«ТОЛҚЫН» ТЕАТРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
2018-2019 оқу жылында Балалар шығармашылық үйінде «Толқын» театр үйірмесі ашылды. Оны келешегінен үміт күттіретін дарынды жас педагог Ә.К.Малшиев басқарады.
Ұжым бір айдың ішінде балаларды даярлады да, облыстық конкурсқа қатысты. Көкшетау қаласындағы облыстық орыс драма театрында салалас өнер ұжымдарының арасында «Театрдың ғажайып әлемі» облыстық балалар өнері конкурсы өтті. Мәдени шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына, «Тәрбие және білім» бағдаршасына негізделді. Конкурста жалпы он бес ұжым бақ сынады. Олар: Астана қаласы (облыстық мамандандырылған мектеп), Көкшетау қаласы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Есіл, Ерейментау ауданы. Aры қарай оқу

ӨНЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Үшінші қазанда Балалар музыка мектебінде Егде адамдар күні мен Мұғалім күніне арналған концерт өтті. Қаламыздың білім беру саласының ардагерлері, шәкірттердің ата-аналары, ата-әжелері құрметтің мейман ретінде шақырылды. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қатима Әубәкірова, Балалар музыка мектебінің директоры Асқар Өсіпов қонақтарды құттықтады. Вокал бөлімінің шәкірттері әуезді әнімен көпшіліктің көңілінен шықты. «Ақ бұлақ» қобызшылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, жоғарғы сыныптың хоры баршаның қошеметіне бөленді. Фортепианоның бой сергітерлік жанды әуені шынайы ләззат сыйлады. Концерт көрермен қауымның көңіліне жағымды әсер етті.

Ағарту ісінің ардагері Қайрат Өсіпов өнер ордасының оқушылары мен ұжымына ризашылық ниетпен ағалық алғыс айтты. Бүгінгі мереке үлкендердің де, балалардың да, жүзіне нұр, көңіліне шуақ сыйлағандай әсер қалдырды.

Айнұр РҮСТЕМОВА,

директордың оқу ісі бойынша орынбасары.

Суретті түсірген автор.

БЕЙБАРЫСТЫҢ ҚАДАМЫ СӘТТІ БОЛДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Алматының Алатау сарайының сахнасында Айжан Нұрмағамбетованың екінші республикалық конкурсы өтті. Көктемде ұйымдастырылған кастингке жалпы 500-ден астам өтінім түскен болатын. 21 өнерпаздың бағы жанды. Түсірілім 1-23 тамыз аралығында Алматыда жүргізілді. Жерлесіміз Бейбарыс Айтмұғамбетов конкурста төрт ән орындады. Гала-концертте әншімізге Сая Сахамбетпен жұптасып, «Қазағым» әнін орындаудың сәті түсті.
Бейбарыстың сапарына Астананың фирмасы, «SmartSystems” ЖШС демеушілік көмек көрсетті. Оған қоса аудандық білім бөлімінің басшысы Совет Нұрғазин, аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов жанашырлық ниет танытты.
Телевизиялық сипаттағы конкурс түсірілімі қыркүйекте Алматы арнасынан көрсетілетін болады. Бас жүлдені жеңіп алған алматылық бойжеткенге жүлде ретінде клип түсірілмек.

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ІЛІКТІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және орталығы» және Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Келін – отбасының ырысы» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Қорғалжын, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Целиноград аудандарынан ортаға келіп қосылған жас келіндер шаршы топта бақ сынасты. Сайыстың негізгі мақсаты қазақтың ежелгі шежірелі тарихын, салт-санасын, әдет-ғұрпын дәріптеуге арналды.
«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, қазақ халқы қыз тәрбиесіне болашақ келін ретінде көп көңіл бөлген. Өйткені, жақсы келін бір шаңырақтың ғана емес, тұтас бір ұлттық болашағы, келер ұрпақтың тәрбиешісі. Болашағын бағдарлаған ел де оның бастауына жан-жақты ден қойған. Ұйымдастырылып отырған жарыс та осы мақсатты көздеді, салт- санамызды жаңғыртуға, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді дәріптеуге негізделді. Терең мәнді, қызыққа толы жарыс бағдарламасына «Менің отбасым – менің бақытым», «Өнерлінің өрісі кең», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Ұлттық тағамдар» тақырыбы «10 саусағынан бал тамған» үй тапсырмасы енгізілді. Aры қарай оқу

БАҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРҚЫРАСЫН, БЕЙБАРЫС!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бүкіл республика көлемінде 10-16 жастағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің «Burabau Summer Fest» фестиваліне қатысушылардың іріктелім өнер бәсекесі өтті.

Бейбарыс Айтмұғамбетов
Бейбарыс Айтмұғамбетов

Игі шара Астананың 20 жылдығымен орайластырылды. Жолы болған өнерпаздар екі апта бойы Бурабай баурайында тынықты, репетиция жүргізді, орындаушылық шеберлігін шыңдады. Ерейментау ауданынан бағы жанған, мәртебелі өнер фестиваліне қатысқан № 1 орта мектептін оқушысы, балалар музыка мектебінің ұстазы Айнұр Рүстемованың шәкірті – Бейбарыс Айтмұғамбетов. Aры қарай оқу

ДОМБЫРА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Елбасы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнаулы Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде бекітілді. Бұл төл аспабымызға сыйластықтың, «Рухани жаңғыру» бағдары аясындағы игі қадамның бір нышаны. Атаулы мейрам биыл айдың алғашқы жұлдызымен орайлас келді.
Бүкіл Қазақстан көлемінде тырнақалды мейрамның жан-жақты аталып өткені елдігімізді, бірлігімізді, ұлттық өнерімізді ұлықтау ниетімізді баршаға тағы бір мәрте паш етті. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12-де тәуелсіз еліміздің жүрегі – Астанада мереке шымылдығы айқара ашылды. Аймағына өнер қонған біздің ереймендіктер де мәртебелі республикалық шарадан қалыс қалған жоқ. Дәл осы межелі уақытта қалаға кіреберістегі дөнес көпір маңындағы айналмалы жолға жиылдық. Бұл жерде арнаулы Домбыра стеласының ертеректе бой көтергені баршаға мәлім.

ДОМБЫРА КҮНІ
ДОМБЫРА КҮНІ

Aры қарай оқу

«ҮМБЕТЕЙДІҢ ҮНІ ҚАЛҒАН- КҮНШАЛҒАН»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Көкшелік белгілі ақын, әрі сазгер Иран сал Тасқараұлы күншалғандық барша қауымды айтулы Үрпек батыр мен Үмбетей жырау тойы күні жыр қайнарынан молынан сусындатты. Автордың өлеңіне жазылған, әнін де өзі шығарған төл туындыларын Көкшетау, Астана, Алматы қалаларының өнерпаздары көпшілікке жан-жақты насихаттап келеді. «Ерейментау» әнінің де шоқтығы биік. Баянауылдық қонақ Орал Сартаев ортамызға келген мейман ақсақалға арнайы лебізін жеткізді. Округ әкімі Айланыш Тілекберді аудан басшысы Виктор Радченко арнайы жолдаған Құттықтау хатын әнші атайға табыс етті. Ауыл фермерлері Жұмажан Боқанов пен Бекім Серіков ауылдастар атынан сый-сыяпатын ұсынды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Медеу Әбжіков бүгінгі жүздесудің Елбасымыздың «Туған жерге туынды тік» қағидасымен сәтті үйлесім табатының жеткізді.
Көпшіліктің сұрауымен әнші ақсақал әзілге негізделген, белгілі автор Кәкімбек Салықовтың көпке белгілі «Жез киік» әні үлгісіндегі авторлық өз нұсқасын назарымызға ұсынды, барша қауымның көңілін көтерді. Жалпы ауылдастар өнер иесімен жүздесуден мол әсерге бөленді. Бұл шығармашылық сапар алдағы айтулы мәдени шараның өзіндік беташар-прологына айналды.
***
МӘДЕНИ ӨМІР ТЫНЫСЫ
«ҮМБЕТЕЙДІҢ ҮНІ ҚАЛҒАН- КҮНШАЛҒАН»

Ерлан Дәулет
Ерлан Дәулет

Маусымның соңғы жұлдызы күншалғандықтар үшін мәңгі есте қаларлық, барша ел айта жүретін, тарихи-танымдық оқиғамен ерекшеленді.
Көркімен көз тартатын, айналада табиғи көк шөп пен жидек иісі аңқыған ақ қайынның баурайындағы далалық ашық сахнаға көлікпен келіп жеттік. Дәл осы күні Елордамыздың 20 жылдығына, ауданымыз бен қаламыздың алдағы мерейлі датасына, Киікбай Үрпек батырға арналған салтанатқа, Бөгенбай батырдың үзеңгілесі Үмбетей Тілеуұлының құрметіне бағышталған ақындар айтысы өтетіні белгілі болды. Бұл күні өзара бес жұпқа жіктелетін, жыр алаңында бақ сынайтын он ақын ортамызды толтырды. Aры қарай оқу

МӘДЕНИ ӨМІР ҰЙТҚЫСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Жазда ағаш аралап, жер түптеген, қыста отын жарып, үйдің бітпейтін шаруасын реттестірген ауыл баласы үшін көңілді іс-шара бағдарламаларын ұйымдастырып жүрген Әлия Бүркітқызы Өмірбаева бүгінде Малтабар ауылының клубын басқарады. Осыған орай жастарды қызықтыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде мәдениет ошағының иесімен тілдесудін сәті түсті.

Әлия Өмірбаева ауылдас өнер иелерінің ортасында
Әлия Өмірбаева ауылдас өнер иелерінің ортасында

Барша ауылдаспен – үлкенмен де, кішімен де, еркін тіл табысып кететін елгезек жан Малтабар ауылында туып-өскен. Орта мектепті орыс тілінде, Л.Н.Гумилев атыңдағы ЕҰУ ағылшын- неміс тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. Дегенмен, талбесіктен сусындаған өз ана тілінде таза сөйлейтіні, жалпы жанашырлық ниеті мені қайран қалдырды. Іні-сіңлілеріне, барша замандасқа мол тәлім, зор өнеге. Aры қарай оқу

ТАЛАПТЫНЫҢ БАҒЫН АШАР ӘЗ ӨНЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мектеп қабырғасындағы шәкірттеріміздің өнерге ынта-бейімін, ел жаңалығына ықылас-пейілі, жалпы білім курсын жеке шығармашылықпен ұштастырғаны келешектің іргетасымен пара-пар. Ауданға ұдайы танылып жүретін, көркемөнерпаздар байқауының да сәнін келтіретін көркемсөз оқу шеберлері, әнші-биші өрендері, Көңілділер-Тапқырлар Клубының тұрақты белсенділері, Абай, Мұқағали оқуларының жүлдегерлері өз ұл-қызымыз екенін естігенде төбеміз көкке жеткендей қуанамыз. Ел өміріндегі айтулы оқиғалармен орайластырылатын жыл сайынғы жазба ақындар мүшәйрасында бақ сынауға ықыластылар қатарының көбейгені қастерлі өнер жібінің жалғасындай сезімге жетелейді
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты зерделей білсек – кең ауқымды. Ел өміріндегі биылғы айтулы оқиғалардың да тартымдылық-тәрбиелік мәні терең. «Ата мұра-асыл қазына» жобасы аясында өткен, Елордамыздың 20 жылдығы, ауданымыздың 90 жылдығы және қаламыздың 70 жылдығы құрметіне арналған аудандық «Салтын сүйген-халқын сүйер» жазба ақындар мүшәйрасы қатарымызды жаңа буын жеткіншектермен толықтырды. Aры қарай оқу

ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Сайлау Байболсынның туғанына 60 жас толуына орай Бозтал орта мектебінің кітапханашысы әдеби кеш өткізді.

Биыл аудан орталығында мерейтойы кең көлемде аталып өткен автордың өмірбаянына, шығармаларына, әсіресе «Ерейментау» атты тарихи- танымдық кітабына көп көңіл бөлінді, жүлделері туралы мағлұмат берілді. Aры қарай оқу