ИГІ ІСІ БАРШАМЫЗҒА ӨНЕГЕ

Əрбір адам игі ісімен, күнделікті қызметімен,
əріптес-доспен қарым-қатынасымен із
қалдырып жатады.
Аудан əкімдігінде бір
айтулы оқиға өтті. Ол
еңбек жолының белгілі
қорытындысын шығарған
экономика жəне қаржы
б ө л і м і н і ң б а с ш ы с ы
Амантай Қабыкенұлы
Хасеновты əспеттеуге
арналды. Жерле сіміз
м а м ы р д ы ң а л ғ а ш қ ы
жұлдызында 64 жасқа
толды. Бүкіл бөлім ұжымы
о л к і с і н і қ ұ р м е т т і
д е ма л ы с қ а ш ы ғ а р ы п
салды. Аудан əкімі Абай
Ə л ж а н о в қ а з а қ ы
дəстүрмен жерлесіміздің
иығына шапан жапты,
т у ғ а н ж е р и г і л і г і н е
сіңірген адал еңбегі үшін
ізгі тілекпен Грамота
т а б ы с е т т і . А ма н т а й
Қабыкенұлы экономика
жəне қаржы саласында 28
жылдан астам уақыт еңбек
еткен. Бұл кезеңде талай оқиға бастан өтті. Ел
тəуелсіздігі жарияланды. Aры қарай оқу

БОЗДАҚ ЕСІМІ МƏҢГІ ЕСТЕ

Ұлы отан соғысы қалдырған естелік ешқашанда
санадан өшпеуі тиіс. Екінші жаһан соғысының
соңғы дүрсілінің өшкеніне де 74 жыл өтті.
Дегенмен батырлардың алғы шептегі ерлігі мен
қастерлі есімі мəңгі ұмытылмайды. Əрбір
жауынгердің ғұмыр тарихын толық суреттеп шығу
əсте мүмкін емес. Əйтседе біздің білетініміз:
əрқайсысы ортақ Отанды қорғауға өлшеусіз үлес
қосты. Əке-ағаларымыз еш жүрексінбей,
басқыншы жаумен айқасты, бір сүйем жер үшін
қиян-кескі ұрыс жүргізді. Халқымызға қаншама
қайғы-қасірет шектірген, алапат соғыс неғұрлым
алыстаған сайын, ақын жырлағандай, қаруластар
есімі, жарқын бейнесі ұрпақ үшін солғұрлым мəнді
де қастерлі бола түседі. Қазақстандықтың əрбір
туыс-жұрағаты майданға алынды, тыл еңбегіне
араласты. Істің мəнісі əр отбасының етжақын
туысынан айрылуымен қатар, əскерлердің
жерленген орнының, жауынгерлік жолының,
марапатының ұзақ уақыт бойы жұмбаққа
айналғанында. Қаза тапқан қаһармандар есімін,
жорығын жаңғыртуды көздеген, осы мақсатта күн
сайын сауапты іс атқарып жүрген ізденіс тобына
ілтипатымыз шексіз.
Міне соғыс жылдары түскен фотосурет
отбасылық альбомымызда көздің қарашығындай
ұқыпты сақталып келеді. Ол – Қызыл армияның
офицері Тілеубергенов Смағұл Базарженұлы,
анам Қазина Жансейітқызы Сетаеваның туған
ағасы. Офицердің өткен əскери өмірі мен ерлігі
жайындағы мəліметтер тек соңғы кезеңнен бері
ғана белгілі, қолжетімді бола бастады.
Смағұл Тілеубергенов 1914 жылдың 10
қыркүйегінде туған. Сол уақытта, орта білім
ретінде бағаланатын, жетіжылдықты тəмамдаған.
1939 жылы ВКП (б) қатарына кірген. Үлкен ағасы
Сейіт Еркіншілік ауаткомында қызмет атқарған.
Бауыры Жансейіт «Жаңатұрмыс» колхозын
басқарған, онда Сейіт те
еңбек еткен. Тағы бір
бауыры Болат соғыс
жылдарында хабарсыз
ж о ғ а л ғ а н . Aры қарай оқу

НАЗАРДА – МАЛ ӨНІМІ, ЖАЙЫЛЫМ РЕТІ

«Көктемнің бір күні – жылға азық» деген қағида баршаның жадында. Аудан диқандары ендігі кезекте ылғал жабуға, тұқым даярланымына ден қоюда.
Тілшіміз осы аптада «Байтемир и К» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Садырұлы Бәйтеміровпен жүздесті. Ол – Ақсуат ауылдық округінің аумағында талай жылдан бері өз кәсібін атқарып жүрген өңірдегі әлеуетті құрылымның бірі. Жерлесіміз негізінен аудан экономикасының өзара тығыз байланыстағы егіншілік пен мал шаруашылығын кәсіп етеді.
Фермердің иелігіндегі жер алаңы аса ауқымды емес – 2400 гектар. Егістік 10 жылға жуық уақыттан бері мүлде тынықпаған, яғни үзіліссіз пайдаланылып келеді. Биыл да 1500 гектарға бидай сеппек ниетте. Бұл мақсатқа бірінші репродукциялы «Астана» сұрыпты тұқым даярланған.
Жер өңделімінің агротехникалық ережесі мұқият ескеріледі. Соңғы үш жылдың жұмыс нәтижесі көз алдымызда. Өнімділік деңгейі де қалыпты. Былтыр әр гектардан 12 центнерден түсім жиылды. 500 гектарға арпа, 200 гектарға зығыр егіледі. Сұлы мен судан шөбінің әрқайсысына 100 гектардан жер бөлінеді. Бізге белгілісі, мақсатты іске, тек үш механизатор, бір дәнекерлеуші иелік ететін, жұмыс технологиясы әлеуетті заманауи ауыл шаруашылығы техникасы қолданылады. Егіншілер бүгінгі күні, аудандағы бүкіл әріптестері тәрізді, ауа райының қолайлы сәтін, топырақтың қызғанын күтіп отыр. Қожалықтың иелігінде 100 бас ірі қара, еділбай тұқымды қой, 40 жылқы бағылатын 3000 гектар жайылым да баршылық. Қажетті ветеринарлық шаралардың бәрі тиянақталған. Өйткені осы саланың маманы ретінде кінәрат малдың жалпы адамзатқа тигізер залал-зардабын анық біледі. Тұқымсыз ірі қара Ангус тұқымды бұқа арқылы тұқымдық жаңартылымнан өтті. Енді қолда ет-сүт бағытындағы мал күтілетін болды. Дайын ет негізінен Елорданың базарына шығарылады. «Ерейментау Өнімдері» АӨК-нен жалға алынған қабылдау орнына күн сайын 200 литр сүт тапсырылады. Н.Чигоряну, В.Лютых, Р.Рашидов бұл кеңсеге өз ауласынан күн сайын литрі 80 теңгеден сапалы сүт өткізіп тұрады. Қоса айтарымыз: шаруашылығымызда сауын аппараты қолданысқа енген. Екі сауыншы қондырғының жұмыс бабын, технология тәртібін назарда ұстайды. Сауылған сүттің бір бөлігі бұзауға қалдырылады. Келесі аптадан бастап ауылдастардан жаппай сүт сатып алмақ ниетте. Округтің мал иелері, шаруа қожалықтары сүт өндірісінен табыс табуға ықылас қоятынына үміттіміз.
Бүгінгі таңдағы түйінді проблема – жайылымның жоқтығында. Өйткені мал басы көбейіп келеді. Округ аумағында айтарлықтай шамада мал күтілетін «Айзет фармс» ЖШС-нің мал семіртетін ауқымды алаңы да іске қосылған. Елорданың азық-түлік белдеуі қамтамасыз етілуі үшін мәселе түйіні шешілуі шарт. Ал біз келешекте жаңа сауылған сүт пен сапалы етті ұқсатуға, өткізуге ден қоятын боламыз.
Раушан БАРЖАҚСЫ.

«ҚАРАГӨЗ» БАЛЕТІ САХНАДА

Еңбек және тыл ардагерлерінің қалалық кеңесінің бастамасымен шағын топ Елордаға сапарға шықтық. Бұл жолы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» шығармасының желісімен түсірілген балетті тамашаладық.
Дарынды сазгер Ғазиза Жұбанованың музыкасымен әрленген қойылым «Астана-Операның» сахнасына шығарылды. Екі сағаттық көрініске қатысатын әртістерге ұлттық нақышта арнайы жалпы елуден астам киім тігіліпті. Театр репертуарының қарқынды кеңейіп бара жатқанын айтуымыз орынды. Маусым басталғалы көрерменнің назарына бірнеше опера, балет премьерасы ұсынылыпты, нәтижесі де толымды.
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» пьесасы бүкілдүниежүзілік мәдениеттің алтын қорына енеді. Бұл шығарма табиғи сезімге қарсылықтың мәнсіздігін айшықтайды. Ғашықтардың көзі жойылуының себебі олар, барлығы секілді, өздерінің махаббат пен таңдау бостандығын қорғай алмады. Театрдың жетекші солистері: Әнел Рүстемова (Қарагөз), Арман Оразов (Сырым), ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер Таир Гатауов (Нарша), Гаухар Усина (Маржан) балетте бас партияны сомдады.
Біз көрініс туралы кейбір мәліметтерді балеттің қойылым бағдарламасынан алдық. Шығарманы 1987 жылы Ғазиза Жұбаңова жазған. Музыкалық редакциясын бас дирижер, ҚР еңбегі сіңген қызметкер Абзал Мухитдинов пен балетті қоюшы Вакиль Усманов пысықтаған. Абзал Мухитдинов өз сөзінің бірінде балеттің жалпы тұжырымдамасын былай деп түсіндірді: «Балеттің бұл редакциясы музыкалық дереккөзден -Ғ.Жұбанованың «Қарагөз» балетінен кеңірек. Бұдан бөлек, әдеби дереккөзге жақынырақ. Музыкалық және хореографиялық образдың санқырлылығын көрсету, ашу үшін бізге Жұбанованың бүкіл шығармашылығына жүгінуге тура келді. Сонымен, біз бұл редакциядағы балетке музыкаға қоса «Сарыөзек метафорасы» үшінші симфониясын, Скрипкалы концертті, Шекті квартеттің екі тарауын, «Арал аңызының» ораториясынан «Ана әнін» қолданамыз. Ғ.Жұбанованың музыкасы өте қарапайым емес. ол тыңдарманнан мықты зейінді, қайтарымды талап етеді».
Біз музыка мен би қозғалысы арқылы қойылымның бас кейіпкерлері Қарагөз бен Сырымның, Қарагөз бен Наршаның сезімін тұтастай түйсіндік. Балеттің негізгі сюжетіне келсек, Қарагөз, ауқатты Өсер руының танымал бәйбішесі Маржанның сүйікті немересі, әлеуетті тек – Досан руынан мәртебелі Наршаға әйел болуға даярланған. Жас сұлуға оянған махаббат жетегі жанжалқұмар әрі ақын Сырымға – Қарагөздің қайғы жақындастырған, екеуі де анадан ерте айырылған бала кездегі досына сезім күшін қолдануға мәжбүрлейді. Aры қарай оқу

ЕТ ДАЯРЛАНЫМ НЕГІЗІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Үкіметтің жуырдағы мәжілісінде елдің 2019 жылдың бірінші тоқсаны ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қаралды. Межелі істің басым бағыттарына қоса республикалық бюджеттің атқарылым реті белгіленді. Шикізаттық емес экспортты өрістету, Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру реті әңгімеге негіз болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров осы жиында сөйлеген сөзінде өз саласындағы міндеттердің жүзеге асырылымы туралы ақпарымен бөлісті.
Сонымен, мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасында өңделген ауыл шаруашылығы өнім экспортын 2021 жылға дейін 2,4 миллиард долларға дейін жеткізетін жоспар баршылық. Былтыр жалпы 3,5 миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, экспорт географиясы кеңейтілді, әлемнің 48 еліне тарады.
Айта кететін жайт, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін республикамыздың өнім дайындаушылары қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінгі әңгімеміз Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында орналасқан ірі ауыл шаруашылығы жайында өрбімек. «Жаңа береке» ЖШС-нің бас директоры Айдар Сағадиұлы Нығметовпен жүздестік. Тілші сауалына берген жауабында жерлесіміз шаруашылықтың негізгі кәсібі, алдағы басым бағыты, Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге әлеуетті клиент тартылымы, облыс пен республика нарығына ұсынылатын өнім сапасының жақсартылымы, әрі қарай әлемдік нарыққа шығу ыңғайы аясында әңгіме өрбітті. Aры қарай оқу

БІЗ СІЗДЕРГЕ БАҚ ТІЛЕДІК МӘҢГІЛІК

Қадірлі де сүйікті әке-шешеміз, ата-әжеміз Құсайын мен Қымбат Әбіловтердің отау құрғаны күні кеше сияқты еді, міне арада 50 жыл өткенін аңғармай да қалыппыз. Осы уақыт аралығында отбасынан бөлек, тұтас қоғамда, мемлекет өмірінде көп нәрсе өзгерді.
20 сәуірде ата-анамыздың отбасылық өміріндегі елеулі күнді атап өттік, алтын тойын қызықтадық. Ол кісілер бүкіл саналы ғұмырын Тайбай ауылында өткерді. Мінез-құлқы да, сырт келбеті де әркелкі, қарапайым отбасында өсіп-жетілген, еңбексүйгіштікті, жауапкершілікті, жинақылықты отбасылық құндылыққа айналдырған, өз ісіне жауап бере білетін сегіз перзент ата-анасы жайында әңгімелейді. Әке мен шеше өз жұмысына, айналадағы жандарға, көршілерге адалдық ниетімен балаларына өнеге көрсетті. Бұрынғы кеңшар осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын Әбіловтердің ордалы отбасына үй салып берген. Балалар, ешкім дәмді етіп даярлай алмайтындай көрінетін, анасының ыстық бауырсағын, таба нанын, кілегейін ұдайы ықыласпен еске түсіреді. Aры қарай оқу

АЙГҮЛДІҢ МӘРТЕБЕЛІ ЖЕҢІСІ

Ұстаздардың біліктілігі, ізденісінің жемісі, әдетте, ашық сабақта, семинарда, конференцияда жарқырай көрініп жатады. Жуырда тағы бір сүйінші хабар естідік.
Қаламыздың №1 орта мектебінде «Үздік педагог» дәстүрлі аудандық байқауы өтті. Шаршы алаңда бағы мен бабын сынауға жалпы он мектептің маманы ниет білдірген. Олар – білімнің іргетасын қалайтын, оқушысын оң-солы таныған, жазу-сызуға бейімді қалыпта орта буынға табыс ететін бастауыш сыныптың апайлары. Үйдің сапасы мен мықтылығы да осы іргетасқа тікелей тәуелді болатыны – өмір заңдылығы. Аталмыш сынақ барысында үш кезеңде де біркелкі зерделілік пен мол тәжірибесін байқатқан Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 2 сынып оқытушысы Айгүл Мұсабекова жеңіс мәресіне көтерілді. Ұйымдастыру алқасының – аудандық білім бөлімінің грамотасын иеленді.
Жарыс шарты бойынша 20 минөтке есептелген сабағында тиісті мақсатына толық қол жеткізді. Таныстыру кезеңіне дайындығы да көптің көңілінен шықты. Игі жетістіктер көрсетілімі конкурс талабымен толық үйлесім тапты.
Алдында айтқанымыздай, ата-әженің көз қуанышы – жас өрендерді жалпы 26 жыл оқытып келе жатқан, түлектердің талай кезегін шығарып салған мұғалиманың тәжірибесінің де мол, алғы шепке шығуға әбден лайық екені анық. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін бастауыш буынды оқыту әдістемесі мамандығы бойынща бітірген Айгүл заман жаңалығына да ілесуді негізге алған. Aры қарай оқу

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, БАРША АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді айтулы да мәнді мереке – 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын ниетпен құттықтаймыз!
Ереймен аумағында ежелден татулығы мен ынтымағы жарасқан, дәм-тұзы араласқан түрлі ұлт өкілдері ата-баба дәстүрі негізінде қоян-қолтық араласа, тәуелсіз Отан игілігіне бірлесе еңбек етіп келеді.
Біздің отандастарымыз өндірісте де, ауыл шаруашылығында да, кәсіпкерлік жүйеде де, кәсіптік салада да, ұрпақ сабақтастығы негізінде қызмет жолын жалғастырғаны, игі жетістігі – егемендігіміздің жемісі. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бері ортақ үйдің тыныштығы мен татулығын көздеген, халықтар достығын ту еткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Елбасының бастамасымен құрылған, жүзден астам отандасымызды бір шаңыраққа жұмылдырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған игі ісі барша қазақстандықтардың көз алдында.
Жылдағы дәстүріміз бойынша түрлі ұлт мәдениетінің бір арнаға тоғысатыны, мәртебелі байқау-конкурста да баршасының ортақ мақсатты көздейтіні, бір отбасының баласындай, бір қолдың саласындай, тапсырма жүгін жұмыла көтеретіні көңілге қуаныш ұялатады.
Осы бір айтулы күні сіздерге баянды бақ, бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға шаттық, ұрпақтарыңызға амандық, мәнді ғұмыр, денге саулық, игі жақсылық тілегіміз келеді.

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, БАРША ЕРЕЙМЕН ТҰРҒЫНДАРЫ!

РАУШАН НҰРҒАЗИНОВА,
газет редакторы

ӨНЕРІМЕН АСҚАҚТАТТЫ БЕДЕЛІН

Өнер айдынында бағы жанған, мерейі еселенген жерлестеріміз биылғы дәстүрлі «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында да қайталанбас бірегей дарынымен көпшіліктің көңілінен шықты.
Белгілі айтыс ақыны Ерлан Дәулет қаламызға кіреберістегі үш жүздің ынтымақ-бірлігін айшықтайын «Үш найза» ескерткіш белгісінің алдында барша қауым жылы қарсы алған, бүгінгі шарамызға қазылық жүргізетін облыстық меймандарға арнауын өлеңмен жеткізді. Ақ жаулықты әжелердің шашуы шашылды.
Дәл осы сәтте Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында қазақ ұлтының тарихын айшықтайтын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының желісімен көрініс даярланып жатты. Ауылдық округтердің өнер иелері, мәдениет қызметкерлері, Айхан Бекетай, Дамир Жақсылықов бірлесе үн қосты.
Мәдениет ошағының фойесінде аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің еңбегімен безендірілген көрмесі барлығын тамсандырды. Aры қарай оқу

ЗАМАНА ЛЕБІН ЕРТЕ БОЛЖАҒАН

Жаңартылған білім берудегі Жүсіпбек Аймауытов қалыптастырған оқытудың дұрыс жүйесі
Мақаламда тәлім-тәрбие саласында өзіндік бағыт-бағдар қалыптастырып кеткен ұстаз, көрнекті қайраткер Жүсіпбек Аймауытов қарастырған оқытудың дұрыс жүйесінің жаңартылған білім беруде көрініс тауып, қолданылып келе жатқандығы салыстырмалы түрде сипатталатын болады.
Ұзақ жылдар бойы “ұлтшылдық” әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартқан, құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбегімен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторлығымен дараланған ірі тұлға.
Ж.Аймауытов бұрынғы Семей губерниясының, Кереку (қазіргі Павлодар) уезінің Қызылтау болысында, кедей шаруасының отбасында дүниеге келген. Ол Павлодарда орыс-қазақ мектебін, әрмен қарай Семей мұғалімдер семинариясын (1918 жылы) бітірген. 1917-19 жылдары алашорда ұйымына кірді. 1911-14 жылдар арасында Баянауылда бала оқытқан, кейінгі жылдары әртүрлі қызмет атқарған. 1920 жылы РК (б) П қатарына өтті. Қазақстан Советтерінің съезіне делегат болып сайланады. КАССР халық ағарту комиссариатының алқа мүшесі, “Қазақ тілі”, “Ақ жол” газеттерінің қызметкері, мектеп мұғалімі, 1926-29 жылдары Шымкент педтехникумының директоры болып қызмет істеген. Маман-педагог өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық “Абай” журналында жариялаған бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: “…қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді”, – деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алды. Aры қарай оқу