БҰЛ НЕҒЫЛҒАН КӨРІНІС…?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Күзгі әсем көрініс, ағаш пен бұтаның аяқ астына үзіліп түскен, түрлі түске енген жапырағы жылы мезгілінің алмасқанын анық байқатады.

dav

Айта кететін жайт, қаламызда айналаны көріктендіруге, тазалық сақтауға арналған ауқымды іс тындырылды. Ұйымдастырылған сенбілік пен тазалық бейсенбісінде Ерейментау көлемі әжептәуір тазарып қалды. Aры қарай оқу

ОРМАН ӨРТІ: СЕБЕБІ МЕН ЗАРДАБЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортадағы заттарды құртатын апаттың бірі. Орман – биосферадағы оттегі және көміртегінің маңызды қоры. Орман топырақты эрозиядан қорғайды, топыраққа атмосфералық жауын-шашынды жібереді, оны бөрік басында ұстап тұрады да топырақтың қорғаныс функциясын атқарады.
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын тосын оқиға. Ол көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсімін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Aры қарай оқу

БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ ІЗІМЕН…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасынан)
Елбасы осы бағдарламада айтылған ойын жүзеге асыру мақсатында былтыр «Ереймен еліндегі Бөгенбай батыр жорықтарының ізімен…» тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырған едік. Aры қарай оқу

ҚОҚЫС ТОЛЫ ЖАҒАЛАУ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ерейментау Арқаның ең бір көрікті жері. Оны ән-жырға қоспаған ақын кем де кем шығар.
Алланың берген сыйын бағалау, оған қамқор болу – әрбір саналы, рухы биік азаматтың міндеті деп ойлаймын. Бірақ, сол бір көрікті жерлерді аяқ асты қоқыс қордасына айналдырып жатқанымызды кейде сезбейтін жаман әдетіміз бар.
Жаздың жайдары бір күнінде Сайдалының іргесіндегі Құрбет көліне бала-шағамызбен демалысқа барып, көңіліміздің ортайып қайтқаны бар. Табиғатқа емес, адамдарға реніш білдірдік. Жағада шашылып жатқан бос шөлмектер, қағаз бен су қалталар, қауын-қарбыздың қабықтары – көрген көзге мұң ұялатады.
Жауапсыздық пен салғырттық әрбір келушінің кеткен кездерінен-ақ көрініс береді. Кейбір адамдар қапшықтарын толтырып әкеліп, тойынғаннан кейін бәрін шашып кетеді. Қастарындағы ойнап жүрген балалары мұны көріп жүрді. Ата-анасының ізбасарлары «ұяда не көрсе – ұшқанда соны іледі» емес пе… Aры қарай оқу

КӨРІКТІ ОРТА-МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Аудан әкімінің арнаулы қаулысымен айналаны абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру айлығы жарияланған болатын. Белгілі уақыт аралығында бүкіл өңірде осы мақсатта ауқымды жұмыс жүргізілді.

Аудан мен қаланың айтулы тарихи мерекесі қарсаңында төңірегіміздің жанға жайлы әрі таза болғаны бәрімізге ортақ абырой. Күн сайын өзіміз көріп жүргендей, қала әкімдігінің қарамағындағы тазалықшы өкілдер гүл көшетін баптауға, орталық саябақты, бекітілген төңіректі күтіммен ұстауға өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Ал соңғы күндері жауған толассыз жауынның әсерінен үй мен мекеме айналасында түрлі шөп барынша қаулап өсті. Күні кеше аспанды торлаған қалың бұлт бір сәт сейілді, шуақты күн нұры айналаға мол төгілді. Aры қарай оқу

«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018» ФЕТИВАЛІ ӨТТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыздың төңірегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі алаңында, Сұңқарқия тауында алғаш рет Астананың 20 жылдығына арналған «Extreme weekend Astana» бірінші республикалық фестивалі өтті.

«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018»
«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018»

Айта кететін жайт, бұл өңірдің бірегей табиғаты – аспалы және жайпақ құз-жартасы, орман алабы, қиылыс өңірі, аса бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесі көркімен көз тартады. Фестивальді ұйымдастырушылар: Ақмола облысының әкімдігі, ҚР спорттық туризм федерациясы мен Астана қаласының спорттық туризм федерациясы, Ерейментау ауданының әкімдігі, «Бұйратау» МҰТП өз жұмысының мақсат-міндетін белгілеп алды. Ол Ақмола облысы мен тұтас Ерейментау ауданының туристік әлеуетін кеңейтуге, аудан аумағындағы бірегей табиғи паркті көрсетуге, жергілікті кәсіпкерлердің бизнес-бастамасын қолдауға, саламатты өмір салтын, қазақстандықтардың мәнді демалысының жаңа үлгісін насихаттауға арналды. Aры қарай оқу

«ПАРК ШЕРУІНІҢ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Елбасының «Туған жер» бағдарламасының тақырып ауқымы кең, мән-мағынасы терең. Аталмыш құжаттың өміршеңдігі еш талас тудырмайды. Айналасы жасыл желекпен көмкерілген, тау-тасында аң ойнаған, тоғайында құс сайраған біздің Ереймен өңіріне де оның белгілі бір дәрежеде қатысы баршылық.
Оқу жылы аяқталар сәтте бүкіл оқушы қауымға үлгі боларлық жағымды жаңалық естідік. Оны «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өңіріміздегі филиал басшылығы жеткізді.

Парк шеруі
Малтабар мектебінің оқушылары мен ұстазы Қонақбай Шпекбаев

Аталмыш мекеме жылда «Парк шеруі» акциясын жария етеді. Бағыты бүкілдүниежүзілік ауқымды қамтитын игі шара қасиетті табиғатымызға баршаның назарын аудартуды, жанашырлық пен күтім қағидасын мектеп жасындағыларға үйретуді негізге алады. Мамырдың бас кезінде қолға алынған, тиісті тапсырмасын орындауға айдың жиырма үшінші жұлдызына дейін мерзім белгіленген өнер жарысының тақырып аясы да кең, мән-мағынасы да терең. Ал міндеті айналадағы қорығымызды көздің қарашығындай қорғауға, өрендерімізді жас натуралист ретінде іске икемдеуге арналады. Aры қарай оқу

КӨП РАХМЕТ, АҒАЙЫН!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Биыл жазда тағы да Еркіншілік ауылына жолым түсіп, қайтарда жазғы мол жаңбырдан жер кебе қоймаса да, Астанаға дала жолымен «Думат бұлақ» арқылы жүрдім. Ондағы ойым – бұлақ басындағы қайыңдардың халін көре кету. Былтыр тамыз айында «Ереймен» газетінде басылған «Қайнайды қаның, ашиды жаның» атты мақалама жұрт құлақ асты ма екен – анығын білу еді. Өткенде жанашырлық танытқан ағаштарымның жайын көріп, лас шүберектерден арылғанына, жайқалып тұрғанына қуанып қалдым, адамдардың менің ойыма түсіністік, табиғатқа жанашырлық ниет танытқандарына риза болдым.

Боқтықтармен шандылған қайыңның 2015 жылғы көрінісі.
Боқтықтармен шандылған қайыңның 2015 жылғы көрінісі.

Әйтседе, бір әттең-айы, жіптермен маталып, шандылған, көбірек шүберек байланып теперішті молынан көрген үлкенірек қайыңның діңі солып, қурай бастағанын байқадым, тек жанай өскен бір бұтағында ғана тіршілік бар екен. Келесі жылы бұл бұтақ қураса, бұл қайыңның тіршілікпен қоштасары анық… Aры қарай оқу