ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУҒА АЙРЫҚША НАЗАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Щучье-Бурабай» курортты аймағында болып, жаңадан салынған бірқатар туристік нысандарды аралады. Елбасына өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучье-Бурабай курорттық аймағын, «Абылай хан» алаңын, «Ақ бура» курорттық аймағын және басқа да нысандарды дамытуға арналған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Promenade Burabay» нысанының құрылыс жоспарын көрді. Нысандармен танысқан соң Н.Назарбаев еліміздегі туризмді дамытуға жауапты басшылардың есебін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.

Суретті түсірген Ерлан Омар
Суретті түсірген Ерлан Омар

Бурабайдың көгілдір қырқа жоталарымен көктей өтіп, Оқжетпестің өзімен бой таластыратын, әлемде сирек кездесетін осы заманғы талаптарға сай трамплин алыстан көз тартады. Бұл нысан – жалғыз тау шаңғысы ғана емес, еліміздегі туризмнің дамуына айрықша серпін беретін нысан. Трамплинді шаңғы спортының республикалық базасының аумағы 125,54 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүзеге асырылды. Aры қарай оқу