МӘЛІКТІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
М.Жұмабаев атындағы Көкшетау облыстық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақтың даңқты ұлдарының бірі, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Жинаққа ғалым, академиктің бұған дейін жарияланған ғылыми, этнопедагогикалық мақалалары, очерктері, сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің көпжылдық ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілген. Кітап халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің жетекшілігімен Алматының «Идан» баспасында 1000 дана таралыммен басылып шықты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған жоба батырдың шығармашылығын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух, патриоттық сезім ұялатуға негізделген. Aры қарай оқу

СӘКЕННІҢ ІЗІМЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аталған белгілі тарихи акция Ерейментаудан басталып Павлодар, Жезқазған облыстарында жалғасын тапты.
1983 жылдың жаз айында Ерейментау ауданында болған қызықты бір оқиғаның куәсі болғанымыз бар.
Қазақстанның ақын-жазушылары мен ғалымдары Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» кітабында айтылатын оқиғаларға сай ұйымдастырған тарихи экспедициясын Ерейментау ауданынан бастады. Себебі, қазақтың кемеңгер ұлы Сәкен 1916 жылғы Ереймен көтерілісін жазғанда елге қажет біраз мәнді мағлұматтар қалдырғанын оқырмандар жақсы біледі. Aры қарай оқу

БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ ІЗІМЕН…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасынан)
Елбасы осы бағдарламада айтылған ойын жүзеге асыру мақсатында былтыр «Ереймен еліндегі Бөгенбай батыр жорықтарының ізімен…» тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырған едік. Aры қарай оқу