ОРТАҚ МАҚСАТ ҮЙЛЕСІМІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Ақмола облысының белсенді жастары өңірімізге келді. Топтың құрамына облыстық жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары, оның аудандық филиал жетекшілері енді. Облыстық жастар ресурстық орталығы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жиналыс залында облысымыздың салалас орталықтарын дамытуға арналған үйлестіру кеңесінің IV отырысын өткізді. Жиынды «Ақмола облысы жастардың ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысы Е.М.Мүсіпов ашты. Жұмыс мәжілісінің бағдарламасына сәйкес, облыстың Сандықтау, Жақсы, Біржан сал аудандарының және Степногорск қаласының өңірлік орталық басшылары: А.В.Жәмәлиевтің, Ю.И.Шарафутдиновтың, М.К.Дәулетхановтың, А.О.Насыровтың баяндамасы тыңдалды.
«E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы осы ұйымның төрағасы Қазыбек Әлібек таныстырылым ақпарын баян етті. Е.М.Мүсіпов үйлестіру кеңесінің жұмысын қорытты, 2018 жылдың төртінші тоқсанына арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Aры қарай оқу

БАБАЛАР ӨМІРІ ӨНЕГЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (2 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
«Жақсы әкенің атағы – балаға өмірлік азық» деген сөздің төркінінде көп мағына жатыр.
Қазақ баласы жасынан ата-тек туралы көп әңгімені жадына сақтап өседі. Сондықтан, есейе келе ол өзінің арғы тегі, туған жері жайлы білуге көп көңіл қоятыны белгілі.
Қазақстанның қай аймағын алсаңыз да осы мәселеге ерекше мән беріліп жатқандығын аңғарасыз. Әсіресе, қазіргі таңда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елдік мәселелерді тереңнен қарауға мүмкіндік беріп отыр.
Жақында Астана қаласында жаңа кітап басылып шықты. Оны ереймендік азамат Жанат Түгелбаевтың қолтаңбасы деп бағалаған абзал шығар. Кітап Қанжығалы тайпасының Есен тармағынан тарайтын Құдайбердіұлы Малай батырдың ұрпақтарына қатысты сыр шертеді. Aры қарай оқу

ӘКЕСІНІҢ СЕНІМДІ ҚОЛҒАНАТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Заманауи қазақ қызы қандай болуы тиіс? Бойжеткендеріміздің сырт келбеті, мінез-құлқы, жеке басының қасиеті қандай? Бұл сауалымызға әркім өз көзқарасын білдірері заңдылық. Жуырда ауданымыздың төңірегінен Мажарстанның ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, этнограф-ғалым Иштван Бенцтің бастамасымен бабалар ізін жалғаушы Ұлы Жібек жолының бойымен салтаттылар экспедициясы өткен еді. Қонақтардың көзбен көргеннен көңілге түйген әсері мол.

Айдана
Айдана

Салтаттылар экспедициясының өкілдерін Ақсуат ауылдық округіне қарасты Целинный ауылының аумағында әкімнің міндетін атқарушы Жібек Ыдырысованың жетекшілігімен округ тұрғындары күтіп алды. Бұл бір көз тартарлық таңғажайып тамаша көрініс болды. Бұлыңғыр ауа райы да жалпы көңіл-күйді бұза қойған жоқ. Жасыл төбешікке ақшаңқан киіз үй тігілген. Бозторғай үні мен оған қосылған құстың шырылы жан-дүниеге мол қуаныш сыйлады. Aры қарай оқу

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», (Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ)
Бүгінгі таңда жастар қоғамның белсенді өкілі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Елбасымыздың басшылығымен қабылданған «Жастар туралы» Заң аясында елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты бағдарламалар жобасы қолға алынған. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жастар саясаты туралы замандастарымыз не дейді? Енді өңіріміздегі жастардың пікіріне құлақ түрейік.
Дидар Бітіков- Астана қаласы медицина колледжінің түлегі. Ерейментау аудандық орталық аурухананың орта буын маманы. Aры қарай оқу

ТУРИЗМНІҢ ДЕ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыздың Сұнқарқия аумағында өтетін республикалық туризм турнирі қарсанында балаларға қатысты осы іс жайындағы өзекті мәселемен бөліскім келеді.

Жас туристері
Жас туристері

Қаламыздың №1 орта мектебінде әрбір жазда мектеп жанындағы «Турист» спорт үйірмесі іске кіріседі. Жетекшісі – дене тәрбиесінің маманы. 5-7 снып оқушылары туризм негіздеріне қанығады: туристік саяхат кезіндегі техника қауіпсіздігі аясында теориялық білім алады; алғашқы дәрігерлік жәрдем негіздерін менгереді; компас арқылы қоныс орнын, қозғалыс бағытын айқындауды мақсат ететін сабаққа қатысады; орналасқан жерін топографиялық белгілер арқылы жоспарға енгізеді; қонатын қос орнатылымы мен жинап-құрастыру әдісі бойынша практикалық сабақ жүргізеді; бөрененің бойымен кедергіден өтуге, «маятник» жібінің көмегімен «төбешікті» еңсеруге арналған спорттық жаттығумен айналысады. Аптасына бір рет орман-тау баурайына бір күндік туристік жорыққа шығады. Aры қарай оқу

«НЕГІЗГІСІ – ОТАН ПАТРИОТЫ БОЛУ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде өткен аға буын мен жас ұрпақтың жүздесуінде осы қағида әңгіме өзегіне айналды.
Көшбасшы партия төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков «Жас Отан» жастар қанатының өкілдеріне, №8 Агротехникалық колледжінің бірінші курс студенттеріне арнаған әңгімесін Елбасының қазақстандық патриотизм туралы ой-пікірінен бастады. Ауданның ардагерлер ұйымының жетекшісі Төлеген Әбдин де осы мәселеге орай өзінің салиқалы пікірін қосты. Патриотизмнің негізі әркімнің өз отбасына, туған жеріне сүйіспеншілігінен басталатынын атап өтті. Aры қарай оқу

«ЕСТЕ ҰСТАЙМЫЗ, БІЛЕМІЗ, ЕҢСЕРЕМІЗ!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы негізінде жылда мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде СПИД дертінен дүние салғандарды Еске түсіру күні өтеді. Аталмыш шара ағзасына дерт жұқтырғандарды қолдау нышаны, жұқпа салдарынан зардап шеккендерді еске алудың, халықтың ақпараттылық деңгейін арттыруға шақырудың белгісі болып табылады. Биыл ол 20 мамырмен орайлас келіп отыр.

СПИД
«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ЖИЫНЫНАН

18 мамырда Жастардың ресурстық орталығы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жиналыс залында аудандық орталық аурухана өкілдерімен бірге «дөңгелек үстел» жүздесуін өткізді. Aры қарай оқу

Ұлттар достығы

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Өткен аптада Өлеңті орта мектебінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы» би фестивалі өтті. Аталмы шараға 1-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Сахна төрінде әдемі костюмдермен, ерекше бимен көзге түскен қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, неміс, украин, белорусь, кәріс және тағы да басқа түрлі ұлт өкілдері өнер көрсетті. Aры қарай оқу

ЖЕМІСТІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Тайбай орта мектебінің «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы 26 сәуірде Астрахан ауданында өткен жауынгер-интернационалист Н.Г.Саминның кубогы үшін әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша командалық сайыста бірінші жүлделі орынға ие болды.

Мақсаты – бүгінгі өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, отанға деген сүйіспеншілікті ояту, жастардың әскерде қызмет етуге ынтасын арттыруға, еліміздің патриоты болуға үндеу.

Aры қарай оқу

ЖАСТАР ЖӘНЕ САЯСАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
ЖАЙДАРМАН – ӘЗІЛ МЕН КҮЛКІ ОРТАСЫ

Көктем басталысымен аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сәйкес ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көңілділер мен тапқырлар клубының ойындары өтеді. Баршамызға мәлім, аталмыш сайыста Малтабар ОМ «ЭКСПОстан», Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ «БМБ», №2 орта мектеп-лицейінің «Чемпиондар», №4 ОМ «Шалақазақтар», Новомарковка ОМ «Жасstar», Торғай ОМ «Торғайstar» командалары өзара бақ сынасты.

Аталмыш ойындар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар – болашаққа жолдама» жалпыға ортақ тақырыпқа байланысты өтеді. Мақсаты – жастарды біріктіру, патриотизмге тәрбиелеу, түрлі ұжымдармен қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу.

Aры қарай оқу