді өтті. Балалар ән-би, асфальтқа сурет салу конкурстарына үлкен қызығушылық, талпыныспен қатысты. Осы уақытта балаларды мектеп асханасында сәтті тарту күтіп тұрды. Aры қарай оқу

2018 жылы Ерейментау қаласының мектепке дейіңгі мекемелеріне балаларды бөлу тізімі.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Ясли-сад «Сказка»» МҚКК (қазақ тобы)

№ п/п Ф.И. ребёнка год рождения дата
1 Сагандыкова Салидат 26.09.2014
2 Шайзин Ильдар 29.07.2014
3 Шайзина Дина 22.10.2015
4 Мадиева Адина 15.05.2015
5 Өсербай Ерасыл 09.06.2015
6 Шукен Әлихан 11.02.2015
7 Мадиев Абубакир 17.12.2015
8 Жылқыбай Нұрайлым 28.01.2013
9 Аманбаева Альбина 15.01.2013 Aры қарай оқу

МЕРЕЙІҢІЗ ҮСТЕМ БОЛСЫН, ДӘРІГЕР!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Маусымның екінші жексенбісі-Медицина қызметкері күні, тәулік бойы денсаулық күзетінде тұратын тұлғалардын жауапты еңбегі бағаланатын сәт, иманжүзділік кәсібі иелерінің төл мейрамы. Үмбетей жырау атыңдағы аудандық мәдениет үйінде ақ халаттылардын дәстүрлі мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Алғыс хат егері, аудандық аурухана еңбеккері

Салтанат себепкерлерінің биік мінберден қызу құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов Елбасының жыл сайынғы жолдауында ұлт саулығын нығайтуды көздеген тапсырманы іске асыруға денсаулық сақтау жүйесі өкілдерінің күнделікті еңбегімен сүбелі үлес қосып жүргенін, ортақ істе жоғары кәсіби біліктілік байқататынын атап өтті. Aры қарай оқу

РИЗАМЫЗ ПЕЙІЛІ КЕҢ ЖАНДАРҒА БІЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жуырда Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ауласына жиылған халық назарымызды өзіне аудартты.
Ізінше анықталғандай, жерлестеріміз Астана қайырымдылар клубының «Газель» маркалы жүк көлігін күтіп тұрған екен. Қоғамдық қайырымдылық ұйымы өмірде қиындыққа кезіккендерге қол ұшын беруді көздейтін игі қадамымен танымал. Олар бірде азық-түлік, киім кешек жеткізеді, енді бірде өзге сипаттағы мақсатты ісімен көпшіліктің сауабына кенеледі. Қоғамдық топ өкілдері ешкімнен ақша жинамайды, оны таратпайды да.

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ауласында
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ауласында

Ізгілік ниетімен жолға шыққан жабық көлік межелі уақытта тиісті орнына келіп жетті. Қонақ жігіттер бірсыпыра сәлемдеме қалташасын мектеп әкімшілігі алдын-ала даярлаған үстелге қоя бастады. Тізім бойынша қаланың №1, №4 орта, Қазақ мектебінің көпбалалы, аз қамтылғандар санатындағы оқушылары ортаға шақырылды. Aры қарай оқу

АУДАН ДИҚАНДАРЫНЫҢ ҚАМ-ҚАРЕКЕТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
5 маусым өңірімізде егіс жұмысын жүргізетін, тәмамдайтын оңтайлы мерзім ретінде белгіленген. Дегенмен жайсыз ауа райының ыңғайына қарай ол едәуір кері шегерілді. Кейбір дақылдардың егістік құрылымы да өзгерді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Иманжүсіпов науқандық жұмыстың жүргізілім қорытындысы туралы ақпар ұсынды. Aры қарай оқу