ЖҮСІП КІМНІҢ АТАСЫ ЕКЕН?

Облыстық «Арқа ажары» газетінің кезекті бір нөмірінде «Ерейментауда Мұғалжар жылқысы өсіріле басталды» тақырыбымен жарияланған мақаланы оқып едім. Бүгінге дейін бос қалған жерді игерген, Отанымыздың игілігіне үлес қосқан кейіпкер ініміз Темірбекке ризашылығымды білдірдім. Ерейменнің жер жәннатының бірі – «Қоянды-Қойтас» аталмай, тек туырлықтай аумағы бар Кірмаңдай (дұрысы- Кермаңдай) ауылының аталуына көңілім толмай, бұрын аудандық газетте басылған «Атақонысқа саяхат» атты мақаламды, жер атауына қарай ықшамдап, «Қоянды-Қойтас» айдармен жіберіп отырмын. Бұл жер туралы бұрын-соңды таспаға түскен дүние кездестіре алмадым. Aры қарай оқу

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР – КӨНЕНІҢ КӨЗІ

Музей бүгінгі күні – тек ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту мекемесі ғана емес, ол – ұлттың ұлт екенін айғақтайтын ерекше мәнді киелі мекен, ерекше рухани орда, құнды жәдігерлер әлемі. Музей жәдігерлерінің сақталуы уақытпен шектелмейді. Музей қызметкерлерінің міндеті – өткен тарихтың заттық ескерткіштерін келешек ұрпаққа шашауын шығармай, қылауын қисайтпай жеткізу.

Aры қарай оқу

КЕЛЕШЕКТІҢ НЕГІЗІ БҮГІННЕН ҚАЛАНАДЫ

Республикамыздың жастары – 14-29 жас аралығындағы тұрғындар. Ауданымызда олардың жалпы саны -4831 адам, бұл бүкіл халықтың 17 пайызы. 1838-і қалада, 2993-і ауылда қоныстанған.

Жастар халық пен тұтас елдің болашағы үшін толыққанды жауапты екенін сезінуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыз-жігіттерге келелі міндет жүктеп отыр. Жастардың ресурстық орталығы да тікелей оның бастамасымен құрылған.

2013 жылдың 18 қарашасында ішкі саясат бөлімінің жанынан «Ерейментау ауданының жастардың ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі ашылды. Негізгі кәсіп мақсаты жастарды қолдауды, жастар ұйымын дамытуға лайықты қызмет көрсетуді көздейді.

Aры қарай оқу

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНАН

Аудан әкімдігінің жиналыс залында депутат Қанат Масұғұттың төрағалығымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың, аудандық мәслихат депутаттарының, бөлім, кәсіпорын, мекеме, үкіметтік емес ұйым, баспасөз басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың ХХІІІ кезектен тыс сессия отырысы өтті. Aры қарай оқу

ТАҢДАУ ЕРКІ ӨЗІҢІЗДЕ, ТҰТЫНУШЫ!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Редакциямыз апта сайын, әлеуметтік мәнді тауарлардың, азық-түлік тағамдарының баға мониторингін алып отырады. Оны бізге кәсіпкерлік бөлімі ұсынады. Қазіргі таңда 7 ірі сауда орталығы: «Аю», «Норма», «Думан», «Асылсат», «Модуль», «Сласть», «Рахат» дүкені зерттеуге ілікті.

Біз екі апта ішіндегі бағаны талдадық. Олар: ағымдағы жылдың 27 наурызы және 9 сәуірі. Aры қарай оқу

ТУҒАН ЖЕР ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМ…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қабылданғанына жуырда бір жыл толған Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс қолға алына бастады. Ақмола облыстық білім басқармасы осындай игі шараның бірін ұйымдастыруға ұсыныс енгізді.

Жас жеткіншектерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа бейімдеуді, өзінің шағын Отанын мақтан тұту дағдысын қалыптастыруды көздеген аталмыш басқарма, Балалар мен жасөспірімдер туризмі өлкетанушылар мен экологтардың облыстық орталығымен бірге «Менің шағын Отаным» облыстық байқауын ұйымдастырды. Шығармашылық өнер бәсекесінде облыстың әр ауданынан бірнеше мектеп білімі мен бағын сынады. Ерейментау ауданының атынан Перуаш Кәрімұлы атындағы орта Малтабар орта мектебінің оқушылары қатысты.

Aры қарай оқу

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Наурыздың соңында «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының мерейтойлық съезі өтті. Оған Ақмола облысы делегаттарының құрамында «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мадияр Смағұлов, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ерейментау ауданы бойынша санитарлық дәрігері Иззат Сетаев қатысты.

Aры қарай оқу

ШАШТАРАЗ, ҚАЖЫРЛЫ ӘЙЕЛ – АЙГҮЛ АПАЙ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Орта бойлы қараторы келіншектің жүзінен мейірім лебін, елгезектік пейілін аңғарғандай боласыз. Кішіпейілділік пен ақжарқын қалпынан жаңылмаған, замана лебі өз салқынын тигізсе де, бастапқы сүйікті кәсібіне адалдықтан айнымаған кейіпкеріміз – шаштараз Айгүл Әменқызы Валиева. Aры қарай оқу

ОРДЕНДІ ЕҢБЕККЕРДІҢ АЙТАРЫ КӨП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыздың биылғы айтулы датасына орай өткен уақыт кезеңіне, әсіресе түрлі салада еңбек еткен жандардың мәлімет дерегіне назар аударатынымыз рас. Негізінен ақпарат қорымызды байытуға, тың мәліметтермен жаңғыртуға, бүгінде ақыл тоқтатқан, салиқалы сөзімен, байыпты кеңесімен баршаны аузына қарататын алдыңғы буын ағалардың естелігі тікелей септесіп жатады. Бүгінгі кейіпкер жерлесіміз, жалпы 47 жыл еңбек еткен аға Рамазан Олжатайұлы Тілеубаевтың да жастармен бөлісер естелігі, келер ұрпаққа айтары аз емес. Aры қарай оқу