КӨКШЕТАУДА БАПАН БИГЕ КӨШЕ БЕРІЛДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ел Конституциясы күні қарсаңында, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Ақмола облыстық судьялар алқасының бастамасымен Көкшетау қаласындағы мөлтекудандардың бір көшесіне қазақ халқының айтулы билерінің бірі – Бапан бидің есімі берілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Өткізілген игі шара өткен тарихымызды мәңгі есте қалдыруды, билер сотын қалыптастыруды, дамытуды, қазақ даласындағы әділ сот төрелігінің рөлін дәріптеуді, дағдылы құқық нормаларын жетілдіруді, тарихи, мәдени, құқықтық мұрамызды сақтауды, жас ұрпақты мемлекет тарихы мен құқықты бағалауға тәрбиелеуді, мақтаныш пен отаншылдық сезімін нығайтуды мақсат етті. Aры қарай оқу

ӘРБІР ҚОРЫМ ҚОЙНАУЫНДА ТЫЛСЫМ СЫР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Өңірімізде жасап өткен, есімдері шежіре арқылы бізге де мәлім болған тарихи тұлғалар мен айтулы адамдарды танып білуге мүмкіндік туды. Әлі де ескі қорымға зер салуға, ата-баба есімін түпкілікті зерделеуге лайықталған іс-шара өз кезегін күтеді.

Бұл жолғы сапарымызға Тайбай ауылының тұрғыны Ерлік Батталов тікелей бастама көтерген еді. Алдынғы ой- мақсатпен Астана-Павлодар тас жолын жағалай отырып, күншығыс жаққа қарай бағыт алдық. Малтабардан он екі шақырым қашықтықта оң жақ қанаттағы Тасбақа қыстағына аялдадық. Бұл өңір кешегі кеңес кезінде көршілес Өлеңті совхозы шопандарының қысқы қонысы болды. Бүгінде жеке меншік иесі өз кәсібімен айналыспақ ниетте. Aры қарай оқу

ҚЫМЫЗ-КӨПТІҢ ЫРЫСЫ…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ықылым заманнан бері жылқы мен түйенің адамға берер игілігі өте жоғары бағаланған. “Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған. Жолға шықсаң-көлігің әрі айнымас серігің, ішсең –сусының, жесең-тағамың, кисең-киімін болған қос түлік ата-бабамыздың тіршілік көзі іспеттес. Мереке-қуанышта да, басқа түскен небір ауыр күндерде де бұл түліктер жүйрік сәйгүлік, ыстыққа төзімді аруана адам баласының айырылмас досы болған. Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Құнарлы сусынды дайындау қазақтың ертедегі көшпелі өмірінен бастау алды, дәстүр ретінде әлі де жалғасын табуда. Халық арасында қымызды көңіл-күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп те атайды. Дертке дауа, сауға қуат беретін қымыз өндірісі бүгінде елді мекендерде кәсіп көзіне айналғандай. Аталмыш тақырыпқа арқау болған кейіпкерлерім шипалы сусын баптауға лайықталған өз тәжірибесімен бөлісті. Aры қарай оқу

КҮДЕРІ ИШАН МАЗАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛСА…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдары өткенімізді түгендеуге, барымызды бағалауға, ата-баба ғұмырнамасын келешек ұрпаққа кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

қонақтар тобы
қонақтар тобы

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен жуырда құрастырылған, бірқатарының бейіт-қорымы нақты анықталған киелі орындар картасы тың мағлұмат қорын байытуға молынан септесті. Міне, жуырда Омбы, Көкшетау өңірінен Ерейменге арнайы ат басын тіреген қонақтар тобы тағы бір ізгі ниетін, игі мақсатын баян етті. Бізге де құрметті де құдайы қонақтарымызбен сапарлас болудың сәті түсті. Құрметті мейманымыздың бірі – Раушан Мұқанова әңгімесінің кіріспесінде Дос есімді нағашысы болғанын, ал әкесі – нағашы атасы Смағұл қажының кезінде қазіргі Өлеңті ауылдық округіне қарасты Бекболат өңірінде медресе ашқанын баян етті. Білім ошағында арнайы жалдаған ұстаз шәкірт-балалардың сауатын алғаш араб тілінде ашқан деседі. Смағұл қажының зайыбы – Мөлдір есімді келіншек атақты Бұқар жырау Қалқаманұлының қарындасы болады екен. Алдында аталған Достың Төлешін аласапыран уақытта байдың тұқымы ретінде көзін құртқан деседі. Біз бұрын-сонды естімеген осындай жайттар шынымен қайран қалдырды. Қазақы ғұрпымызбен ру тергеп, ата таратар болсақ, ишан бабаның арғы тегі Қожадан тарайды екен. Өңірімізде де осы Атаның ұрпақтары, тиісті мәлімет білетін жандар баршылық. Олардың да қызықтырған адамның назарын аудартатын, мәліметке қанықтыратын құнды дүниені ұсынары анық. Aры қарай оқу

ШАҒЫН МУЗЕЙДІҢ АЙТАРЫ КӨП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Тайбай ауылына іссапармен барған бетте орта мектепке аялдадық. Жазғы каникул уақыты болса да, жоспарлы жұмыс жүріп жатты. Оқу кабинеттері, спорт залы жөнге келтірілген. 72 бала екі ауысыммен сабақ оқитын шағын орталықтың кабинеті ағымдық жөндеуден өткізіліпті. Келесі аптадан бастап өз өрендерін қабылдауға кіріседі. Екі топ республикалық «Балапан» бағдарламасы шеңберінде, екі топ жергілікті бюджеттің есебінен жұмыс атқарады.

Мектептің педагогтары бізге картоп егілген шағын учаскесін көрсетті. Өнімі күздігүні өз асханасының игілігіне жаратылады. Жазғы практикада жүрген оқушылар огород пен жасыл желекке күтім жасайды. Жергілікті шебердің қолымен жасалған аққудың мүсіні осы учаскеге айрықша көрік-сән береді. Aры қарай оқу

Құдайбердіұлы Малай батыр

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
Қазақ халқы отыршылыққа дейінгі өмірінде зар заманның талай-талай ауыртпалықтарын басынан кешірді. Жаратқанның құдіреті күшті ғой. Сар даланы одан басқа түрі мен тұрмысы ұқсас, бірақ сенімі мен діні басқа халықтар да мекен еткені белгілі. Әсіресе, тегеуіріні мықты ел жоңғардың біздің бабаларымызға жасаған қиянатын өскелең ұрпақ өмірі естен шығармайды деп ойлаймын.
Азығы мен байлығы төрт түліктен тұратын жұрттың жер үшін болған тайталастарында талай жазықсыз жандар құрбан болды. Бесіктен белі шыққан бала сондықтан қалмақты «ата жау» деп таныды. Олар да қазаққа кегін жібергісі келмеді.
Бүгінгі әңгімемізге арқау боп отырған ерен тұлға – Құдайбердіұлы Малай батыр сондай жаугершілік заманның ұланы. Қанжығалы тайпасының Есен тармағынан Қармыс елі өніп-өскен. Малай Бөгенбай батырдың әкесімен ағайын әрі көңілі жақын кісі болғасын және өзінің құдай берген қасиеттерінің арқасында өле-өлгенше сый-құрметтен айрылмаған. Ақшадан жасы кіші болғанымен ірі-ірі шайқастарға қатысып, жаужүрек қайсарлығымен көзге түскен жан. Бөгенбай бұл кісінің өзінің туған ағасындай жақсы көрген. Бас сардар үлкен жиындарды Малай батырсыз өткізбеген дейтін елдің абзал қариялары. Aры қарай оқу

ЕР ЕСІМІ –ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихымызды зерделеуге, құнды мұрамызды дәріптеуге, өткенімізді еске түсіруге лайықталған бірқатар игі шара атқарылып келеді.

Маусым айының соңғы күндері ауданымыздың Күншалған елінің жұртшылығы «Үрпек батырдың ізімен» атты іс-шара өткізді. Үш ғасыр үнсіз жатқан, әйтседе ел аузында әлсін-әлсін айтылып жүретін тарихи тұлға есімі қайта жаңғырды. Негізі бұл ұлағатты бастамаға сүбелі үлес қосқан Ораз Сетаев бастаған Күншалған орта мектебінің ұжымы, батырдың тікелей ұрпағы Көшер Әлімбаев ақсақал, Бөгенбай батыр атындығы тарихи-өлкетану музейінің ұжымы. Ел азаматтары бұл бастаманы толықтай қолдады, қаржылай көмек көрсетті. Aры қарай оқу

ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІНІҢ НЕГІЗІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Аудандық білім бөлімі биылғы оқу жылында «Бұйратау» паркімен келісім-шарт бекітті. Осы құжат негізінде мектеп оқушылары жеңілдік тәртібімен демалыс алаңына ақысыз кіруге мүмкіндік алып отыр. Өйткені келушілер тиісті шамада ақы төлеуі шарт. Торғай орта мектебі 2017 жылдың күзінде бұл өңірге барып қайтқан екен. Серуенге шығуға өтінім түсірген білім ордаларының қатарында біздің Өлеңті мектебі де баршылық. Өзге мектептердің табиғаты сұлу өңірге саяхатшылар қатарын толықтыратынына үміттіміз.

Экскурсияда
Экскурсияда

13 маусым күні біз Сұңқарқия аймағына сапарға шықтық. Ауылымыздың әкімі Алмагүл Мұстафина арнайы автобус бөлді. Апайымызға алғысымыз шексіз. Учаскелік уәкіл Жомарт Күлімбаев қызмет көлігімен жол қауіпсіздігімізді қамтамасыз етті. Жалпы 25 оқушы мен төрт мұғалім жолға жиналдық. Бұл күні көршілес Бозтал орта мектебі де саяхатқа барды. Aры қарай оқу

ШЫҒЫС ПЕН ЕУРОПАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ КӨПІРІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Осы аптада көне Ұлы Жібек жолы бағытымен салт атпен жүріп өткен венгерлік этнограф ғалым, «Еуразия бірлігі үшін» қорының президенті Иштван Бенц мен оның әріптесі Фортош Гольцтың есімімен орайласқан қызықты оқиға болды. Биылғы жоба кезеңі Астанадан басталып, республикамыздың Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының аумағы арқылы өтеді.

«Астана ұлы дала қаласы»
«Астана ұлы дала қаласы»

«Салт атпен ата-баба ізімен» жобасына қатысушы салт аттылар экспедициясының өкілдері әрмен қарай Қарағанды облысына өту үшін Ақсуат округі мен Олжабай батыр ауылдық округінің аумағына табан тіреді. Команда құрамында Иштван Бенцтін басшылығымен бұрын жүріп өткен Венгрия өкілдерінің мақсат-міндеттерін қолдайтын өзіміздің және көршілес облыстардың іскерлік құрылымдарының өкілдері болды. Aры қарай оқу

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ- ӨМІРЛІК САЛА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Әскерге деген қадам кешегі кеңес дәуіріндегі әскери комиссариаттан , яғни қазіргі таңда қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік мекемеден бастау алатыны бәрімізге белгілі. Биыл жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Тарихқа шегінсек, 1918 жылдын 8 сәуірінде Кеңес Одағында осы мекеме алғаш құрылған екен. Ортақ Отан шекарасын қорғауға негізделген ұйымның тарихи шежіресі сол кезеңнен басталады. Алдыңғы буын әке-ағаларымыз Отан алдындағы парызын өткеруге әскери комиссариат арқылы шақыру қағазын алып келді. Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Қазақстанның дербес әскері құрылды да, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні болып бекітілді. Міне, ширек ғасырдан астам уақыттан бері жылда жаңа мейрам кең көлемде тойланып келеді. Атаулы датамен орайлас келген биылғы мереке бәріміз үшін қуанышты жаңалығымен есте қалды. Атап айтқанда, жастардың патриоттық тәрбиесіне еңбегімен үлес қосқан аға буын атаулы мерейтойлық медальді иеленді.
Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебінің алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің мұғалімі Қонақбай Шпекбаев бұл марапатқа лайықты деп танылды.

Қонақбай Шпекбаев
Қонақбай Шпекбаев

Ағамыз 1962 жылы 1 шілдесінде Бестөбе ауылында дүниеге келген. 1965 жылы ата-анасы Малтабар ауылына қоныстанған. Алғашқы ұстазы Бақыт Хасенованың жетекшілігімен Әліппе таныған шәкірт 8 жылдық білімді игерген соң, білім жолын қазіргі Бөгенбай батыр атындағы мектеп, ол кезде №2 орта мектебінде жалғастырды. Aры қарай оқу