МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Азаматтық қоғам институтының дамуына лайықталған қолайлы жағдай – мемлекеттік саясат басымдығының бірі. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бұл бағыттағы жемісті әріптестігіне елеулі мән беріліп келеді. Түпкі бағыты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» Жолдауы негізінде адамның құқығын қорғауға, гендерлік теңдікке, саламатты өмір салтын насихаттауға, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, шығармашылық бастамасына дем беруге арналады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымның еліміздегі өзара іс-амалы диалогқа негізделетін жалпыұлттық әріптестік шеңберіндегі тең әріптестік ұстанымын көздейді. Азаматтық форум оның басты тетігі болып табылады. Форум бейкоммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің ауызекі әңгіме алаңына айналды. Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы үшін өз ісімізді, бизнесімізді кеңейтіп, дамытуымыз шарт, әлеуметтік бағытқа лайықталған түрлі жобалар жүзеге асырылғаны абзал. Форумның жұмысына ең белсенді үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақ жүйесі қатысты. Іс нәтижесін бағалауға түрлі аталым бойынша марапатқа іліккендердің жалпы саны, Астанада өтетін республикалық Азаматтық форум делегаттарының сайлауы негіздеме болады. Ақмола облысының азаматтық альянсы, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры маңызды шараға ұйтқы болды. Олар Елбасының Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі; «Азаматтық қоғамның жасыл экономиканы дамытуға қатысуы»; «Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы» секциясының жұмысын ұйымдастырды.
Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастама басқармасының басшысы М.Қасқырбаев, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Шөкеева, Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті Д.Көшім, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Е.Исімбаев, облыстың үкіметтік емес ұйым және қоғамдық қор өкілдері форумның пленарлық бөлімінде құттықтау лебізін арнады. Aры қарай оқу

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНДІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебінің ұжымы биылғы жылдың 5 қазанында эфирден жария етілген Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын зейін қоя тыңдады.

Мемлекет басшысының «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бадарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды көздеген бастамасы жұмыссыздар мен өздігінен кәсіп атқаратындарға мамандық алуға жаңа мүмкіндік бермек. Осы бағдарламаның арқасында жаңа мамандық бойынша қайта дайындықтан өтуге, өз кәсібін ашуға, жерлестерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туындайды. Бүгінгі таңда жаңа мамандық пен бейімділікке төселуге ғаламтор желісінің мүмкіндігі жан-жақты пайдаланылуда. Бұл да ниет білдірген жандарға өз бизнесін ашуға мол септеседі. Aры қарай оқу

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯ МӘЖІЛІСІНЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жуырда №7 Новомарковка сайлау округі бойынша депутат Ержан Биекеновтың төрағалығымен алтыншы сайланымдағы аудандық мәслихаттың XXIX кезекті сессиясы өтті.
Халық қалаулыларының форумына аудан әкімі, оның орынбасарлары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, қаланың әкімі, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімінің аппарат, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестік өкілдері, дербес бөлім, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым бастықтары қатысты.
Аудан әкімі Виктор Радченконың ағымдағы жылдың бірінщі жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы мен жүктелген міндеттер туралы есебі өткен кезеңнің жалпы нәтижесін толық сипаттап берді. Басым көрсеткіштер бойынша рейтинг негізінде облыста сегізінші орындамыз, бұл салмақты жетістік.
Бюджет қаржысының игерілімі, болашақ ой-жоспар, инвестициялық жобалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті қауымдастықтың жұмысының ширатылымы, облыс әкімі тапсырмасының орындалымы – бәрі-бәрі экономиканы әрмен қарай нығайтуға, аудан халқының жалпы әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Aры қарай оқу

ОРАҚ НАУҚАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛІМ САПАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аудан әкімі Виктор Радченконың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісі жаңағы екі тақырыпты талқылады. Шаршы топқа өңір активі жиылды.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Иманжүсіпов күзгі жиын-терін науқанын өткізуге дайындық реті, шөп шабу науқанының барысы жайында хабарлады. Әңгіменің кіріспесінде дәнді, малазықтық, майлы дақыл, көкөніс алқабы, түсімі жиылатын егістік алаңы туралы сандық дерек келтірілді. Күтілетін орташа өнім шамасы, жалпы деңгейі, тұқым құйылымы, ауа райының ыңғайымен үйлесімді орақ жұмысының негізгі тәсілі аталды. Бірқатар шаруашылықтар қазірдің өзінде дәнді дақылды жинауға кірісті, жалпы алаңы – 300 гектар. Орташа гектар өнімділігі -10 центнер. Қолдағы техникаға талдама жүргізілді. Аудан шаруашылықтарында моральдық тұрғыда ескірген, жаңадан алынған өнімділігі ширақ кешен, машина-трактор паркін жаңартуды көздейтін алғы ой-жоспар тақырып арқауына айналды. Жаңа егіннің астығын кептіруге болатын астық қабылдау орны, салалас шаруашылық жайында жеке айтылды. Егін орағын табысты өткізудің алғышарттары, алдағы мал қыстату кезеңіне даярлық, жалпы мал саны, әрбір округке шөп дайындауға берілген тапсырма – осы және өзге жайттар баяндама мазмұнына негіз болды. Aры қарай оқу

«БАҚЫТЫҢДЫ БАЛАҢНАН ІЗДЕ…..»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ата-ана бала өмірінің мәнді де алаңсыз өтуіне себепші болатын басты дәңекер. Жас баланы саналы тәрбие, сапалы білім алуына үйдегі әке-ана мен мектептегі ұстаз бірлесіп үлес қосады. Иә, бұл бүгінгі саламатты ұрпақ тәрбиесіндегі басты қағида. Дәл осындай тақырып аясында Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектептің «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Бақытыңды балаңнан ізде….» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Шаршы топқа аудан бойынша жиналған ата-аналар шақырылды. Шара аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжановтың кіріспе сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бүгінгі жас ұрпақты болашағына сенімді және бәсекеге қабілетті адам етіп тәрбелеп өсіру қажеттігін басты назарда ұстады. Ізінше, аталмыш білім ордасының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Лариса Викторовна көңілді сергіту сәтін өткізді. Маман ата-аналардан жаңа оқу жылы қарсаңында туындайтын сауалдар легін сұрады, ата-аналардың пікірімен санасты. Aры қарай оқу

ЕЛ ІРГЕСІ ТЕ БІРЛІКПЕН НЫҒАЯР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің тапсырмасына сәйкес осы еңбек аптасында барлық деңгейдегі әкімдер үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық алдында есеп берді.
Бекітілген кесте аясында, сәрсенбі күні, есепті кездесу Сілеті ауылында өтті. Ауыл әкімі Сәуле Сұлтанова мен аудан әкімі Виктор Радченко өткен кезең ішінде атқарылған жұмыс жайын, алғы күнге межеленген міндет ыңғайын баян етті.
Бір кездері аудан орталығы мәртебесін иеленген ірі елді мекенде қазіргі таңда 855 адам тұрады. Олардың 93-і зейнеткер санатында. Еңбекке қабілетті 429 азаматтың 404-і қоғамдық-пайдалы іске ден қойған. Шағын және орта кәсіппен айналысатын 15 адамның иелігінде төрт дүкен мен бір наубайхана баршылық. Бірнеше адам «Бастау-Бизнес» бағдары негізінде курста оқыған. Екі шаруа қожалығы, төрт серіктестік мал өсіруге ықылас танытып отыр. Елді мекенде, атауы Халықтың психологиялық денсаулық орталығы болып өзгертілген, облыстық наркологиялық аурухана қалыпты жұмыс істеп тұр. Лицензияланған дәріханасымен дәрігерлік амбулатория, мәдениет, білім мекемесі баршылық. Биыл орта мектепті бітірген үш түлегіміз өздері таңдаған жоғарғы оқу орнына түсті, тағы екеуі колледжде оқымақ ниетте, бұл да ұстаздарымыздың игі жетістігінің бірі. Ауылдастар ауыл мен ауданның мәдени-спорттық өміріне белсене араласады. Aры қарай оқу

ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ, АЛДА ӘЛІ АУҚЫМДЫ ІС БАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еңбек аптасының алғашқы күні аудан әкімі Виктор Радченконың Новомарковка, Ақмырза, Торғай ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесу өтті. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Елена Олексиенко, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Рауан Төлендинов бірге келді.
Шаршы топқа өнір тұрғындары мен түрлі сала өкілдері жиналды. Ұсыныс бойынша бірден екі әкімнің есебін тыңдап алуға, ізінше сұрақ беруге, пікір қосуға ұйғарым жасалды.
«Округтің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі әлеуметтік- экономикалық даму нәтижелері туралы» ақпар тыңдалғаннан кейін көпшілікті толғандыратын сауал қойылды.
Новомарковка ауылы. Жергілікті әкім Григорий Самойленко мал шаруашылығынын дамуы, тұқым жаңартылымы, ауыл шаруашылығы кооперативінің ұйымдастырылымы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәлімет ұсынды. Түрлі шараларға демеушілік көмегін ұсынған жерлестерге алғысын айтты. Aры қарай оқу

ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
1 тамызда бүкіл Ақмола облысы көлемінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Игі істің мақсаты тұрмысы әлсіз, көпбалалы отбасылардың оқушы балаларын, жетімдерді, ата-ананың қамқорлығынан қалыс қалғандарды сүйемелдеуге, барлығына мектепке баруына жағдай жасауға арналған. Осы кезенде баласы мектепке бармайтын отбасыларды анықтауды көздейтін рейд, үй-үйді аралайтын тексеріс жүргізіледі.
Ауданымызда өңір әкімі Виктор Радченконың өзі дәстүрлі игі істі бастап берді. Өз қаражатына алты балалы Наталья мен Юрий Черныхтың отбасының ұлына керек-жарағын, қағаз-қаламын әперді. Бұл жанұяда алтаудың төртеуі оқуға барады.
Аудан әкімінің кабинетінде 1 сынып оқушысы Кириллге киім-кешек, аяқ киім, рюкзак тарту етті, сәт сапар, үздік оқу, ата-анасының күткен үмітіне сай болуын тіледі. Наталья Черных өз кезегінде аудан басшысына шын ниетпен алғыс жолдады.
Виктор Радченко игі бастаманың жалғасын табатынына, балалары мектепке бара алмайтын отбасыларға елеулі жәрдем көрсетілетініне үміт білдірді. Баршасына, әсіресе, жеке кәсіп иелеріне, қайырымды жандарға осы науқанға үн қосуға, жағдайы қиын ата-ана мен балаға қолдау көрсетуге үндеу арнады. «Мектепке жол» қозғалысының әлі де сәтімен өз жалғасын табатыны анық.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ЖҰМЫС ЫРҒАҒЫ БӘСЕҢДЕМЕСІН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Әкімдіктің кезекті мәжілісі жағымды хабармен басталды. Аудан әкімі Виктор Радченко көпшіліктің көз алдында аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Нұртас Мандаевқа мерейлі жасқа толуына орай жылы лебіз арнады да, Құттықтау хатын табыс етті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов те осындай ілтипат білдірді.
Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Алла Гречко ауданның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесіне тоқталды. Әңгіме сандық көрсеткіштермен толықтырылды. Өнеркәсіп өндірісі мен бизнестің, тұрғын үй құрылысының, салық түсімінің, негізгі капиталға қосылған инвестицияның жалпы жағдайы сипатталды. Aры қарай оқу

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙҒА ҚАНЫҚТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Рәшит Әкімов пен Дәурен Әділбеков жуырда Ерейментауға келді.
Өңір тұрмысына қаңығуды көздеген халық қалаулылары жолшыбай Новомарковка ауылына бұрылды. Қонақтарды аудан әкімі Виктор Радченко күтіп алды. Меймандарымыз тірек елді мекенінде «Жаңа Береке» шаруа қожалығының төңірегіне аялдады. Шаруашылықтың атқарушы директоры Жандос Хасенов, технолог Қалижан Биқожаев, «Новомарковка» ЖСШ-нің директоры Әділхан Сейітжанов бастаған қызметкерлер тобы шағын ет комбинатының жұмыс ырғағымен таныстыруды көздеді. Aры қарай оқу