БАРША ШӘКІРТ БАҚ СЫНАДЫ, ШЫҢДАЛДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (2 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Қыркүйек айында Өлеңті орта мектебінде әйгілі палуан жерлесіміз, күрес өнерінің майталманы, спорт шебері Ибраев Рустем Нұрмұханбетұлы Ыбыраевты еске түсіруге арналған мини-футболдан аудандық жасөспірімдер турнирі өтті. Жарысты өткізудегі негізгі мақсатымыз танымал тұлғаны баршаға өнеге етуге; жасөспірімдердің спорттық шеберлігін шыңдауға; жас өрендерді дене тәрбиесі мен түрлі спортқа әуестендіруге арналды.
Аудандық деңгейдегі дүбірлі бәсекеге Ерейментау қаласының, Өлеңті, Бозтал, Новомарковка мектептерінің 2005 жылға дейінгі ер балалары қосылды. Жалпы 8 команда жүлделі орынға таласты. Сонымен қатар аудандық Тоқмағамбет хазірет мешітінің бастамасымен 16 келілік гір тасын көтеруден, кермеге тартылудан, қол күресінен бақ сынауға мүмкіндік берілді. Aры қарай оқу

ШАРШЫ АЛАҢДА – БОЛАШАҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қыркүйектің соңғы жұлдызы бұқаралық спортқа әуес жандар мен насихатшыларын айшықты әсерге бөледі. Атап айтқанда шаршы алаңда нақты жеңімпазды даралауға негізделген бәсеке ұйымдастырылды.
Енді республикалық мәртебені иеленген қазақ күресінен V республикалық турнир өз пердесін баршаға айқара ашты. Спорт ойыны Елордамыз бен Ерейментау ауданының айтулы датасына, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында жазықсыз жапа шеккен Перуаш Кәрімұлын еске түсіруге арналды. Жарысты ұйымдастырушы, негізгі демеушісі – танымал тарихи тұлғаның немересі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Тұрлыбекұлы Перуашев. Aры қарай оқу

ЖАТТЫҒУ БОЙ СЕРГІТЕДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жайма-шуақ ауа райы мен баршаның көтеріңкі көңіл-күйі қаламыздың «Жігер» стадионының желаяқтар жолағына халықтың мол жиылуына септесті.
Бұл сәтте Спорт күніне арналған шара ұйымдастырылды. Спорт маршының әуенімен балабақша, мәдени-спорт мекемесінің ұжымдары, спорт командалары мінберге қарай жақындай берді. Тәуелсіз еліміздің Әнұраны әуеледі.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов баршаға жылы лебізін арнай келе, Спорт күнімен құттықтады, деңге саулық, толымды жетістік, саламатты өмір салтына ден қоюшылар қатарының көбейе беруін тіледі. Сала ардагерлері Қайыркен Жақып, Виктор Рябуха жаңағы тілекті сабақтады.
Aры қарай оқу

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыз спорт майталмандары жағынан ұдайы көш бастап келеді. Бапкерлер мен шәкірттердің нәтижесі де толымды. «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ту еткен спортшылар қатарының көбейгеніне көңіл толады. Осылайша саламатты өмір салтына ден қойған әр жастағы жерлестеріміз ұдайы жарыс пен ойын алаңынан табылады. Түрлі белестерді бағындырған, боз кілемде жауырыны жерге тимеген палуандарымыз, жарыс жүлдегерлері – өңір мақтанышы.
БЖСМ директоры, күрестен КСРО спорт шебері Сәрсенбек Темірғалиұлы Өтепов өз мекемесін 11 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт аралығында өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі айтарлықтай. Мерекелік сұхбатымызда аталмыш салаға алғашқы әуестігі жайында ой бөлісуін өтіндік.
-Бала күнімде, өз теңдестерім тәрізді футбол, хоккей ойнадым. Әйтсе де, күреске әуестігім басым түсті. Орта мектептен кейін Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетіне түстім. Дипломмен туған жеріме оралдым, спорт мектебіне бапкер болып орналастым. 2007 жылдан бері директормын. Жұмыс бабында бұрынғы басшы, ҚР еңбегі сіңген бапкер Александр Дукартпен, самбодан ҚР еңбегі сіңген бапкер Қайыркен Жақыппен, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Виктор Рябухамен, шаңғы жарысынан еңбегі сіңген бапкер Валентина Палиймен әріптес болдым. Қазір олардың бәрі зейнеттік демалыста. Aры қарай оқу

ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Өткен аптаның жексенбісінде Еркіншілік ауылында бұрын ел естімеген жаңалыққа куәгер болдық. Орталықтағы ойын аланында жағажай волейболы алаңының тұсауы кесілді. Игі бастамаға тікелей ұйтқы болған әрі негіз қалаған – аталмыш округ әкімі Жанабай Амангелдинов.

ауылдас ойыншылар тобы
ауылдас ойыншылар тобы

Біз елді мекенге іс сапар шеккен күн – шіліңгір шілденің ми қайнатар аптап ыстығы болатын. Жаңа алаңның бір ерекшелігі – волейбол ойнайтын жерде көгал орнына кәдімгі құм төселетінінде. Aры қарай оқу

«АҚБИДАЙ-2018» СПАРТАКИАДАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Шілденің 25-28 жұлдызы аралығында облысымыздың Ақкөл ауданында президенттік көпсайыс бағдарламасы бойынша дәстүрлі «Ақбидай-2018» облыстық жазғы спартакиадасы өтті.

Дробот Павел
Дробот Павел

Жалпы үш күнге созылған жарысқа, 17 аудан мен қаладан әуесқой спортшылар мен майталман шеберлер жиналды. Облыстық жарыстың нәтижесі бойынша, Ерейментаудың ойыншылары алғашқы ондықтың құрамына кірді. Дәлірек айтқанда, турнир кестесінде 7 орынға жайғасты. Сондай-ақ, өз салмақ дәрежесі бойынша, Пырх Ольга – 2 орын, Дробот Павел – 3 орын иеленді. Аудан беделін асқақтатып, жүлделі орынға ие болған спортшыларымызды құттықтаймыз! Денсаулықтарыңыз мықты болып, әрқашан женіс тұғырынан көріне беріңіздер.
«Ерейменнің» өз ақпараты

БІРЛІК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР, БИІККЕ ӨРЛЕТЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
14 шілде күні өңірімізде дәстүрлі ХІХ «Ақ бидай» аудандық жазғы спартакиадасы өтті. Биылғы дәстүрлі дүбірлі додаға Еркіншілік, Торғай, Тайбай, Өлеңті, Күншалған, Қойтас, Олжабай батыр, Новомарковка, Бозтал, Сілеті ауылдық округтері мен Ерейментау қаласының спортшылары қатысты.
Ойыншыларымыз таңғы сағат 10-да қаладағы «Жігер» стадионына жиылды. Төрешілер, команда өкілдері мен қатысушылар сапқа тұрғызылды.
Спорттық шараның ашылу салтанатында Ерейментау ауданының әкімі Виктор Николаевич Радченко баршасына құттықтау лебізін арнады. «Жігер» стадионының жөңделетіні, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің ұсынысы негізінде келешекте аудан орталығында физкультуралық-сауықтыру кешенінің салынатыны туралы жағымды жаңалықты жария етті. Aры қарай оқу

ОБЛЫСТЫҚ «ҚҰЛАГЕР-2018» СПАРТАКИАДАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Маусымның 28-30 жұлдызы аралығында облысымыздың табиғаты жаң баласын тамсандырған Ақкөл ауданында дәстүрлі «Құлагер-2018» облыстық спартакиадасы өтті.

«Құлагер-2018»
«Құлагер-2018»

Бағдарламасына Ұлттық және халықтық спорт түрлері енгізілген байрақты бәсеке Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Жалпы екі күнге созылған жарысқа 17 аудан мен 2 қаланың бесаспап және әуесқой ойыншылар, нағыз майталман шеберлер жиналды. Спартакиада бағдарламасына: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, городки, бәйге, көкпар, теңге алу, аударыспақ, жамбы ату сынды спорт түрлері енді. Дүбірлі бәсекені Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Aры қарай оқу

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТУ ЕТКЕНДЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойын залында сала еңбеккерлерінің «Бірлік-2018» аудандық спартакиадасы өтті. Спорт бәсекесі ел мен аудан тарихының айтулы оқиғаларына: Астананың 20 жылдығына, Ерейментау ауданының 90 жылдығына арналды.

Олжабай аулының мемлекеттік қызметкерлер
Олжабай аулының мемлекеттік қызметкерлер

Командаларға жалпылама сап түзеуге нұсқау түсті. Еліміздің Әнұраны әуеледі. Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов көпшілікке жылы лебізін арнады, әріптестерді алдағы мерекемен – Мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтады. Еңбекте табыс, мәртебелі белес, Елбасы командасының абыройын асқақ ұстауды тіледі, мемлекеттік қызметкерлер саламатты өмір салтының белсенді насихатшылары, үлгілі спорт майталмандары екенін атап өтті. Aры қарай оқу

БОЙҒА ҚУАТ, ДЕРТКЕ ДАУА – ЖЕҢІСІМ!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жылда мамырдың соңында мүмкіндігі шектеулілердің дәстүрлі «Үміт» спартакиадасы өткізіледі. Мәртебелі жарысқа он үш ауылдық округ пен қаланың спортшылары қатысты. Ауа ра йы бұлыңғыр, салқын болса да, БЖСМ-нің ойын залына жиналған қауымның көтеріңкі көңіл-күйінен жылылық шуағы сезілді.

Спортшылар
Спортшылар

Дүбірлі бәсекенің беташар сәтіне қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марина Сердцева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков қатысты. Ауданның кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Торғын Әлиева демеушілердің атынан құттықтау лебізін арнады. Қаланың әкімі бүгінгі шараның мақсат-міндетін айқындайтын келесідей мазмұндағы ойымен бөлісті: «Шектеулі мүмкіндік дегеніміз – үкім емес, ол екі еселенген жұмыс, атап айтқанда қиындықты жеңе білуге, спортта жаңа жетістікке жетелейді. Баршаңыз да ілтипат-құрметке әбден лайықсыздар. Қайсарлық, қажырлылық, жігерлілік, белсенділік қасиеттеріңізбен қоғамды мойындатқандарыңызға ризашылығым шексіз». Aры қарай оқу