ИМАНЖҮЗДІЛІК – БАСТЫ ҚАҒИДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Тайбай ауылының тумасы Шолпан Нұржанова (суретте) жергілікті орта мектепті бітіргеннен кейін Целиноград медицина училищесіне оқуға түсті. Сабағын сәтімен тәмамдаған бойжеткен педиатрия медбикесі білігін алып шықты. Дипломды орта буын маман 1996 жылдан бастап жалпы он алты жыл бойы салалас емдеу мекемесінде ауылдастарына қызмет көрсетті. Қарапайым еңбегімен, ана сүтімен бойына дарыған қазақ қызына лайықты кішіпейілділік, иманжүзділік қасиетімен көпшіліктің арасында да, ұжымында да, сыйлы болды. Күнделікті жұмысында жергілікті салалас мекемедегі учаскелік дәрігердің ұсыныс-нұсқауын бұлжытпай тиянақты орындады, амбулаториялық ем жүргізгенде де, емделушілерге үйге барып қызмет көрсеткенде де, өз кәсібіне адалдық танытты. Шұғыл хабар түскен сәтте де көмекке әрдайым дайын қалыпта саптан табылды. Осылайша теориялық білімін тәжірибемен тығыз ұштастырды, заманауи медицина жаңалығы мен кәсіби мерзімдік басылымдарға назар аудара жүріп, өз білімін үзбей жетілдіруге мақсат қойды. Алғашқы жәрдемімен, қажеттілік ыңғайына қарай аудан орталығына жедел жеткізуге септесе жүріп, талай жанның денсаулығын түзеуге ел айтарлықтай дәрежеде еңбегін сіңіргені рас.

2006 жылы негізгі мамандығы бойынша аудандық емханаға қызметке ауыстырылды. Шолпан қазіргі таңда медицина академиясының түлегі, осы салада 13 жыл еібек еткен маман, балалар дәрігері Анар Қазбекова тағайындап берген емді жүргізеді. Aры қарай оқу