ТУҒАН ӨЛКЕ КЕЛБЕТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Дархан дала, көкшіл таулар – Ерейменнің келбеті,
Жасыл жолақ тау қойнауы, шоқ тоғайлы жер беті.
Мекен етіп кейде бір сәт, батыр баба белгісін,
Қызықтаймын сол биіктен – көзге көркем суретін.

Ерейменнің солтүстігі-батысы мен шығысы,
Байтақ алқап жасыл кілем, орман шоғы, қыр құсы.
Араласып қырқалармен, көкжиекті барладым,
Шілде жазы, салқын самал – бала кезден арманым.

Жазғы маусым, демалыста – қой соңында, далада,
Жүрген едік ойнақ салып – балалығың қала ма!
Абылайша, Тамды көлің, Жұмабайдың бұлағы,
Бұл күндері ертегідей көз алдымда тұрады. Aры қарай оқу

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Есілдің екі жағын нұрға бөлеп,

Астана бой көтерді жаңа түлеп.

Төрінде Сарарқаның әсем қала,

Ел жұрттың арманы ед сені көрмек.

Астана талай шешім қабылдадың,

Жолында игі істің жаңылмадың.

Көрші мен алыс шетте қиналғанға,

Қамқоршы,тірегі боп табылғаның. Aры қарай оқу

ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЕРЕЙМЕНДІ ЖЫРЛАЙМЫН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
(Мүшәйрада бақ сынаған жас қаламгерлеріміздің балауса жырларынан)
Армысың, кіндік қаным тамған жерім,
Өнерді үстем қылған мерейлі елім.
Құтты болсын 90 жылдық мерейтойың,
Ұлтжанды еді Жәнібек, Керейлерім.
Жалынды сөз, найзасын қатар сермеп,
Тұтқиылға жауының төтеп берген.
Жыр-қиссаны тыңдауды қылған ермек,
Үмбетей елге борыш өтеп көрген.
Жүзден астам шайқаста қол бастаған,
Әр сөзін, әр шешімін ел қостаған.
Қан мен жас сіңіп қалған Қазақ елі,
Қанжығалы Бөгенбайды ел мақтаған.
Төсінде Құлагер ат кең көсілген,
Дарынды ұл менен қыз өсірген.
Мейлі өлең, мейлі арнау, дастан жазсам,
Сен деп жырлайм –айналдым кең төсіңнен.
Жетпіске қадам басса ару қалам,
Даңқына дақ түспес деп алаңдағам.
Осынау батырлардың өлкесіне.
Еш дұшпан табан тіреп, бара алмаған.
ХАЛААТ АҚБОТА. Еркіншілік ауылы.
*** Aры қарай оқу

МАЙДАНГЕР- БОЗДАҚТАРҒА ТАҒЗЫМ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

9 Мамыр Жеңіс мейрамы құрметіне Бозтал ауылында боздақтар мен ардагерлердің естелік тақтасының тұсаукесер салтанатына арнадым.

Жалмаған талай жасампаздардың ғұмырын,

Атың да жаман, затың да жаман,

Сұрапыл-сұмырай соғыс-ай!

73 жыл өтсе де –ызғарың жатыр көңілде.

Тірі келгені – мүгедек,

Өлгендері аз емес.

Ең қиямет өкініш,

Хабарсызы қаншама?! Aры қарай оқу

СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

(Қызыкен Қабдыуәлиқызына)

Аспаннан күн күлімдеп нұрын шашқан,

Бүгін той сегіз онның белін басқан.

Балалар аса үлкен той жасады,

Құттықтап туыс- туған шашу шашқан.

Көзіне кешегідей елестейді,

Сексен жас қилы ғажап белестері.

Балалық , бойжеткеннен, әже болған,

Жастарға үлгі болар кеңестері.

Шапайда туып өскен түлегісіз,

Aры қарай оқу